Семей қаласының әкімдігі
3.08K subscribers
9.91K photos
2.7K videos
9 files
694 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

«Водный» кенті тұрғындарының көтерген тағы бір мәселесі өз шешімін тапты. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, нақты шаралар қабылданды.

Кент тұрғындары жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға шығару туралы өтініш білдірген болатын. Аталған мәселе бойынша жедел әрекет етіліп, бүгінгі күні қоқыс толығымен арнайы техникамен шығарылып, тиісті орынға жеткізілді.

Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

«Водный» кентінің тұрғындары көтерген мәселе шешімін таба бастады. Күні кеше ғана Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аталған елді мекенге арнайы барып, жергілікті халықтың көкейіндегі мәселелермен танысқан болатын.

Кездесу барысында тұрғындар өздері тұратын көшелердің жағдайын айтып, тегістеу және қиыршық тас төгуін сұрады. Аталған өтінішке орай жедел шаралар қабылданып, бүгіннен бастап көшені тегістеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас төселіп, инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қала әкімдігі тарапынан тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

Семей қаласында сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталып, қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев сәулеттік жарықтандырылған нысандарды аралады.

Алғашқы жарықтандыру Қабанбай батыр 20, Шмидт 9/1, 9/2, Ұранхаев 1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қосылды. Сонымен қатар жұмыстар Шәкәрім, Абай, Би Боранбай, Бозтаев, Әуезов көшелерінде жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін мердігерлермен келіссөз жүргізіліп, жарықтандырылатын ғимараттардың тізімі бекітілген еді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM