Семей қаласының әкімдігі
2.93K subscribers
10.8K photos
2.81K videos
9 files
922 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласы әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларының қатысуымен апараттық кеңес өтті. Отырыс барысында барлық бөлімдердің ағымдағы мәселелері қаралды, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру бойынша сұрақтар пысықталды.

Айта кетейік, бас инспекторларға қала шетіндегі заңсыз қоқыс тастау мәселесін қатаң бақылау тапсырылды.

Сондай-ақ, қала басшысы тиісті бөлімдердің басшыларына 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар өткізуді тапсырды.



Сегодня под председательством акима города состоялось совещание с участием руководителей ведомств. В ходе заседания были рассмотрены текущие вопросы всех отделов, а также проработаны вопросы по использованию бюджетных средств.

Отметим, главным инспекторам поручено строго контролировать проблему незаконных сбросов мусора на окраинах города.

Также глава города поручил руководителям профильных отделов провести мероприятия по случаю 1 июня – Международного дня защиты детей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Айтылды-орындалды: Холодный ключ кентіндегі аспалы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Холодный ключ кентінің тұрғындарымен кездескен болатын. Тұрғындар Суық бұлақ кентіндегі аспалы көпірдің сапасына шағымданған болатын.

Тиісінше қала басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділбек Увасиловқа жөндеуді қажет ететін көпір бөліктерін ауыстыруды тапсырған.

Қазіргі таңда көпірдің жүру бөлігіндегі тақтайшалары ауыстырылып жатыр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, апта соңына дейін жөндеу жұмыстары толықтай аяқталады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Сказано-сделано: идет ремонт подвесного моста в поселке Холодный ключ

Ранее аким города Нурбол Нурсагатов встретился с жителями поселка Холодный ключ. Жители жаловались на состояние подвесного моста.

По итогам встречи глава города поручил исполняющему обязанности руководителя отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Адильбеку Увасилову заменить части моста, которые нуждаются в ремонте.

В настоящее время на мосту заменяется плитка. По данным отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог, до конца недели ремонт будет полностью завершен.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Forwarded from Arnapress.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қалада жаңбыр суын тазарту жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде

Қазіргі уақытта суды тазартуда 14 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, кәріз суларын қабылдау құдықтарын тазартуға илосос машинасы және арнайы техника тартылған.

Жаңбыр суын тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Соңғы екі тәулікте 1 700 м3 астам су сорылды.

~~~

Работы по откачке внутригородской воды ведутся в режиме 24/7

На данный момент на откачку воды задействованы 14 единиц вакуумных ассенизаторских машин. Также на очистке водоприемных колодцев дренажно-ливневых канализации задействовано илососная и каналопромывочная техника.

Работы по откачке дождевых вод ведутся в круглосуточном режиме. За последние два дня откачано более 1 700 м3 воды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімі 20 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Бүгін Абай облысының қабылдау орталығында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 20 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.



Аким города принял 20 жителей по личным вопросам

Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам. Сегодня в центре приема граждан области Абай аким города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 20 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Аким города во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті Семейліктер және қала қонақтары!

Бүгін Ақтөбе қаласының «Қобыланды батыр» стадионында ел кубогінің жартылай финалы аясында «Ақтөбе» және «Елімай» ФК арасында теңбіл доп бәсекесі өтеді.

Семей қаласының әкімдігі «Елімай» ФК жанкүйерлері үшін Ертіс өзенінің оң жағалауында онлайн көрсетілім ұйымдастырады.

Матчтың басталу уақыты: 20:00

Жанкүйерлер алаңы: Шмидт және Қайым Мұхамедханов көшесінің қиылысындағы Ертіс жағалауы.

Ескерту: 18 жасқа толмаған балалар ата-аналарымен немесе заңды тұлғаларымен бірге болу сұралады.
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті Семейліктер және қала қонақтары! Бүгін Ақтөбе қаласының «Қобыланды батыр» стадионында ел кубогінің жартылай финалы аясында «Ақтөбе» және «Елімай» ФК арасында теңбіл доп бәсекесі өтеді. Семей қаласының әкімдігі «Елімай» ФК жанкүйерлері үшін Ертіс…
Уважаемые жители и гости города Семей!

Сегодня на стадионе «Кобыланды батыр» в г. Актобе пройдет полуфинал Кубка страны по футболу между ФК «Елимай» и ФК «Актобе».

Акимат города Семей организует онлайн-трансляцию для болельщиков ФК «Елимай» на правом берегу реки Иртыш.

Время начала матча: 20:00.

Место проведения: набережная Иртыша на пересечении улиц Шмидта и Касыма Мухамедханова.

Примечание: детей в возрасте до 18 лет просим быть в сопровождении родителей или законных представителей.
Қала әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жол жөндеу және жерасты өткелдерінің қасбеттерін жөндеу бойынша, сондай-ақ Жұмабаева 11 мекенжайындағы тұрғын үйдің жағдайы бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру барысында қала әкімі бірінші кезекте Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелінің жөнделуін тексерді.

Семей қаласында 8 жерасты өткелі бар, 2023 жылы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі уақытта Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары кезінде жерасты өткелінде әртүрлі пішіндегі муралдар салынды,жарықтандыру, бейнекамералар, музыка колонклары орнатылады. Алайда бұзақылар 28 мамыр күні Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткеліне орнатылған жаңа колонкаларды қолды қылған. Көшпелі кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов Полиция басқармасына колонкаларды қолды қылған бұзақылады табуды тапсырды.

Құрметті қала тұрғындары, Семей қаласы біздің ортақ үйіміз, қаламыздағы әр затқа ұқыпты қарауға шақырамыз. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Жұмабаев 11 мекенжайындағы тұрғын үйге барды. Тұрғындар шатырдың тым ескі екендігіне шағымданды. Нұрбол Нұрсағатов Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысына аталған тұрғын үйдің шатырын жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуді, қажет болған жағдайда реновация жұмыстарын жұмыс тәртібіне алуды тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Комсомол кентіндегі грейдеровка жұмыстар жүргізіліп жатқан Жанай және Бөдене көшелерінде болды.

Айта кетейік, 2024 жылға жалпы ұзындығы 36 км 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу, жалпы ауданы 130 073 текше метр қиыршық және құм тас себілген жолдарды профильдеу, 19 320 текше метрден астам алаңдағы жол жабындарын ағымдағы жөндеу жұмыстары көделген. Қазіргі уақытта сол жағалаудағы 5 көшенің жолдарын асфальттау жұмыстары аяқталды.

#Семейқаласыныңәкімдігі