Семей қаласының әкімдігі
2.93K subscribers
10.8K photos
2.81K videos
9 files
922 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🔖🔖🔖🔖🔖Құрметті жерлестер!


Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Күні кеше Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады. Бұдан асқан баға жоқ деп санаймыз.

Баршаңызға бақыт, бақ-береке, берік бірлік тілеймін! Қазақстанның дамуына қосқан үлестеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Құрметпен, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🔖🔖🔖🔖🔖Құрметті жерлестер! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Тарихи мәні терең…
🔖🔖🔖🔖🔖Дорогие семейчане!
 
От всей души поздравляю вас с Национальным праздником - Днем Республики!

Если мы взглянем в прошлое, то увидим что с момента обретения независимости  в стране выстроена стабильная экономическая система, постоянно развивается социальная сфера, ведется планомерная работа по повышению уровня жизни граждан. Семейчане 21 века живут единой и дружной семьей, чтят память о прошлом, бережно относятся к истории, уверенно смотрят в будущее. В Семее в атмосфере дружбы и взаимопонимания проживают представители более 80 этносов, мирно сосуществуют 10 конфессий.

Желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия, успехов в труде, новых побед и свершений! Пусть все ваши начинания будут успешными и эффективными во благо процветания нашей Родины! Пусть в нашей стране царят мир и стабильность!

Аким города Семей Нурбол Нурсагатов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде Республика күніне орай кең көлемде ағаш отырғызу рәсімі өтті

Бүгін Семей қаласында сенбілік өтіп, көшет отырғызылды. Өңірді көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткен шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар және белсенді тұрғындары бар.

Сенбілік аясында жергілікті климатқа арнайы таңдап алынған 100 түп үйеңкі мен жөке көшеттері отырғызылды. Бұл ағаш түрлері аймақтың экологиялық жағдайында жақсы өмір сүреді және қалалық кеңістіктерді көркейтуге үлес қоса алады.

Сенбілік тек ағаш отырғызумен шектеліп қалған жоқ. Қатысушылар сонымен қатар аумақтарды тазалап, қоғамдық аумақтарды абаттандырды.


Ко Дню Республики в Семее состоялась масштабная высадка деревьев

В Семее прошел очередной, приуроченный ко Дню Республики субботник. Отличительной чертой и главной частью очередного субботника стала масштабная высадка деревьев. В акции, направленной на озеленение и улучшение экологической ситуации региона, приняли участие около 200 человек. Мероприятие собрало представителей политических партий, депутатов, общественных деятелей, активную молодежь. Участие в субботнике также приняли аким области Абай Нурлан Уранхаев и глава города Нурбол Нурсагатов.

В рамках субботника высажено более 100 саженцев клена и липы, специально подобранных для местного климата. Эти породы деревьев обладают хорошей приживаемостью в суровых условиях региона и способны украсить и озеленить городские пространства.

Отметим, субботник не ограничился высадкой деревьев. Участники также занимались уборкой территорий и благоустройством общественных зон, чтобы навести порядок.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔖🔖🔖🔖🔖Семей қаласында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Бүгін Қазақстанда басты ұлттық мереке Республика күні аталып өтілуде. Осыған орай Семей қаласындағы көпірасты кеңістігінде Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыс және қала депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар бар.

Жиналған қауым оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұранды орындап, мерекеге орай ел Туы көтерілді.

••••••

🔖🔖🔖🔖🔖В городе Семей прошла церемония поднятия Государственного Флага РК

Сегодня в Казахстане отмечается главный национальный праздник - День Республики Казахстан. В этой связи, прошла церемония поднятия Флага на территории подмостового пространства города Семей. В ней приняли участие более 300 человек. Среди них аким области Абай Нурлан Уранхаев, города Семей Нурбол Нурсагатов, депутаты, активисты, лидеры общественного мнения, молодежь.

Флаг страны поднимали под государственный гимн Казахстана.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті

25 қазан күні Республика күніне орай Семейде әлеуметтік маңызы бар тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде семейліктер сүт және ет өнімдерін, көкөністер, балық, бал, кондитерлік өнімдер және тағы басқа көптеген тауарларды сатып алды.

Атап өтетін жәйт, азық-түлік тауарлары көтерме бағамен және өндірушілердің өзіндік бағасымен сатылды.

Өнімдерін 20-дан астам кәсіпкер, соның ішінде «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Семей» және «Агрофирма Приречное» ЖШС ұсынды.

Қалалық жәрмеңке семейліктерге сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін берді, ал тұрғындар отандық тауар өндірушілерді қолдады.

#Семейқаласыныңәкімдігі