Семей қаласының әкімдігі
2.97K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
901 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Биыл Семей қаласының әкімдігі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлауда. Осыған байланысты қалалық әкімдік әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

🌿Тек қаланың орталығында ғана емес, шеткері аймақтардағы кенттер мен елді мекендерде де Наурыз мейрамы аталып өтіледі. Атап айтқанда, 2023 жылғы 21 наурызда сағат 11:00- 13:00 аралығында Степной, Водный, Бобровка, Шығыс кенттері мен Дальняя, Жоламан, Компоселок, Холодный ключ аудандарында «Наурыз мейрамы-2024»мерекесіне арналған ұлттық мерекелік іс-шаралар өтеді.

⚜️2024 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат 11:00-ден бастап мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді. Еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған ауылдар болады. Мысалы, “Кенен Әзірбаевқа 140 жыл”, “Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл”, “Ілияс Жансүгіровке 130 жыл”, “Әбілхан Қастеевке 120 жыл”, “Әлкей Марғұланға 120 жыл”, “Шәкен Аймановқа 120 жыл”, “Бердібек Соқбақпаевқа 100 жыл”, “Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл”, “Әбдіжамал Нұрпейсовке 100 жыл, “Тұрар Рұсқұловқа 130 жыл”, “Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл”, “Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл”, “Сәкен Сейфуллинге 130 жыл”, сондай-ақ, тері- былғары зауыты алдында, Қарағайлы шағын ауданында, “Asima” сауда үйінің алдында, Әуезов алаңы,Теміржолшылар ауылдары киіз үйдің алдында театрландырылған қойылымдар қойып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынады. Сондай-ақ, көрме, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі.

Сонымен қатар, 22 наурыз күні Орталық алаңда 19:00-ден 22:00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Барша қала тұрғындары мен  қонақтарын ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз. Наурыз құтты болсын

✍🏻 Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В этом году акимат города Семей планирует отпраздновать Наурыз мейрамы на высоком уровне и с большим размахом. В связи с этим будут организованы различные мероприятия.

🌱 Празднования будут проходить не только в центре города, но и в отдаленных поселках и населенных пунктах. В частности, 21 марта 2024 года с 11:00 до 13:00 часов в поселках Степной, Бобровка, Водный, Восточный и районах Дальняя, Жоламан, Компоселок, Холодный ключ пройдут праздничные национальные мероприятия «Наурыз мейрамы - 2024».

⚜️22 марта 2024 года с 11:00 часов на Центральной площади будут проходить праздничные программы и национальные игры, выставки, а также спортивные мероприятия.
В этом году отличительной чертой празднования Наурыз будут импровизированные аулы, посвященные к юбилеям исторических личностей страны. Например, «140 лет Кенену Азербаеву», «135 лет Жусипбеку Аймауытову», «130 лет Ильясу Жансугурову», «120 лет Абильхану Кастееву», «120 лет Алькею Маргулану», «120 лет Шакену Айманову», «100 лет Бердибеку Сокбакпаеву», «100 лет Рахимжану Кошкарбаеву», «100 лет Абдижамал Нурпейсову», «130 лет Турару Рускулову», «125 лет Канышу Сатбаеву», «100 лет Сагадату Нурмаганбетову», «130 лет Сакену Сейфуллину», а также - перед кожевенным заводом, микрорайоном Карагайлы, перед торговым домом «Asima», площадью Ауэзова, железнодорожным вокзалом будут выступать с театральными постановками и предлагать национальные угощения.

Также 22 марта с 19:00 до 22:00 часов вечера на Центральной площади состоится праздничный концерт с участием звезд казахстанской эстрады. Приглашаем всех жителей и гостей города вместе отпраздновать Наурыз мейрамы. Поздравляем с праздником Наурыз!

✍️ С уважением, акимат города Семей!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
22 наурыз күні, орталық алаңда отандық эстрада жұлдыздары Алатау серілері, Sadraddin, Turar өнер көрсетеді. Барша қала тұрғындарын Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.

___

22 марта на центральной площади выступят отечественные звезды эстрады: группа “Алатау серілері”, Sadraddin, Turar. Приглашаем всех горожан отметить вместе праздник Наурыз.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Наурыз мерекесіне орай 2024 жылдың 22 наурызында сағат 12.00-де Орталық алаңда қаламыздың дизайнерлері мен модельдік агенттіктері арасында біздің қаламызда алғаш рет өткізілген "Наурызға көрік берген ұлттық сән" ұлттық костюм байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталады.

Байқаудың мақсаты жастардың бойында ұлттық киім арқылы өз халқына деген патриотизм мен құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.

Жүлде қоры:
- «Дәстүрлі костюм» номинациясы бойынша үздік - 100 000 теңге
- «Этно» стиліндегі қолданбалы шығармашылық және сәнді аксессуарлар » номинациясы бойынша үздік-100 000 теңге
- «Заманауи киімдегі Этномотивтер» номинациясы бойынша үздік                 -100 000 теңге
 
 
 
В честь праздника Наурыз 22 марта 2024 года в 12.00 часов на Центральной площади состоится вручение сертификатов победителям впервые проведенного в нашем городе конкурса национального костюма «Наурызға көрік берген ұлттық сән» среди дизайнеров и модельных агентств нашего города. Целью конкурса является формирование у молодежи чувства патриотизма и уважения к своему народу через национальную одежду.

Призовой фонд:
- лучший в номинации  «Традиционный костюм» - 100 000 тенге
- лучший в номинации «Прикладное творчество и модные аксессуары в стиле «Этно» – 100 000 тенге
- лучший в номинации «Этномотивы в современной одежде» – 100 000 тенге

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығында Наурыз мейрамы тойланды

Бүгін “Наурызнама” онкүндігі аясында Семей қаласындағы Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығында «Қош келдің Әз Наурыз» атты мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Облыс мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шакаримовтар қатысты.

Іс - шара барысында балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті, сондай-ақ, ұлттық спорт күніне орай, ұлттық ойындардан сайыстар өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі орталықтың шебарханасын, жылыжайды аралады. Орталықтың тәрбиенушілері мен тәлімгерлері аулада ұлттық дәстүрлерді көрсетті.

Әкімдік атынан балалар арасында спортты одан әрі дамыту үшін спорттық жабдықтар мен ойыншықтарберілді.

•••••••

В Центре поддержки детей с особыми образовательными потребностями отметили Наурыз мейрамы

Сегодня в рамках декады «Наурызнама» в Центре поддержки детей с особыми образовательными потребностями города Семей прошел праздничный вечер «Қош келдің Әз Наурыз». В нем приняли участие аким города Нурбол Нурсагатов, председатель областного маслихата Куаныш Сулейменов, председатель городского маслихата Данияр Шакаримов.

В ходе мероприятия воспитанники Центра поддержки детей показали свои таланты, а также прошли соревнования по национальным играм, приуроченные ко дню национального спорта. Кроме того, учреждение порадовало своих воспитанников праздничным столом и различными сладостями.

Также аким города посетил двор данного центра, где воспитателя и наставники продемонстрировали национальные традиции.

От имени акимата Центру поддержки детей было передано спортивное оборудование и игрушки для дальнейшего развития спорта среди воспитанников.

#Семейқаласыныңәкімдігі