Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Декоративті жарықтандыруды орнату жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында мәдени нысандарға декоративті түнгі жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта Невзоровтар музейіне, Абай атындағы кітапханаға, Абай атындағы театрға, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжге декоративті жарықтандыру орнатылды.



В городе Семей продолжаются работы по установке декоративного ночного освещения на культурных объектах

В настоящее время декоративное освещение установлено на музей Невзоровых, библиотеку имени Абая, театр имени Абая и педагогический колледж имени М. Ауэзова.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған кабинет ашылды

Семей қаласындағы Қ. Сәтпаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте инклюзияны қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды.

Бұл кабинет ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында арнайы жабдықталған.

Кабинет меңгерушісі, педагог-дефектолог Я. О. Семенова қонақтарды кабинеттегі жұмыс барысымен таныстырып, педагог-ассистенттердің қолдауымен балалардың жеткен жетістіктерін көрсетті.

Бұл кабинет инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуына барынша қолайлы жағдай жасап, олардың қоғаммен бірге дамуына ықпал етеді.



Как учатся в обычных школах дети с особыми образовательными потребностями

В городе Семей в общеобразовательной школе №2 имени К. Сатпаева торжественно открылся кабинет инклюзивной поддержки.

Данный кабинет создаст максимально комфортные условия для включения в общеобразовательный процесс детей, имеющих особые образовательные потребности.

Заведующая кабинетом педагог-дефектолог Я. О. Семенова познакомила гостей с работой кабинета, продемонстрировала достижения детей и рассказала о деятельности педагогов-ассистентов.

Инклюзивные кабинеты в школе создают дружелюбную атмосферу и комфортные условия для развития любого ребёнка.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназияға — 100 жыл

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназия 2024 жылдың 11-12 қазан күндері өзінің 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. «Самғатқан сан қыранды Алтын ұям» атты бұл шара гимназияның ғасырлық тарихын құрметтеуге арналған маңызды оқиға болды.

Мерейтойдың бірінші күні қонақтар Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен бастады. Одан әрі бірнеше мемлекеттің ғалымдары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектепте гимназияның тарихына арналған музей бұрышы ашылып, мектеп ұстаздары мен оқушылары ардагерлерге, түлектерге және шақырылған қонақтарға арнап түрлі мәдени іс-шаралар өткізді.

Мерекенің екінші күні Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында ауқымды салтанатты жиын өтті. Бұл шараға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қаланың зиялы қауымы мен мектеп түлектері қатысты.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде: «Семей қаласы – ұлы даланың ұлағатты өлкесі болса, Шәкәрім атындағы № 5 көпбейінді гимназия – ұлттық білім мен ғылымның, өнер мен мәдениеттің негізін қалаушы тарихи ортасы» деп атап өтті.

Салтанатты шара барысында мектеп педагогтері Абай облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің Алғыс хатымен, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен, Алғыс хатымен, Семей қаласы әкімдігінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.


#Семейқаласыныңәкімдігі