Семей қаласының әкімдігі
2.94K subscribers
10.8K photos
2.81K videos
9 files
917 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімі жылу қазандықтарының жұмысын тексерді

Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов жылыту маусымы аясында қаланың негізгі жылу қазандықтарының жұмысын бағалау мақсатында нысандарды аралады. «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағандықов әр нысанның жай-күйі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, жабдықтардың жұмысын көрсетті.

Жұмыс сапары жылу электр орталығы (ЖЭО-1) нысанынан басталды. Мұнда әкім жылу берудің тұрақтылығын және жабдықтарды пайдалану кезінде нормативтік талаптардың сақталуын атап өтті. Талқылау барысында жүйелерді жаңғырту және ықтимал апаттардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапардың келесі нысаны РК-1 жылу көзі болды, онда қазіргі жүктемелер мен энергия тиімділігін арттыру шаралары талқыланды. РК-3 жылу көзін тексеру кезінде негізгі назар қатты аяз кезеңдерінде шекті жүктемелерге дайындыққа аударылды.

Одан кейін әкім қала орталық аудандарын жылумен қамтамасыз ететін «Орталық» қазандығының жұмысымен танысты. Бұл жерде апаттық жағдайларға жедел ден қою және жеткілікті отын қорын жасау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Талғат Мұратов «103, 103а» және «Ғаббасов» қазандықтарын аралады. Бұл нысандарда инфрақұрылымды жөндеу және жаңғырту қажеттілігіне ерекше назар аударылды, бұл олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сапардың қорытындысы бойынша әкім «Теплокоммунэнерго» МКК-ға барлық жылу көздерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласының әкімі жылу қазандықтарының жұмысын тексерді Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов жылыту маусымы аясында қаланың негізгі жылу қазандықтарының жұмысын бағалау мақсатында нысандарды аралады. «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағандықов…
Аким Семея проверил работу теплоисточников

Сегодня аким города Семей Талгат Муратов провел объезд ключевых теплоисточников города, чтобы оценить их работу в рамках текущего отопительного сезона. Руководитель КГП «Теплокоммунэнерго» Еркен Сагандыков подробно проинформировал о состоянии каждого объекта и продемонстрировал работу оборудования.

Рабочая поездка началась с посещения теплоэлектроцентрали ТЭЦ-1. Здесь аким отметил стабильность подачи тепла и соблюдение нормативных требований при эксплуатации оборудования. В ходе обсуждений особое внимание было уделено вопросам модернизации систем и предотвращения возможных аварий.

Следующим пунктом объезда стал теплоисточник РК-1, где обсуждались текущие нагрузки и меры по повышению энергоэффективности. При осмотре теплоисточника РК-3 акцент был сделан на готовности к пиковым нагрузкам в период сильных холодов.

Затем аким ознакомился с работой котельной «Центр», которая обеспечивает теплом центральные районы города. Здесь обсуждались вопросы оперативного реагирования на аварийные ситуации и создания достаточных запасов топлива.

Кроме того, Талгат Муратов посетил котельные «103, 103а» и «Габбасова». На этих объектах основной акцент был сделан на необходимости ремонта и модернизации инфраструктуры для обеспечения надежной работы.

По итогам объезда аким поручил КГП «Теплокоммунэнерго» обеспечить бесперебойное функционирование всех теплоисточников.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының мектептерінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (-23 градус аяз) 2 ауысымда оқитын 0,1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады.

25 декабря 2024 года в школах города Семей, из за неблагоприятных погодных условий (мороз -23 градуса ) занятия для учащихся 0,1-4 классов 2 смены переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Бүгін Семейде Жаңа жыл мерекесіне арналған шаралар өтеді.

Қала әкімі Талғат Мұратов Жаңа жылды мерекелеуге дайындық жұмыстарын тексеріп, қала безендірілуі мен мерекелік бағдарламаға ерекше көңіл бөлді. Мерекелік іс-шаралар барысында қауіпсіздік шаралары да қамтамасыз етілген.

Бүгін Орталық алаңда Басты шыршаның жағылуы жоспарланған. Шараның басталуы — сағат 17:00-де.

Сонымен қатар, қаламыздың көшелерінде Жаңа жылдық “Coca cola” керуені жүріп өтеді, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Баршаңызды мерекеге шақырамыз, Жаңа 2025 жылды бірге қарсы алайық!



В Семее состоится зажжение Главной елки

Сегодня, 25 декабря, в Семее пройдут праздничные мероприятия, приуроченные к встрече Нового года.

Аким города Талгат Муратов проверил ход подготовки к новогоднему оформлению города и проведение праздничной программы. Особое внимание было уделено обеспечению безопасности во время мероприятий.

На сегодня запланировано торжественное зажжение Главной елки на Центральной площади. Начало мероприятия в 17:00.

Кроме того, по улицам нашего города будет курсировать яркий новогодний караван «Coca-Cola», дарящий радость и праздничное настроение.

Приглашаем всех на праздник, чтобы вместе встретить наступающий 2025 год!