Семей қаласының әкімдігі
2.97K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
901 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Абай облысының орталығында шахмат чемпионаты өтті

Бүгін Семей қаласында “Абай облысының шахмат федерациясы" ҚБ спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығымен бірлесіп, Наурыз мерекесіне арналған Абай облысының чемпионатын өткізді.

Оған классикалық, жылдам және өте жылдам санаттарымен 110-нан астам адам қатысты. Шахмат турнирін салтанатты ашылу салтанантына Абай облысы бойынша шахмат федерациясының басшысы қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та қатысты.

“Семей қаласының әкімдігі Шахмат ойындарының дамуына әрқашан қолдау білдіруге әзір. Шахмат ойыны – адамның ақыл-ой ұшқырлығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдауға ынталандыратын спорт түрі. Қазіргі қоғам интеллекті жоғары, терең ойлы азаматтарды қажет етеді”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

•••••••

В области Абай прошел чемпионат по шахматам

Сегодня в Семее состоялся чемпионат по шахматам, посвящённый празднованию Наурыз мейрамы. Данный чемпионат организован «Федерацией шахмат области Абая» совместно с
Центром проведения спортивно - массовых мероприятий ГКУ.
В нем приняли участие более 110 человек в классических, быстрых и очень быстрых категориях. В церемонии открытия шахматного турнира также принял участие аким Нурбол Нурсагатов, глава шахматной федерации области Абай.

"Акимат города Семей всегда готов поддержать развитие шахматных игр. Шахматы – уникальная логическая игра. Это интеллектуальный вид спорта, который сочетает в себе элементы спортивного соперничества, научно-логического мышления и художественного творчества. Современному обществу нужны высокоинтеллектуальные, глубоко мыслящие граждане”,– сказал Нурбол Нурсагатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
❗️Ертең, таңғы 6:00-ден бастап Шмидт көшесі толықтай автомобильдер үшін жабылады.

……………….

❗️ Завтра, с 6:00, улица Шмидта будет полностью закрыта для автомобилей

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа тұжырымдама аясында ұйымдастырылуда. Семей қаласында «Наурызнама» онкүндігін тойлау дәстүр мен әдет-ғұрыптарымызды ұштастырып жоғары дәрежеде кеңінен атап өтілуде.

Әз Наурыз - табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілікке нәр беріп, ынтымақ пен береке әкелетін жақсылықтың жаршысы іспеттес. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, күн мен түнді теңестіріп, тұрмыс - тіршілігін Табиғат - Анамен тығыз байланыстырған Наурыз - жаңару мен жасарудың, жаңғырудың айы. Семей жұртшылығы қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.

Ұлыс күні – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы сарқылмас тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға ырыс пен несібе әкелсін!

Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов


Уважаемые друзья, дорогие семейчане!

Поздравляю Вас с прекрасным праздником Наурыз мейрамы! Праздником весны, который олицетворяет собой пробуждение природы, приход тепла и благоденствия.

В день весеннего равноденствия, в Наурыз забываются все обиды, воцаряются мир и спокойствие, люди с открытым сердцем желают друг другу добра и благополучия. Этот особенный день символизирует начало весны, обновление и зарождение новых надежд.

Пусть великий праздник Наурыз принесет мир, благополучие и достаток нашей Независимой стране, родной земле, каждой семье!

Желаю, чтобы наша земля была плодородной, наша страна единой и чтобы у нашего народа было лучшее будущее!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

С уважением, аким города Семей Нурбол Нурсагатов
⚜️ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН БІРГЕ ТОЙЛАЙЫҚ!
 
Облыс орталығында Наурыз мейрамын тойлау басталды.
Ұлттық колорит, музыка мен би қонақтарды этноауылдардың әртүрлі жерлерінде қарсы алады, ал, шуақты және ашық ауа-райы мерекелік көңіл-күйді арттырады.

Баршаңызды бүгін «Төрлет Әз Наурыз» негізгі концерттік бағдарламасы өтетін қаламыздың орталық алаңында күтеміз.



⚜️ОТПРАЗДНУЕМ НАУРЫЗ ВМЕСТЕ!
 
В областном центре началось празднование Наурыз мейрамы.

Национальный колорит, музыка и танцы встречают гостей у этноаулов на различных локациях, а солнечная и ясная погода добавляют праздничное настроение.

Ждем всех сегодня на Центральной площади нашего города, где состоится основная концертная программа «Төрлет Әз-Наурыз».
 
#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📍 Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарламалар басталды.

Алатау серілері сахнада

__________

📍 Стартовали концертные программы, посвящённые празднику Наурыз.

На сцене Алатау серілері

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семейде Наурыз мейрамына орай «Наурыз керуені» ұйымдастырылды

Бүгін Семей қаласында Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Төрлет Әз-Наурыз» іс-шарасы өтіп жатыр. Мерекелік бағдарламаны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласынң әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары тамашалауда.

«Табиғат ананың оянуы» деп аталатын күндізгі мерекелік бағдарлама өз жалғасын табуда. Биыл Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен «Наурыз керуені» шеруі болды. Мерекелік шеруде түйе, оннан астам жылқы, жеті қазынаның бірі саналатын қыран бүркіт, құмай тазы және ұлттық киім киген 100- де астам адам керуенге қатысты.

Орталық алаңдағы концертті тамашалауға 8000-нан астам жиналды. Әр киіз үйде еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған көрмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әр ауылда қазақ ұлтының салт-дәстүрінен қойылымдар көрсетіліп, сайыстар өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін наурыз мейрамы күні бойы жалғасады. Кешкі сағат 19:00-де орталық алаңда  отандық эстрада жұлдыздары Turar, Sadraddin, Алатау серілері қатысуымен ашық аспан астында Open Air форматында ашық аспан астында концерт өтеді. Барша қала тұрғындарын Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.

#Семейқаласыныңәкімдігі