Семей қаласының әкімдігі
3K subscribers
10.6K photos
2.78K videos
9 files
869 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде өңірлік кадрлық резервке іріктеу барысы түсіндірілді

Өңірлік кадр резерві жобасының негізгі мақсаты – аймақты дамытуға талантты жастарды тарту. Жобаның бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтеді.

Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Дәулетқалиев айтты.

Қала жастарымен кездесу барысында Департамент басшысы кадрлық резерв пен оған қатысушыларға қойылатын негізгі талаптарға тоқталды.

Оның сөзінше, облыста өңірлік резервке 7 бағыт бойынша қабылданады. Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік салалар сынды 7 бағытты дамытуға өз үлесін қосатын жастар таңдалып алынбақ.

Кадрлық резервке өтуден үміткерлер 35 жастан аспайтын, жоғары білімді және кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы шарт.

«Елімізде жастарды қолдауға арналған түрлі жобалар бар. Солардың бірі – өңірлік кадр резерві жобасы. Қазіргі таңда озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге де, облысымызға да өте қажет»,- деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиал директоры Әсет Абжақов үміткер жобаға қатысу үшін қандай кезеңдерден өтуі қажет екенін түсіндіріп өтті.

«Әуелі құжаттарды қабылдау кезеңінен, одан кейін заңнамалық білімі мен жеке қасиеттерін бағалау тестінен өтеді. Бұдан соң құзыреттерді бағалау мен комиссияда сұхбат болады, соңғы кезеңде резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады», — деді ол.

Еске салайық, үміткерлер құжаттарын onir.pkrezerv.gov.kz сайтында тапсыра алады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
В Семее разъяснили ход отбора в региональный кадровый резерв

Основная цель проекта регионального кадрового резерва-привлечение талантливой молодежи к развитию региона. Первый этап проекта пройдет с 1 по 31 марта 2024 года.

Об этом на совещании в актовом зале акимата города Семей рассказал руководитель департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по области Абай Нурлан Даулеткалиев.

В ходе встречи с молодежью города руководитель Департамента остановился на основных требованиях к кадровому резерву и его участникам.

По его словам, в региональный резерв области будут зачислены молодые люди, которые внесут свой вклад в развитие региона по следующим 7 направлениям: агропромышленный комплекс и земельные отношения, экономика и финансы, цифровизация, социальные сферы.

Претенденты на поступление в кадровый резерв должны быть не старше 35 лет, иметь высшее образование и стаж работы не менее 3 лет.

«В стране есть различные проекты по поддержке молодежи. Один из них - проект регионального кадрового резерва. В настоящее время передовые, конкурентоспособные специалисты необходимы как стране, так и области», - сказал заместитель акима города Семей Жанибек Мукатаев.

Директор филиала Академии государственного управления при Президенте РК по области Абай Асет Абжаков объяснил, какие этапы необходимо пройти кандидату для участия в проекте.

«Сначала проходит этап приема документов, затем тест на оценку законодательных знаний и личностных качеств. Далее будет оценка компетенций и собеседование на комиссии, на заключительном этапе будет вынесено предложение о приеме кандидатов в резерв», - сказал он.

Напомним, что претенденты могут подать документы на сайте onir.pkrezerv.gov.kz.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін түскен) үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

14 февраля 2024 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащися 0-11 классов 1 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

14 февраля 2024 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащися 0-11 классов 2 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қ.: 15 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

•••••

В г. Семей: 15 февраля ожидается метель. Ветер юго-западный с переходом на северо-западный ночью порывы 15-20 м/с.

#Семейқаласыныңәкімдігі
🌧Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінде және қала маңындағы тұрғын массивтерде 80-нен астам арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Жолдарды қар мен мұздан тазарту, көктайғаққа қарсы іс-шаралар және қарды жаппай шығару жалғасуда.

•••••

🌧 Коммунальные службы города переведены в усиленный режим работы. В настоящее время уже более 80 единиц спецтехники и 10 рабочих бригад подрядных организаций по зимнему содержанию работают на улицах г. Семей и в пригороде.
Проводятся работы по очистке дорог от снега и наледи, противогололедные мероприятия и массовый вывоз снега.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты
1 ауысымда оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

15 февраля 2024 года в г. Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для
учащися
0 -11 классов 1 смены и студентов колледжей
переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты
2 ауысымда
оқитын 0 -11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

……

15 февраля 2024 года в г. Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащиеся 0-11 классов 2 смены и студентов колледжей переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр.

Бүгін Семей қаласындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған шараға облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, әскери қызметшілер, қала тұрғындары қатысты.

Шарада Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары Дархан Ажибаев, «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов сөз сөйлеп, еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті.

Жиналған қауым алдымен ауған соғысында мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтарын қойып, ел үшін жанын қиған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

#Семейқаласыныңәкімдігі