Семей қаласының әкімдігі
2.98K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
890 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
СЕМЕЙДЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Конституция– мемлекеттің төлқұжаты іспетті. Тіліміз бен ділімізді қалай қастерлесек, Ата Заңымызды да сол биіктен түсірмейміз. Себебі, заңы жоқ ел егемен ел болмайды. Биыл Конституциямызға 29 жыл толды.

Осыған орай, Ертіс өзенінің оң жағалауында "Ата заңым- айбыным" атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шара меркелік бағдарламамен ұласты. Қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары “Қыран" театрландырылған қойылым қойды. Патриоттық бағыттағы әндер, викториналық сұрақтар, флешмоб ұйымдастырылды.

Ертіс жағалауына шамамен 2000 жуық халық жиналды. Семейліктер Конституция күнін қуанышпен қарсы алып, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқады. Мерекелік концертте еліміздің танымал өнер жұлдыздары Бейбіт Қорған, ARGONYA, Серік Исахан өнер көрсетті.

"Қаламызда дәл осындай мерекелік концерт көңілімізден шығуда. Бүгін концерттер, алаңда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғанына өте қуаныштымыз, бұл қуаныш пен бірліктің теңдесі жоқ атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын",- дейді қала тұрғыны Үміткүл Аманова.

Айта кетейік, бүгін қалада Конституция күніне орай көптеген іс-шаралар өткізілді.


#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНЬ КОНСТИТУЦИИ ТОРЖЕСТВЕННО ОТМЕТИЛИ В СЕМЕЕ

Конституция — главный документ страны, паспорт государства. Как мы уважаем наш язык и культуру, так же высоко мы чтим нашу Конституцию, ведь страна без законов не может быть суверенной! В этом году исполнилось 29 лет со дня принятия нашего Основного Закона — Конституции Республики Казахстан.

По этому случаю на правом берегу реки Иртыш прошло мероприятие под названием «Ата заңым – айбыным». Торжественная часть продолжилась праздничной программой. Артисты городского Дворца культуры представили театрализованное представление «Кыран». Также были организованы патриотические песни, викторины и флешмоб. В какой-то момент все собравшиеся вместе исполнили песню «Атамекен».

На берегу Иртыша собралось около 2000 человек. Семейчане с радостью отметили День Конституции и исполнили Гимн Республики Казахстан.. В праздничном концерте также приняли участие известные звезды казахстанской эстрады:Бейбит Корган, ARGONYA и Серік Исахан.

«Мы рады такому праздничному концерту в нашем городе. Очень приятно, что для горожан организуются концерты и различные мероприятия, которые дарят ощущение ни с чем несравнимой атмосферы радости и единения. Поздравляю всех с праздником!» — поделилась жительница города Умиткуль Аманова.

Отметим, что сегодня в городе прошло множество различных мероприятий, приуроченных ко Дню Конституции.

#Семейқаласыныңәкімдігі
1 сентября: школы Семея распахнули двери для учащихся


Сегодня во всех регионах нашей страны начался новый учебный год и для учащихся 1-х и 11-х классов прошли торжественные мероприятия «Моя школа – очаг доброты». В городе Семей в 2024-2025 учебном году 5527 детей впервые переступили порог школы.

Праздник начала учебного года сегодня также прошел в гимназии № 6 города Семей. В этом году гимназия распахнула свои двери для 215 первоклассников. В этом учебном году в гимназии 120 выпускников. На торжественном мероприятии принял участие заместитель акима города Семей Арайбек Аманкелдиевич Хамзаев, который выразил теплые пожелания ученикам, учителям и родителям, отметив важность нового учебного года.

«Благодаря заботе и значительной поддержке, оказываемой для вашего блага, я желаю вам пополнить свои знания, достичь ярких успехов и покорить новые вершины!» — сказал заместитель акима города Арайбек Хамзаев.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласның мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін, еліміздің барлық аймақтарында, жаңа оқу жылы басталып, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді. Семей қаласында 2024-2025 оқу жылында 5527 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.


Оқу жылының басталу мерекесі Бүгін Семей қаласының № 6 гимназиясында да өтті. Гимназия биылғы оқу жылында 215 бірінші сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Биылғы оқу жылында гимназияда 120 түлек бар. Салтанатты шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Хамзаев Арайбек Аманкелдыевич қатысып, оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылының маңыздылығына тоқталып кетті.

«Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдеріңізді толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!» - деді қала әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📣 Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев выступит с Посланием народу Казахстана

▪️Прямая трансляция выступления Главы государства начнется в 11:00 на республиканских телеканалах.

▪️Текстовая трансляция Послания будет доступна на нашем телеграм-канале.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі.

Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс.

Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.

Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.

Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал.

Орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет.

Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек.

«Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті. Аймақ басшысы тек шаруашылықпен ғана айналыспайды. Әкім қоғамдық, рухани мәселелерді әрдайым назарда ұстауға тиіс. Әрбір басшы елмен етене жұмыс істеуі керек, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамаларын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой-беделі дегеніміз де – осы»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:

«Как вам известно, в стране с весны проходит общенациональная экологическая акция «Таза Қазақстан». Это созидательное начинание сплотило граждан. За несколько месяцев в акции приняло участие около 3 млн человек, которые навели порядок в сотнях тысячах дворов, собрали более одного миллиона тонн мусора. Благодаря подобным инициативам в стране укореняется новая культура, новая общественная этика. Можно сказать, что это и есть подлинный патриотизм и забота о Родине. Посредством таких дел формируется новое качество нашей нации.

Это не временная акция, данный важный проект должен продолжаться круглый год, поскольку, откровенно говоря, некоторые безответственные граждане по-прежнему загрязняют природу, улицы. За такие действия эти люди должны отвечать по закону.

Другими словами, надо, чтобы забота о чистоте окружающей среды стала повседневной нормой для каждого. У нашей нации очень много хороших качеств. К примеру, за рубежом нас знают как гостеприимный и доброжелательный народ. Стремление к чистоте и порядку точно так же должно стать неотъемлемой чертой нашего национального характера.

За качественное проведение акции «Таза Қазақстан» в регионах непосредственно ответственны акимы, которые должны разъяснить людям ее огромную важность и правильно организовать работу. Главам регионов следует заниматься не только хозяйственными проблемами, но и постоянно уделять внимание вопросам общественной и культурно-духовной жизни. Нужно, чтобы каждый руководитель напрямую работал и выстраивал доверительный диалог с гражданами. Тогда и люди поддержат его начинания, внесут вклад в полезные для страны дела. Это и является показателем авторитета акимов»

t.me/aqorda_resmi