Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде қар тазалауды коммуналдық қызметтер күні-түні жүргізіп жатыр.

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 100-ден астам техника мен 100 жұмысшы жұмылдырылды. Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды...


🚜Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, тиегіштер бар.

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.

•••••

В Семее коммунальные службы осуществляют уборку и вывоз снега круглосуточно.

🔸 В очистке улично-дорожной сети и в посыпке противогололедными материалами задействовано более100 единиц техники и порядка 100 специалистов ручного труда. К дневной уборке привлекаются подметально-уборочная техника, фронтальные погрузчики, пескоразбрасыватели, МТЗ, лаповые погрузчики, самосвалы...

🚜 В общей сложности сегодня в распоряжении коммунальных служб свыше 110 единиц техники.

При обработке противогололедными материалами особое внимание уделяется аварийно-опасным участкам: мостам, путепроводам, подъемам и спускам, тротуарам, остановкам общественного транспорта.

#Семейқаласыәкімдігі
Мереке қарсаңында Семей қаласында 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылады

🌸Осы аптада Семей қаласында Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында тек мерекелік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар танымдық шаралар мен челленджер де өтеді.


Қаламыздың нәзік жанды тұрғындарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мересімен құттықтаймыз!

•••••

На этой неделе в городе Семей будут организованы более 100 мероприятий

🌸В городе Семей будут проходить различные мероприятия, посвященные Международному женскому дню. Данные мероприятия будут включать не только праздничные программы, но и познавательные мероприятия и челленджы.

Поздравляем Женщин нашего города с 8 марта – Международным женским праздником!

#Семейқаласыәкімдігі
Қала әкімі тұрғындарды әр апта сайын тұрақты түрде қабылдайды

Қабылдау барысында барлығы 22 өтініш қаралды. Тұрғындарды жер телімін алу, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар балаларға берілетін білім, баспанамен қамту және т.б. мәселелер толғандырады.

Қала басшысы қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін айтса, ал бірқатары бойынша шешімнің заңды жолдарын түсіндірді.

••••••••••

Аким города Нурбол Нурсагатов провел очередной личный прием граждан.

Всего в ходе приема было рассмотрено 22 обращений. Жителей волнуют вопросы социальной помощи, образования для детей с инвалидностью, обеспечения жильем и др.

Глава города выслушал жалобы, обращения и предложения жителей города, записанные на прием. Заслушав обращения граждан, он отметил, что некоторые вопросы будут решены, а по остальным вопросам разъяснил законные пути решения.

#Семейқаласыәкімдігі
Құрметті семейліктер!

🎼Ертең қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен «Шуақты көктем, арулар көркем» Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтеді.

Күні: 06.03.2024
Мекенжай: Қалалық мәдениет сарайы
Уақыты: 15:00


Қаламыздың нәзік жанды тұрғындарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мересімен құттықтаймыз!

•••••

Уважаемые семейчане!

🎼Завтра с участием акима города Нурбола Нурсагатова состоится праздничный концерт «Шуақты көктем, арулар көркем» в честь Международного женского дня.

Дата: 06.03.2024
Адрес: ГДК
Время: 15:00


Поздравляем Женщин нашего города с 8 марта – Международным женским праздником!

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Көктем аруы-2024» сұлулық байқауы өтті

«Халықаралық әйелдер күні»мерекесі қарсаңында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әр салада қызмет жасап жүрген нәзік жанды арулардың арасында «Көктем аруы-2024» сұлулық байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға медицина, қарулы күштер, білім және өнер саласы сынды қызметте еңбек етіп, үй шаруасымен қатар халыққа қызмет жасап, еңбегімен еленіп жүрген 10 ару бақ сынасты. Байқау Қазақи нақышта ұлттық киім үлгісімен дефиле көрсетіп, өзін-өзі таныстыру айдарымен басталды. Киім үлгісін көрсету, ән айту, би билеу, поэзия оқу сынды өз өнерлерін ортаға салып, байқау соңында отбасылық өмірде қолдау көрсетіп жүрген ер азаматтарымен кешкі образда жұп болып сән үлгісін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде «Көктем аруы 2024» атағы «Шаңырақ» балабақшасының музыкалық жетекшісі, 3 баланың анасы Жұмағалиева Сәуле Маратқызы, «1 мисс Көктем аруы» атағы Ақ Ұлпа» аналар қоғамының жетекшісі, 7 баланың анасы Сүлейменова Анар Әбетаевна, «2 мисс Көктем аруы» атағын Семей қаласының теміржол емханасының медбикесі Айдынбек Гүлім Айдынбекқызы, «3 мисс Көктем аруы» атағын N4 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбетова Жұлдыз Айдарқызы иеленді.

🚀 https://t.me/semeyakimdigi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Семее прошел конкурс красоты «Көктем аруы 2024»

В преддверии «Международного женского дня» праздника весны в Городском Дворце культуры при поддержке отдела культуры и развития языков города Семей прошел конкурс красоты «Көктем аруы 2024».

В конкурсе приняли участие девушки-кандидаты от 25 лет и старше, занимающие различные должности в городе, которые реализовали свой творческий потенциал, проявили интеллектуальные способности. Помимо красоты, участницы продемонстрировали свои таланты, показали знания традиции, истории и культуры нашего народа.

По итогам конкурса Гран-При, звание «Көктем аруы 2024» получила музыкальный руководитель детского сада Шаңырақ, мама 3 детей Жумагалиева Сауле Маратовна, звание «1 мисс Көктем аруы» руководитель общества матерей «Ак Ұлпа», мать 7 детей Сулейменова Анар Абетаевна. Обладатель звания «2 мисс Көктем аруы» медсестра железнодорожной поликлиники г. Семей Айдынбек Гулим Айдынбековна, обладательницей звания «3 Мисс Көктем аруы» стала учитель английского языка средней школы N4 Нурмухамбетова Жулдыз Айдаровна.

Остальные участницы получили номинации: «Нәзік жанды ару », «Өнерлі ару», «Инабатты ару», «Парасатты ару» және «Көрермен көзайымы».

🚀 https://t.me/semeyakimdigi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Шуақты көктем, арулар көркем

Бүгін Семейде «Шуақты көктем, арулар көркем» 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты кеш өтті.

🌸Қаламыздың көркеюі мен дамуына үлес қосып жүрген нәзік жанды әйелдер қауымы әр салада еңбек етуде. Бірі өз кәсібін ашып, бірі ауыр өндіріс орындарында жұмыс істесе, енді бірі мемлекетке қызмет етіп жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, медицина және білім сияқты басқа да салалардың дамуына ат салысып жүрген аналар мен қыздар баршылық. Барлығы әртүрлі салада еңбек етсе де, әрқайсысының мүддесі халқына адал еңбек ету.

💬 ”Әр нәзік жандының тағдыры әртүрлі болғанымен, сіздердің барлықтарыңызға тән бір асыл қасиет бар, ол — өмірді жақсартып, әлемді әдемі етуге деген құштарлық. Бұл — тек сіздердің қолдарыңыздан ғана келеді. Сіздер бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер”, - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қала әкімі өз құттықтау сөзінде қаламызға қалтқысыз қызмет жасап жүрген қарапайым жұмысшы әйелдер қауымының еңбегінің зор екендігін атап өтіп, бірнеше нәзік жандыға 100 000 теңге көлімінде қаржылай сертификаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Марапатталғандардың арасында ЖЭО қызметкері,әлеуметтік қызметкер, ұстаз, дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, полиция лейтенанты, радиотелефонист және сылақшы, кондуктор сынды қарапайым еңбек адамдары да бар.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында қаламыздың өнерпаздары өнер көрсетіп, аналардың құрметіне ән шырқады.

📍Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар осы аптаның соңына дейін жалғасады.

✈️ https://t.me/semeyakimdigi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM