Семей қаласының әкімдігі
2.98K subscribers
10.6K photos
2.8K videos
9 files
894 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔸Бөлім басшылары мен мамандарына арналған семинар өтті

Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжоловтың төрағалығымен 2024 жылы қаралған даулар бойынша талап қою жұмысы және сот практикасының жай-күйі жайында семинар-кеңес өтті. Семинарға заңгерлер, бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

Басты мақсат – тиісті сот ісін жүргізуге әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау, дербес бөлімдердің басшылары мен мамандарын жалпыға бірдей құқықтық оқыту.

Семинар барысында бірқатар заң бұзушылықтар айтылып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Сонымен қатар, қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің өкілдері сауалдарға жауп берді.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🔸Бөлім басшылары мен мамандарына арналған семинар өтті Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжоловтың төрағалығымен 2024 жылы қаралған даулар бойынша талап қою жұмысы және сот практикасының жай-күйі жайында семинар-кеңес өтті. Семинарға заңгерлер…
🔸Прошел семинар по исковым делам

В акимате города Семей состоялось семинар-совещание по вопросам исковой работы и судебной практике по делам, рассмотренным в 2024 году. Совещание прошло под председательством руководителя аппарата акима города Семей Нуржана Есенжолова, где приняли участие руководители, юристы и специалисты самостоятельных отделов акимата города.

Основная цель семинара – выявление причин и обстоятельств, повлекших судебные разбирательства, правовое обучение и анализ работы руководителей и специалистов самостоятельных отделов.

В ходе семинара были рассмотрены ряд нарушений по судебным делам, частным определениям судов, а так же надзорных органов, и предложены пути их решений.

Участники семинара получили ответы на актуальные вопросы, встречающиеся в ежедневной практике.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
⚽️Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері футзал матчын тамашалады

«Семей» ФК мен «Каспий» ФК арасында футзалдан кездесу өтті. Көрерменнің назарын жаулаған тартысты ойынды көруге «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері келді. Өздерінің сүйікті командасына қолдау көрсеткен 18 оқушы ойынды үлкен қызығушылықпен бақылады.

Матчтан кейін қала әкімі Талғат Мұратов балаларға футбол добын сыйлап, олардың арасында болашақ теңбіл доп шебері болуы мүмкін екенін жеткізді. Дегенмен, жетістікке жету үшін көп еңбектеніп, қабілетті шыңдаудан шаршамау қажет екенін де айтты.

📸Сонымен қатар, балалар «Семей» ФК ойыншыларымен суретке түсіп, есте қалар ерекше сәтке айналды. Бұл кездесу тек тосын сый ғана емес, сонымен қатар орталық тәрбиеленушілеріне үшін шабыт берді.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
⚽️Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері футзал матчын тамашалады «Семей» ФК мен «Каспий» ФК арасында футзалдан кездесу өтті. Көрерменнің назарын жаулаған тартысты ойынды көруге «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері…
⚽️Дети из Центра поддержки посетили матч ФК «Семей»

Между ФК «Семей» и ФК «Каспий» состоялся захватывающий матч по футзалу, который привлек внимание зрителей, в том числе воспитанников Центра поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах. 18 детей с большим интересом следили за игрой, поддерживая любимую команду.

После завершения матча аким города Талгат Муратов подарил детям футбольные мячи, подчеркнув, что, среди них, возможно, есть будущие звезды футбола. Он также отметил, что для достижения успеха необходимо много работать и развивать свои способности.

📸Дети сфотографировались с игроками ФК «Семей», что стало для них незабываемым событием. Эта встреча не только приятный сюрприз, но и важный источник вдохновения для воспитанников центра.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Хабарландыру!

Шығыс кенті маңындағы зиратты қоршау жұмыстары жүргізілетіндіктен 2025 жылы 26 қаңтар күні, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Разин көшесіндегі жол учаскесінде «Qazaq Oil» жанармай құю бекетінен Усть-Каменогорская көшесіне дейінгі жол қозғалысы жабылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Шыдамдылық танытқандарыңызға рақмет!
———
📢Объявление!

В связи с проведением работ по установке ограждения старого кладбища, расположенного в сторону Восточного поселка, 26 января 2025 года с 09:00 до 17:00 движение на участке дороги по ул. Разина от АЗС «Qazaq Oil» до ул. Усть-Каменогорской будет перекрыто.

Обращаемся к жителям и гостям города с просьбой заблаговременно выбрать альтернативные маршруты во избежание неудобств. Благодарим за ваше терпение и понимание!

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM