Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Халық әртісі Семейде

Бүгін Семей қаласына КСРО және ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Төлегенова туған жеріне келді. Халық әртісін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов гүл шоқтарымен әуежайдан қарсы алды.

Айта кетейік, Бибігүл Төлегенқызы мен оның шәкірттерінің шығармашылық кеші ертең, 22 қыркүйек күні 17:00-де Абай атындағы театрда өтеді.



Бибигуль Тулегенова прибыла в Семей

Сегодня в город Семей прибыла советская, казахская оперная певица, педагог, народная артистка КСРО и Республики Казахстан Бибигуль Тулегенова.

В аэропорту народную артистку встретил аким города Нурбол Нурсагатов с букетами цветов.

Творческий вечер Бибигуль Тулегеновой и её учеников состоится завтра, 22 сентября, в театре имени Абая.

#Семейқаласыныңәкімдігі
«Қалыңдықтар шеруі»қалалық флешмобы өтті

Қала күніне орай Семей қаласындағы "Траектория" әйелдер клубы қалыңдық шеруін өткізді.

Үйлену көйлектеріндегі 50-ден астам әйел орталық саябақтан, Арбат бойымен Орталық жағалауға дейін жүрді. Іс-шараның мақсаты әйелдерге назар аудару.

Мұндай шеру әйелдерге үйлену көйлегін қайта киюге және өздерінің үйлену тойлары туралы естеліктерді жаңартуға мүмкіндік берді, ал жас үйленбеген қыздар үшін Шеру болашақ рәсімге дайындық болды.

Іс-шара мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен "Траектория" әйелдер қоғамдастығының қолдауымен өтті.



Городской флешмоб «Парад Невест»

Ко Дню города женский клуб «Траектория» в городе Семей провёл масштабный городской парад невест.

Более 50 женщин в свадебных платьях прошли от Центрального парка, вдоль Арбата до Центральной набережной. Целью мероприятия явилась идея привлечь внимание к женщинам.

Столь белоснежный парад дал возможность женщинам вновь надеть свадебное платье и освежить воспоминания о собственной свадьбе, а для молодых незамужних девушек парад стал репетицией будущей церемонии. Для жителей Семея это стало увлекательным зрелищем, ведь нет ничего праздничней и прекрасней в современной жизни, чем свадебный образ невесты.

Мероприятие прошло под эгидой женского сообщества «Траектория» при поддержке государственных органов и местного акимата.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі парақшасынан:

«Семейден ескен самал» жас ақындар анталогиясы оқырманға жол тартты


Ұлтымыздың Абайдай алыбын, Шәкәрімдей данасын, Мұхтардай кемеңгерін дүниеге әкелген қасиетті қарт Семейдің қойнауы толған тарих, өмірі тұнған поэзия. Ақын Мерей Қарттың ұсынысымен «Семейден ескен самал» жас ақындар анталогиясы жарық көрді. Бүгін қала күніне орай Абай атындағы кітапханада аталмыш кітаптың тұсаукесерін өткіздік. Салтанатты шараға алыстан арнайы қара өлеңнің қаймақтары Бауыржан Жақып ағамыз бен Дәулеткерей Кәпұлы да келіп Абай өңіріндегі ақындық өнер туралы өз ойларымен бөлісті.
Бұл жинаққа Абай облысы өңірінен шыққан талантты, жүлделі, һәм азулы ақындар С.Дүйсенғазы, Т.Ешен, Д.Берікқажы, Д.Кәпұлы, А.Елгезек, Қ.Сарин, С.Қамшыгер, М.Қарт, Б.Игілік, О.Қасым, А.Шеризат, Е.Жұмабекұлы, Б.Ахмер, Р.Досжанова, Д. Уәлибек, Қ.Еркінұлы , Р.Кеңесханов, Н.Байтөс, Е. Дайырбаев, А.Серікұлы, Ж. Төлеуқоңыр, Т. Темірбай, Ж. Мақаев, Ж. Асқарбек, Б. Ахмер, Ж. Ысқақ, Қ.Әубәкір, Д.Әбенов, А. Сегізбаева, М.Оразғалиев, Б.Қарыпбаева, сынды ақындардың жырлары еніп отыр.

Көпшілікке жол тартқан «Семейден ескен самал» Семей ақындар антологиясы өз оқырманын табады деген үлкен сенімдемін!

Осы кітапты құрастырған Мерей Қарт бауырыма өз алғысымды білдіремін.

Абайдай тау тұлғаның елі - Абай облысы жасай берсін!»