Семей қаласының әкімдігі
2.96K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
903 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде атап өтілді

Биыл күллі тіршілік атаулы ұйқыдан оянып, күн мен түн теңеліп, төрт түлік төлдеп, жер-жаһан жаймашуақ нұрға бөленетін Наурыз мейрамын Семей жұртшылығы ерекше ілтипатан қарсы алды. Мерекелік шаралар таңертеңгі сағат 10-да басталды. Мейрамның бас ордасы болған Орталық алаң мен Арбатта екі күн бойы 14 киіз үй тігіліп, негізгі концерттік бағдарламадан бөлек театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстардан жүлдегерлер анықталды. Биылғы киіз үйлердің негізгі ерекшелігі - әр киіз үйде сол ауылдың атауына байланысты көрмелер қойылып, тарихи тұлғалардың қолданған жеке заттарынан шағын мұражай ұйымдастырылды. Ақшаңқан ағаш үйлерді Семей қаласы әкімдігінің бөлімдері, мемлекеттік және жеке мекемелер, қоғамдық ұйымдар да құрды.

Бас алаңнан бөлек қаладағы 7 алаңда бір уақытта мереке тойланды. Әуезов, Тері- былғары комбинаты, Теміржол вокзалы, Силикат зауыты, Кең-Сарай мейрамханасының алдында және Қарағайлы шағын ауданы мен “Asima” СҮ-де киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттік бағдарламалар қойылды. Қала бойынша барлық киіз үйлерде палау, наурыз көже, бауырсақ және ыстық шай тегін таратылды.

Сонымен қатар, арқан тартыс, қол күрес, асық ойыны, қой көтеру сынды ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Спорттық жарыстардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Сондай-ақ, Қазақстан эстрада әртістері Sadraddin, Turar, Алатау серілерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. 12 сағатқа созылған ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараны 20 000-ға жуық халық тамашалады.

📝 Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Семей қаласының әкімдігі
Семейде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде атап өтілді Биыл күллі тіршілік атаулы ұйқыдан оянып, күн мен түн теңеліп, төрт түлік төлдеп, жер-жаһан жаймашуақ нұрға бөленетін Наурыз мейрамын Семей жұртшылығы ерекше ілтипатан қарсы алды. Мерекелік шаралар таңертеңгі…
В Семее праздник Наурыз был отмечен на высшем уровне

В настоящее время празднование Наурыза приобрело новый смысл, внесло вклад в укрепление межэтнических отношений, возрождение национальных традиций и обычаев.

Праздничные мероприятия начались в 10 часов утра. В течение двух дней на центральной площади, являющейся главной достопримечательностью праздника и Арбате были построены 14 юрт, а помимо основной концертной программы было представлено театрализованное представление. Перед каждой юртой проводились национальные игры, определялись призеры спортивных соревнований. Главная особенность юрт, установленных для празднования Наурыз в этом году заключается в том, что в каждой юрте были организованы выставки, связанные с названием этого аула, и были собраны из различных музеев личные вещи, использованные историческими деятелями. Деревянные дома были созданы отделами акимата города Семей, государственными и частными учреждениями, общественными организациями.

Помимо главной площади, праздник одновременно отмечали на 7 площадках города. Перед памятником М.Ауэзову, Кожевенно - меховым комбинатом, Силикатным заводом, железнодорожным вокзалом и рестораном «Кен сарай», а также в Карагайлы и ТД Асима были построены юрты и проведены праздничные концертные программы. Во всех юртах по городу бесплатно раздавали плов, наурыз коже, баурсаки и горячий чай.

Кроме того, прошли соревнования по национальным играм: перетягивание каната, «қол күресі», асык, «қой көтеру» и «ат ерттеу». Победителям спортивных соревнований были вручены ценные призы и сертификаты.

Также состоялся праздничный концерт с участием артистов казахстанской эстрады Алатау серилери, Turar и Sadraddin. Праздничное мероприятие, посвященное празднику Наурыз, с народными гуляниями, песнями и танцами, угощениями, играми, состязаниями, выставками и представлениями, продолжительностью 12 часов, посетили около 20 000 человек.

✍🏻Пресс-служба акима города Семей
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💫Семейде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде атап өтілді

••••••

💫В Семее праздник Наурыз был отмечен на высшем уровне

#Семейқаласыныңәкімдігі
🔤🔤🔤🔤🔤🔤

18- 24 наурыз аралығындағы айшықты оқиғалардың дайжесті:

Қалада еріген қар суларын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қазіргі таңда қалада жағдай тұрақты.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай кітапханасында 15 қала тұрғынын жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Қала әкімі зираттардың жай-күйін бақылады. Коммуналдық қызметтерге тиісті тапсырмалар берді

Қаланың тазалығы бойынша кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Қала әкімінің қаулысымен 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында екіайлық тазалық акциясы жарияланды.

Семей қаласында 77 отбасы баспаналы болды.

Қала әкімі Ұлттық спорттың өкілдерімен және Комсомол кентірің тұрғындарымен кездесті

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары басталды.

Қаланың шеткері аймақтарында Наурыз мейрамы тойланды.

Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған Семейдің әртүрлі аймақтарында 30 киіз үй құрылды.

22 Наурыз күні 20 000 адамның қатысуымен Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде атап өтілді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔤🔤🔤🔤🔤🔤

Дайджест событий 18-24 марта

В городе усиленно проводилась откачка талой воды. В настоящее время ситуация в городе стабильная.

Аким города Нурбол Нурсагатов принял 15 жителей города в библиотеке имени Абая по личным вопросам.

Аким города проследил за состоянием кладбищ. Дал соответствующие задачи коммунальным службам.

Проведено расширенное аппаратное совещание по вопросам чистоты города. Решением акима города объявлена двухмесячная субботняя акция с 1 апреля по 31 мая.

В Семее 77 семей получили жильё.

Аким города встретился с представителями Национального спорта и жителями поселка Комсомольский.

Началась подготовка к весенне-полевым работам.

Праздник Наурыз отметили на окраинах города.

К празднованию Наурыза в разных районах Семея установлено 30 юрт.

22 марта праздник Наурыз был отмечен на высшем уровне с участием 20 000 человек.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақаулар табылған аулалардың элементтері мердігерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен аулалардың жағдайын бақылады. Көшпелі кеңеске бөлім басшылары мен «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей Водоканал» МКК өкілдері қатысты.

Ең алдымен, қала басшысы 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен және күзгі маусымда қазылған қаланың оң жағалауындағы аулаларды аралады. Нұрбол Нұрсағатов ЖКХ бөлімінің басшысына бірқатар ескертулер жасады.

«Жұмыстарды жүргізген мердігерлер кепілдік шарттарына сәйкес барлық олқылықтарды бір ай ішінде түзетсін. Ақаулық анықталған аулалардағы кейбір шағын сәулет нысандарына қажетті жұмыстар жүргізілуі керек, Барлық мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Көшпелі кеңес барысында қала басшысы "Теплокоммунэнерго" МКК, "Семей Водоканал" МКК басшылығына күзгі кезеңде қазылған аумақтарды қалпына келтіру туралы тапсырма берді. Барлық жұмыстарды кепілдік шартына сәйкес жүргізуді, қажет болған жағдайда заң шеңберінде құзыретті органдарға жүгінуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістікке барып, осы аумақтың жай-күйін бақылады. 2023 жылы Декоративная көшесіндегі 800 метрлік қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, бірақ қазіргі уақытта футбол алаңының кейбір элементтерін қалпына келтіру қажет. Қала басшысы шарттарға сәйкес барлық олқылықтарды түзетуді тапсырды.

❗️Құрметті семейліктер, қаламыздағы әрбір затқа ұқыптылықпен қарауларыңызды сұраймыз. Семей қаласы еліміздің рухани орталығы болып саналады. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.