Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.6K photos
2.9K videos
9 files
1.06K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
December 27, 2023
Семей қаласында 2023 жылғы 27 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 2 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.


27 декабря 2023 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий(гололед) занятия для учащися 0-11 классов 2 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.
December 27, 2023
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімінің шыршасы ерекше форматта өтті

Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 200 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала әкімінің орынбасары Жаныбек Мукатаев қатысты.

🎄 Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Сондай-ақ балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі.

Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

#Семейқаласыәкімдігі
December 27, 2023