Семей қаласының әкімдігі
2.96K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
903 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫Семейде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде атап өтілді

••••••

💫В Семее праздник Наурыз был отмечен на высшем уровне

#Семейқаласыныңәкімдігі
🔤🔤🔤🔤🔤🔤

18- 24 наурыз аралығындағы айшықты оқиғалардың дайжесті:

Қалада еріген қар суларын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қазіргі таңда қалада жағдай тұрақты.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай кітапханасында 15 қала тұрғынын жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Қала әкімі зираттардың жай-күйін бақылады. Коммуналдық қызметтерге тиісті тапсырмалар берді

Қаланың тазалығы бойынша кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Қала әкімінің қаулысымен 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында екіайлық тазалық акциясы жарияланды.

Семей қаласында 77 отбасы баспаналы болды.

Қала әкімі Ұлттық спорттың өкілдерімен және Комсомол кентірің тұрғындарымен кездесті

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары басталды.

Қаланың шеткері аймақтарында Наурыз мейрамы тойланды.

Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған Семейдің әртүрлі аймақтарында 30 киіз үй құрылды.

22 Наурыз күні 20 000 адамның қатысуымен Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде атап өтілді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔤🔤🔤🔤🔤🔤

Дайджест событий 18-24 марта

В городе усиленно проводилась откачка талой воды. В настоящее время ситуация в городе стабильная.

Аким города Нурбол Нурсагатов принял 15 жителей города в библиотеке имени Абая по личным вопросам.

Аким города проследил за состоянием кладбищ. Дал соответствующие задачи коммунальным службам.

Проведено расширенное аппаратное совещание по вопросам чистоты города. Решением акима города объявлена двухмесячная субботняя акция с 1 апреля по 31 мая.

В Семее 77 семей получили жильё.

Аким города встретился с представителями Национального спорта и жителями поселка Комсомольский.

Началась подготовка к весенне-полевым работам.

Праздник Наурыз отметили на окраинах города.

К празднованию Наурыза в разных районах Семея установлено 30 юрт.

22 марта праздник Наурыз был отмечен на высшем уровне с участием 20 000 человек.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақаулар табылған аулалардың элементтері мердігерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен аулалардың жағдайын бақылады. Көшпелі кеңеске бөлім басшылары мен «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей Водоканал» МКК өкілдері қатысты.

Ең алдымен, қала басшысы 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен және күзгі маусымда қазылған қаланың оң жағалауындағы аулаларды аралады. Нұрбол Нұрсағатов ЖКХ бөлімінің басшысына бірқатар ескертулер жасады.

«Жұмыстарды жүргізген мердігерлер кепілдік шарттарына сәйкес барлық олқылықтарды бір ай ішінде түзетсін. Ақаулық анықталған аулалардағы кейбір шағын сәулет нысандарына қажетті жұмыстар жүргізілуі керек, Барлық мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Көшпелі кеңес барысында қала басшысы "Теплокоммунэнерго" МКК, "Семей Водоканал" МКК басшылығына күзгі кезеңде қазылған аумақтарды қалпына келтіру туралы тапсырма берді. Барлық жұмыстарды кепілдік шартына сәйкес жүргізуді, қажет болған жағдайда заң шеңберінде құзыретті органдарға жүгінуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістікке барып, осы аумақтың жай-күйін бақылады. 2023 жылы Декоративная көшесіндегі 800 метрлік қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, бірақ қазіргі уақытта футбол алаңының кейбір элементтерін қалпына келтіру қажет. Қала басшысы шарттарға сәйкес барлық олқылықтарды түзетуді тапсырды.

❗️Құрметті семейліктер, қаламыздағы әрбір затқа ұқыптылықпен қарауларыңызды сұраймыз. Семей қаласы еліміздің рухани орталығы болып саналады. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.