Семей қаласының әкімдігі
3.01K subscribers
10.4K photos
2.76K videos
9 files
804 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласында 2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты
1 ауысымда
оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.


19 февраля 2024 года в г. Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для
учащиеся
0 -11 классов 1 смены и студентов колледжей
переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерден, мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскелерінде заңсыз орнатылған темір гараждарды ерікті түрде алып тастауларыңызды сұраймыз, олай жасалмаған жағдайда айыппұл санкциялары қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес аталған факті мемлекеттік жерді өз бетінше иеленіп алу деп бағаланады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136-бабына сәйкес мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау:
Жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

✍🏻 Семей қаласының жер қатынастары бөлімі

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Уважаемые жители города!

Просим вас, добровольно убрать незаконно установленные железные гаражи на земельных участках, находящихся в государственной собственности.

В противном случае, будут приняты штрафные санкции.
В соответствии со статьей 43 Земельного кодекса Республики Казахстан данный факт оценивается как самовольное владение государственной землей.

В соответствии со статьей 136 Кодекса РК Об административных правонарушениях незаконное владение или обмен государственными земельными участками либо совершение других сделок, прямо или косвенно нарушающих право государственной собственности на землю, а также несвоевременный возврат временно занимаемой государственной земли.

Напоминаем, что штраф на физических лиц - в размере семидесяти пяти, на должностных лиц, субъектов малого предпринимательства или некоммерческих организаций - в размере ста, на субъектов среднего предпринимательства - в размере ста пятидесяти, на субъектов крупного предпринимательства-в размере семисот месячных расчетных показателей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

19 февраля 2024 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащися 0-11 классов 2 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Video
Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы наурыз айында басталады

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұржан Есенжолов "Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы" туралы ақпарат берді. Жоба жас кәсіпкерлердің қызметінің дамуына қолайлы жағдай жасап, проблемаларды бірлесіп шешу, дамыту және кәсіпкер болуға ынталы жастарды қолдау мақсатында құрылған.

Сонымен қатар, бөлім басшысы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы жайлы да атап өтті.

- Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға дәнекерлеушілер, тігіншілер, аспаздар, кран машинисі және басқа да мамандықтардың 22 адамы жіберілді. 2023 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша NEET санатында 1 313 жас тіркелді, - деді Нұржан Есенжолов.


Бизнес-инкубатор жобасына 35 жасқа дейінгі кез-келген жастардың қатысуға мүмкіндігі бар. Ең бастысы жастардың идеясы және оны ұсынуы екендігін жеткізді қалалық мәслихат депутаты Мадина Еділбекова.

— Бізде көптеген кәсіпкерлер мен стартаперлер бар. Бірақ олардың көпшілігі, әсіресе жастар, кімге жүгіну керектігін және жоспар құруды білмейді. Ақпараттық технологиялар ғасырында біз уақытпен бірге жүруіміз керек. Семей әкімінің қолдауымен біз бағдарламаны стартаперлермен бірлесіп ұйымдастырдық. Мысалы: көптеген қыздар үйде нан пісірумен айналысады, бірақ оны бизнеске қалай айналдыруға болатынын білмейді, көмек сұрайтын жерлерін де білмейді. Міне, осы жастарға, яғни ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көмектесеміз. - деп атап өтті Мадина Еділбекова.

Сондай-ақ, депутат қала әкімшілігі жастарды қарсы алуға және онымен жұмысты барынша тиімді етуге дайын екенін айтты.

- Біз жұмыс істеуге ынталы, өз ісін дамытуға, үлкен пайда табуға ұмтылатын жастарды қолдауға дайынбыз. Бұл біздің жастарымыз үшін жақсы бастама деп ойлаймын, - деп қорытындылады Мадина Еділбекова.
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес-инкубатор жобасы наурыз айында басталады Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұржан Есенжолов "Семей қаласындағы стартаптарды қолдайтын бизнес…
Бизнес-инкубатор с поддержкой стартапов появится в городе Семей

Инкубатор планируется ориентировать на поддержку именно молодых предпринимателей, которые готовы вести бизнес, но пока не знают, с чего именно начать.

Как отметил на пресс-конференции в РСК области Абай руководитель отдела внутренней политики г. Семей Нуржан Есенжолов, молодых людей поддерживают не только в части предпринимательства.

— На краткосрочное профессиональное обучение по востребованным на рынке труда специальностям направлены 22 человека из числа молодежи сварщиков, швей, поваров, крановщиков и других специальностей. По данным на декабрь 2023 года, в категории NEET было зарегистрировано 1 313 молодых людей, - отметил Нуржан Есенжолов.

Депутат городского маслихата Мадина Едилбекова добавила, что бизнес-инкубатор поможет молодым людям вне зависимости от их пола и возраста. Самое главное – идея и её подача.

— У нас много предпринимателей и стартаперов. Но многие из них, особенно молодые, не знают к кому обратиться, как составить план. В век информационных технологий, нам нужно идти в ногу со временем. При поддержке акима Семея, мы организовали программу, совместно со стартаперами, где будем помогать начинающим предпринимателям. Яркий пример: многие девушки занимаются дома выпечкой, но не знают, как можно превратить это в бизнес, не знают куда им обратиться за помощью, - отметила Мадина Едилбекова.

Также депутат добавила, что городская администрация готова пойти молодёжи навстречу и сделать работу с ней максимально эффективной.

— Мы готовы поддержать молодёжь, которая готова работать, стремится к развитию собственного дела, к большим прибылям. Думаю, что это хороший старт для нашей молодёжи. Площадка будет открыта и туда сможет обратиться за помощью любой молодой человек, - заключила Мадина Едилбекова.
20 ақпанда Абай облысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

•••

20 февраля по области Абай ожидается сильный мороз 40 градусов.
Семей қаласында 2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты
1 ауысымда
оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

•••••

20 февраля 2024 года в г. Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащиеся 0 -11 классов 1 смены и студентов колледжей переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты
2- ауысымда
оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.


20 февраля 2024 года в г. Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащиеся
0 -11 классов 2-смены и студентов колледжей
переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары❗️

📌Ағымдағы жылдың 23 ақпанында қаржы-экономикалық колледжінде жергілікті тауар өндірушілердің «From Semey» көрмесін өтетінін хабарлауға қуаныштымыз.

🏭 Көрмеде кәсіпорындар: машинажасау, құрылыс, металл, пластмасс, жиһаз, қағаз, тоқыма, полиграфия және қаламыздың басқа
да өнімдерін ұсынады.

🕴🏻 Осы іс-шарада өндірілген өнімді ұсынғысы келетін кәсіпкерлерден «Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-не жүгінулеріңізді сұраймыз.

📍 Сондай-ақ, көрмеде қаржы институттарының өнімдері (бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы) ұсынылады.

📌 Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге болады: 8 708 467 16 22; 8 708 467 16 45.
Уважаемые жители и гости города Семей❗️

📌Рады сообщить Вам, что 23 февраля текущего года в финансово-экономическом колледже пройдёт выставка местных товаропроизводителей «From Semey».

🏭Предприятия представят: машиностроительную, строительную, металлическую, пластмассовую, мебельную, бумажную, текстильную, полиграфическую и прочие продукции нашего города.

🕴🏻Предпринимателей, желающих представить произведенную продукцию в данном мероприятии просим обратится в ГУ «Отдел предпринимательства г. Семей области Абай».

📍Также на выставке будут представлены продукты от финансовых институтов (о мерах государственной поддержки бизнеса).

📌Дополнительную информацию Вы можете узнать по следующим номерам:
8 708 467 16 22; 8 708 467 16 45.
Семейде қар тазалауды коммуналдық қызметтер күні-түні жүргізіп жатыр

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 100-ге жуық техника мен 80-нен жұмысшы жұмылдырылды. Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды...


🚜Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекороторлар, тиегіштер бар.

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.

Қар шығаруға қатысты немесе басқа да сұрақтарыңыз болса біздің WhatsApp нөмірімізге +7 (700) 718-71-60 жаза аласыздар. Барлық мәселелер қала әкімдігінің толық бақылауында.


#Семейқаласыныңәкімдігі