Семей қаласының әкімдігі
2.98K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
890 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📚Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде балалардың құқығын қорғау бағытында ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылуда. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігі балалардан тұратынын ескерсек, олардың қауіпсіздігі, жайлы ортада білім алу мүмкіндігі және тегін тамақпен қамтылуы маңызды әрі өзекті мәселе. Себебі, әрбір бала – еліміздің болашағы, ертеңгі ұрпақ.

Семей қаласында 39 872 орындық 52 мектеп жұмыс істейді. Мектептерде даярлық сыныбынан бастап 11-сыныпқа дейін 51 951 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 67 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 11 698 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 15 мемлекеттік және 52 жеке меншік балабақша бар. Бұл көрсеткіш балаларға білім мен тәрбие беру саласында үлкен жұмыстың атқарылып жатқанын көрсетеді.

«Балаларды мектепке дейінгі сапалы оқытумен қамту көрсеткіші 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 81%-ды, ал 3 жастан 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды. Жақында тағы 461 орын ашылып, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл, әрине, балаларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру үшін жасалып жатқан үлкен қадамдардың бірі», - деді Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.

Семей қаласында балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер қызмет атқаруда, ал 2024 жылы қорғаншылық органдарында мамандардың саны 4-ке жетті. Семей қаласында 270-тен астам бала тәлімгерлермен қамтылып, көмек алуда.

«Қаламыздағы білім беру ұйымдарында орын тапшылығын шешу мақсатында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1800 орынға арналған екі жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Абай облысы әкімдігі мен «KAZ-Minerals Demeu» корпоративтік қорының қолдауымен қаланың сол жағалауындағы «Заря» ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, 2024 жылы пайдалануға берілді. Сонымен қатар қаланың орталық және Жаңасемей бөлігінде орын тапшылығын азайту мақсатында қосымша екі ғимараттың құрылысы басталды. Әр қайсысы 500 орындық ғимарат 2025 жылдың шілде айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда», - деді Нұржан Есенжолов.

Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Қала мектептерінде барлығы 3881 бейнебақылау камерасы орнатылып, 100%-ға жетті.

Семейде оқушылардың тегін тамақпен қамтамасыз етілуі мәселесі де шешімін тапты. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 23 291 балаға тегін тамақ беріледі. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, «Жалпыға міндетті білім беру» қорының есебінен тағы 467 млн теңге бөлініп, 8210 оқушы мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді.

«Бүгінде балалардың қосымша білім алуына, сапалы демалыс және сауықтыру ұйымдарымен қамтылуына барлық жағдай жасалуда. Қазірде 36 974 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып жатыр. 2024 жылдың жазында 1205 бала 3 сауықтыру лагерьлерінде демалды», - деді аппарат басшысы.

Мемлекет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың жалпы әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар қабылдады. Бұл жоспар балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне бағытталған шаралар жиынтығын қамтиды. Барлық білім беру мекемелерінде буллингпен күрес жүргізу мақсатында «Kiva» және «ДОСБОЛLIKE» бағдарламалары енгізілді. Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық орнатуға және позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдануда.

❗️Қазақстан болашақ ұрпағының жан-жақты дамуына және олардың жарқын болашағы үшін барлық қажетті жұмыстарды жалғастырады. Біздің басты мақсатымыз – балалардың бақытты, қауіпсіз және толыққанды өмір сүруіне қол жеткізу.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📚Обеспечение благополучия детей – приоритет государства

По поручению Главы государства в нашей стране реализуются масштабные законодательные и стратегические меры по защите прав детей. Если учесть, что треть населения составляют дети, то обеспечение их безопасности, образования и условий для жизни является крайне важным.

В городе Семей функционируют 52 школы на 39 872 места, в которых учатся 51 951 школьник с 0 по 11 классы. Также в 67 дошкольных образовательных учреждениях обучаются 11 698 детей. Из них 15 – государственные детские сады с 3656 детьми и 52 частных, обслуживающих 8042 детей.

«По охвату качественным дошкольным воспитанием мы достигли 81% среди детей от 2 до 6 лет и 100% среди детей от 3 до 6 лет. Недавно открыто ещё 461 место для детей, что существенно улучшает доступность образования», - сказал руководитель аппарата акима города Семей Нуржан Есенжолов.

В Семее работают уполномоченные по правам ребёнка, а в органах опеки теперь 4 специалиста. На сегодняшний день более 271 детей получают необходимую поддержку.

«Активно решаем проблему дефицита ученических мест. В рамках национального проекта «Комфортная школа» завершается строительство двух школ на 1800 мест. В рамках меморандума, заключенного акиматом области Абай и Корпоративным фондом «KAZ-Minerals Demeu», в левобережной части города завершено строительство школы на 1200 мест и введена в эксплуатацию с 4 ноября. Чтобы уменьшить дефицит мест в центральной и Жанасемейской части города, в 2024 году начали строительство двух пристроек по 500 мест. Завершение строительства ожидается в июле 2025 года», - сказал Нуржан Есенжолов.

Особое внимание уделяется безопасности детей в образовательных учреждениях. В школах города установлено 3881 камера видеонаблюдения, что обеспечивает полную безопасность.

В 2024-2025 учебном году 23 291 школьник из государственных школ города Семей получит бесплатное питание. На эти цели выделено 1,5 миллиарда тенге. Дополнительно фонд «Всеобуч» выделил 467 миллионов тенге на школьные принадлежности для 8210 учеников.

«Создаются условия для развития дополнительного образования и организации отдыха для детей. Сегодня 36 974 ребёнка посещают кружки и секции по разным направлениям. В летний период 2024 года более 1205 детей прошли оздоровительный отдых в 3 лагерях», - сказал руководитель аппарата акима города.

Безопасность детей – это не только технические меры, такие как видеонаблюдение, но и создание комфортной психологической атмосферы. В связи с этим, государством утверждён Комплексный план по защите детей от насилия, предотвращению суицида и обеспечению их прав и благополучия. В образовательных учреждениях внедрены программы по борьбе с буллингом, такие как «Kiva» и «ДОСБОЛLIKE», которые формируют атмосферу доброжелательности и взаимного уважения в школьных коллективах. С сентября 2024 года в школах начнутся уроки по личной безопасности, учитывающие возрастные особенности детей.

Программа «Біртұтас тәрбие», направленная на улучшение взаимодействия между школой и семьёй, продолжает развиваться, укрепляя связь между домом и школой, а также развивая культуру позитивного родительства.

❗️Забота о детях – это забота о будущем. Заботясь о детях, мы создаём крепкое и безопасное общество. Казахстан продолжает укреплять правовую базу, усиливать социальную поддержку и повышать уровень безопасности детей, формируя прочный фундамент для их всестороннего развития и благополучного будущего.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
❄️Әкім қар тазалау жұмыстарының барысын тексерді

Семей қаласында коммуналдық қызметтер күні-түні жұмыс жасап, көшелерді, тротуарларды және аялдамаларды тазалауда. Басты мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.

Қала әкімі Талғат Мұратов Комсомол, Водный кенттері мен қала көшелерін аралап, қар тазалау және шығару жұмыстарын бақылап қайтты. Қаланы тазалауға қар тазалайтын көліктер, тракторлар, басқа да арнайы техникалар жұмылдырылған.

🚜Қар тазалау және шығару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
❄️Әкім қар тазалау жұмыстарының барысын тексерді Семей қаласында коммуналдық қызметтер күні-түні жұмыс жасап, көшелерді, тротуарларды және аялдамаларды тазалауда. Басты мақсат – қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Қала әкімі Талғат…
❄️Аким проинспектировал ход снегоуборочных работ

В городе Семей коммунальные службы работают в круглосуточном режиме, очищая улицы, тротуары и остановки общественного транспорта. Все усилия направлены на обеспечение безопасности и удобства для горожан.

Аким города Талгат Муратов объехал улицы, а также поселки Комсомольский и Водный, чтобы оценить масштабы снегоуборочных работ и их оперативность. На уборке города задействованы снегоуборочные машины, тракторы, а также другие спецтехники.

🚜Работы по уборке снега продолжаются в круглосуточном режиме.
📢Хабарландыру!

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы маңындағы «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі құдық қақпағы жабылып, орнына қойылды. Қазір жол көлік қозғалысы үшін толықтай қауіпсіз.
———
📢Объявление!

Сообщаем, что люк колодца возле БСМП, принадлежащий АО «Казахтелеком», был оперативно закрыт. В настоящее время проезжая часть полностью безопасна для движения.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔺Қала әкімі Орталық саябақта болды

Қала әкімі Талғат Мұратов жұмыс сапары аясында Орталық саябақта болып, оның қала тұрғындарының демалуы, жалпы экологиялық мәдениет үшін маңыздылығын атап өтті.

Талғат Мұратов саябақ қала орталығындағы жасыл желекті аймақ қана емес, адамдардың басын қосатын, демалуға, отбасымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін орын екенін айтып, одан әрі абаттандыру жөнінде талқылады.

Саябақ аумағын автокөлік тұрағына айналдырмай, қоғамдық орын ретінде дамытуды жалғастыру қажет. Сонымен қатар барлық қала тұрғындары үшін қолжетімді және ыңғайлы болуы маңызды.

❗️Бұған дейін қала әкімі саябақтар мен қоғамдық орындардың қала тұрғындары үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, баршаны қоғамдық ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырған болатын. Мұндай аумақтар тек демалыс орнына ғана емес, барлық жастағы қала тұрғындары үшін маңызды мәдени және экологиялық орталыққа айналуы тиіс.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🔺Қала әкімі Орталық саябақта болды Қала әкімі Талғат Мұратов жұмыс сапары аясында Орталық саябақта болып, оның қала тұрғындарының демалуы, жалпы экологиялық мәдениет үшін маңыздылығын атап өтті. Талғат Мұратов саябақ қала орталығындағы жасыл желекті аймақ…
🔺Аким города посетил Центральный парк

Аким города Талгат Муратов в рамках рабочего объезда посетил Центральный парк, где отметил важность этого места как для отдыха горожан, так и для общего культурного и экологического состояния города.

Талгат Муратов обозначил, что это не просто зеленая зона в центре города, это место, которое должно объединять людей, дать возможность отдохнуть, провести время с семьей, и предложил идеи для его дальнейшего улучшения.

Необходимо ограничить парковку автомобилей на территории парка и продолжить развивать данную территорию. Важно, чтобы парк оставался доступным и удобным для всех горожан.

❗️Ранее аким города отмечал, что парки и общественные пространства играют важную роль для жителей города, и призывал всех быть более внимательными и ответственными. Такие территории должны стать не только центром отдыха, но и важным культурным и экологическим центром для горожан всех возрастов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM