Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✔️Семей готов к референдуму

Избирательные участки города Семей готовятся к проведению Республиканского референдума.

В день голосования планируется работа 128 избирательных участков по городу, среди которых 18 будут закрытыми. Закрытые избирательные участки предназначены для граждан, которые по определённым причинам не могут прибыть на место голосования самостоятельно, а также для лиц, находящихся в воинских частях, больницах, учреждениях правоохранительных органов и т.д.

Также жители города с ограниченными возможностями смогут воспользоваться своим конституционным правом и проголосовать на дому. Стоит отметить, что в список избирателей города Семей включены более 218 тысяч человек.

Свой избирательный участок можно узнать на сайте акимата города Семей.

Call-центр при акимате города Семей: 8 (7222) 52-21-36, 8 (7222) 56-50-42.

Время работы: понедельник-пятница с 09:00 до 18:30

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семейде әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге улы газ датчиктерін орнату жұмыстары жалғасуда

Абай облысы әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаевтың тапсырмасымен, 2023 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының әкімі улы газдан уланудың алдын алу үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 4 355 газ датчигін сатып алуға қаражат бөлді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бұл газоанализаторларды тегін орнату жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері, МПС, Абай облысы ТЖД "СП және АСР" РММ, сондай-ақ «Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі» және «Лидеры КZ» еріктілерімен бірлесіп, әлеуметтік осал топтар тұратын үйлерге 965 датчик орнатты.

Датчиктерді орнатумен қатар, тұрғындарға жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылуда. Жұмыстар жалғасуда, бірлескен күш-жігермен әрбір үйді қауіпсіз етуге тырысамыз!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее продолжается установка датчиков угарного газа в домах социально уязвимых слоев населения

По поручению акима области Абай Нурлана Тельмановича Уранхаева в декабре 2023 года акимом города Семей были выделены денежные средства на приобретение 4 355 датчиков угарного газа для предупреждения отравления угарным газом в многодетных и малообеспеченных семьях, проживающих в домах с печным отоплением. Сотрудниками УЧС г. Семей совместно с МПС, РГУ «СП и АСР ДЧС области Абай», а также волонтерами «Высшего колледжа гражданской защиты», организации «Лидеры КZ» уже установлены 965 датчиков в домах социально уязвимых слоев населения.

Помимо установки датчиков, жильцам разъясняют правила пожарной безопасности в отопительный сезон и вручают памятки. Работа продолжается, совместными усилиями мы стремимся сделать каждый дом безопаснее!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.

«Референдум барысында мүгедектігі бар азаматтардың жағдайы толық қарастырылу керек. Семей қаласындағы сайлау учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мүгедектігі бар дауыс берушілерге қала бойынша 16 арнайы көлік бөлінеді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді», – деді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гульжан Қуанышева.

Жексенбі күні, 6 қазанда, референдумда тұрғындар коғамдық көліктермен тұрғындар тегін қатынайды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. «Референдум барысында мүгедектігі бар азаматтардың жағдайы толық қарастырылу керек. Семей қаласындағы сайлау учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде…
В Семее во время поведения референдума будет работать выездная участковая группа для людей с ограниченными возможностями.

«Во время референдума должны учитываться особые потребности людей с ограниченными возможностями. В Семее мы оснастили избирательные участки наушниками, информация о выборах доступна на трафаретах шрифтом Брайля, установлено дополнительное освещение и лупы, также предусмотрены сурдопереводчики. Вместе с тем, 6 октября в городе будет курсировать 16 инвотакси, для заказа необходимо обращаться в свой участок по месту жительства, также будет работать выездная рабочая группа», - сказал Председатель территориальной избирательной комиссии по городу Семей Гульжан Куанышева.

#Семейқаласыәкімдігі
Су тасқынына дайындық аясында Семей қаласында арықтарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қаладағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

Бүгінде «МАКСИМА АЗИЯ ЕНХ» ЖШС мердігер ұйым Дальний, Мирный, Затон аудандарында, Березовский кентінде және Омская, 2-Омская, 3-Омская, 4-Омская көшелерінде шөп шабу және арықтарды тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, арық жүйесін ағымдағы жөндеу, атап айтқанда, лоток орнату жұмыстары бойынша «Аз и Мур Строй» ЖШС-мен келісім жасалған. Қазіргі уақытта Дальний ауданында 600 метрге жуық арық лотогы орнатылды. Мирный ауданында 1100 метрлік арықтарға тегіс шифермен жағалауды бекіту жұмыстары сәтті аяқталды.

«SMART BUILD» ЖШС мердігер ұйымы Восточный, Мирный, Красный Кордон, Казкрай аудандарында, Жоламан кенті мен Согра саяжай алабында қамыс шабу жұмыстарын жүргізіп, жалпы көлемі 53,7 гектар жердегі қамысты тазалады.

Арық жүйесін тазалау жұмыстары күн сайын атқарылып, ТҮКШ бөлімінің тұрақты бақылауында.

#Семейқаласыныңәкімдігі