Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Уважаемые жители и гости города!

Представляем вашему вниманию план мероприятий, организованых акиматом города Семей ко Дню Независимости.

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️Семейде «Жыл таңдауы-2023» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Шараға қала әкімінің орынбасары Жәнібек Мұқатаев қатысып, жыл үздіктерін марапаттады.

«Жыл таңдауы – 2023» сыйлығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жастардың қаланың қоғамдық өміріне қатысуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Биыл әкім сыйлығын алуға үміткерлерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Өз саласындағы ең табысты жастар арнайы комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

Сондай-ақ, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың атынан жақында жайдарман ойындарының финалдық бәсекесінде жеңімпаз атанған «Қыздар емес» командасына алғыс хат табысталды.


Жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталды:

✔️«Жылдың үздік студенті» аталымын — Игенбердыева Сағыныш Муратбекқызы;

✔️«Жылдың үздік волонтері» аталымын —Чукеев Ахмет Ерланұлы;

✔️ «Жылдың үздік жастар ұйымы» аталымын — «Қаракөз студент жастар театры»;

✔️«Жылдың жас журналисі» аталымын —Торсықбаев Рүстем Қайратұлы;

✔️ «Жылдың жас қаһарман» аталымын —Нұртазаев Елдос Нұрдәулетұлы;

✔️ «Жылдың жас дәрігері» аталымын — Болатов Данияр Нұрбекұлы;

✔️ «Жылдың жас еңбек адамы» аталымын — Құсайынов Жарқын Шаймұратұлы;

✔️ «Жылдың жас спортшысы» аталымын — Игимбаева Арайлым Саматқызы;

✔️ «Жылдың жас дарыны» аталымын — Төребекова Мариям;

✔️ «Жылдың жас жанұясы» аталымын — «Уайсовтар» жанұясы;

✔️ «Ауылдың жас маманы» аталымын — Қапезова Аңсаған Сырымқызы;

✔️«Жылдың жас ұстазы» аталымын — Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы иеленді.

Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Video
Церемония награждения победителей молодежной премии «Выбор года-2023» состоялась в Семее

В мероприятии принял участие заместитель акима города Жаныбек Мукатаев, который наградил лучших.

Премия «Выбор года – 2023» вручается за вклад в реализацию государственной молодежной политики и участие молодежи в общественной жизни города.

В этом году от кандидатов поступило около 50 заявок. Голосованием членов специальной комиссии были выбраны наиболее успешные молодые люди в своей области.

Также от имени акима города Нурбола Нурсагатова было вручено благодарственное письмо команде "Қыздар емес" которая недавно выиграла финальные соревнования Жайдарманских игр.


Победители определялись в 12 номинациях: Игенбердыева Сагыныш Муратбековна признана «Лучшей студенткой года»;

«Лучший волонтер года» – Чукеев Ахмет Ерланович;

«Лучшая молодежная организация года» - «Студенческий молодежный театр «Каракоз»;

"Молодой журналист года"– Торсыкбаев Рустем Кайратович;

"Юный герой года» – Нуртазаев Елдос Нурдаулетович;

"Молодой врач года» – Болатов Данияр Нурбекович;

Кусаинов Жаркын Шаймуратович определен «Молодым работником года»;

"Молодой спортсмен года" – Игимбаева Арайлым Саматовна;

"Молодой талант года» – Мариам Торебекова;

«Молодая семья года» — семья "Уайсовых".

«Молодой специалист села» - Капезова Ансаган Сырымовна

Звание «Молодой учитель года» присвоено Шынарбек Шыңғыс Абиловичу.

После церемонии для участников награждения была организована концертная программа.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2023 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

15 декабря 2023 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащися 0-11 классов 1 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тәуелсіздікке тағзым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті

Байқау мақсаты - көркем әдебиетті, сөз өнерін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпал ету, патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен ақындар тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарып оқыса, екінші айналымда еркін тақырыпта жеке шығармашылығынан өлең оқып сынға түсті.

Тәуелсіздік тақырыбында өлең жазу үшін қатысушыларға жеті күн уақыт берілді.

Мүшайраға мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы жиыны 14 ақын қатысты.


Әділ қазылардың төрелігімен байқаудың бас жүлдесін Рахатбек Ерзат жеңіп алса, 1 орынды - Ерланов Әлихан, 2 – орынды Нұрбол Ұлан және 3 орынды Сләмшайықұлы Мирас иеленді.

Сонымен қатар бүгінгі байқауда ерекше көзге түскен ақындар Қ. Рысқұлбекұлы, Е. Сыпатайұлы, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова атындағы арнайы жүлделермен де марапатталды.

Ал байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Семей қаласының әкімдігі
«Тәуелсіздікке тағзым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті Байқау мақсаты - көркем әдебиетті, сөз өнерін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпал ету, патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту. Байқау екі…
В Семее состоялся конкурс- мушайра молодых поэтов «Тәуелсіздікке тағзым»

Цель данного проекта – прославить художественную литературу, искусство речи, способствовать укреплению нашей независимости, показать молодому поколению духовность поэзии, патриотическое направление.

Конкурс состоял из двух туров. Сначала поэты читали стихи на тему независимости, во втором туре - стихи из собственных произведений на свободную тему.

Участникам было дано семь дней на то, чтобы написать стихотворение на тему независимости.

В конкурсе приняли участие 14 поэтов - это школьники, студенты колледжей и университетов.

Главный приз конкурса по мнению судей завоевал Рахатбек Ерзат, 1-е место занял Ерланов Алихан, 2-е место - Нурбол Улан, 3-е место - Мирас Слямшай.

Всем участникам конкурса были вручены благодарственные письма и ценные подарки.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында 2023 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері(9- сыныптан кейін түскен) үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.


15 декабря 2023 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий занятия для учащися 0-11 классов 2 смены и студентов 1,2 курсов колледжей(на базе 9 классов) переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!

16 желтоқсан - ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан - қасиетті де қастерлі күн.

Биыл егемендігімізді айқындайтын Тәуелсіздігімізге 32 жыл толып отыр. Азаттық үшін жан кешкен желтоқсан көтерілісінде қаншама намысты жастар азап шекті. Тәуелсіздікті ту еткен – желтоқсаншылардың ерлігі зор құрметке ие, жас ұрпақа үлгі өнеге. Егемен ел болу мәртебесін көру, бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!


Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Желтоқсан - ерлік пен елдіктің айы. Тарихымыздың мәңгі ұмытылмас парағы.

Бүгін Семейліктер азаттық пен Тәуелсіздік жолында адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандардың рухына бас иіп, тағзым жасады. Іс-шара қалалық әкімдіктің алдындағы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіш басына гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен жастар қатысты.

........

16 декабря - незабываемый день в истории нашей страны, день народного единства и отваги!

Сегодня семейчане почтили память молодых героев и выразили своё уважение к подвигу участников декабрьских событий, которые пали жертвой на пути к свободе и независимости суверенного Казахстана.

Мероприятие состоялось перед городским акиматом, собравшиеся возложили цветы к памятнику Кайрата Рыскулбекова.

В торжественном мероприятии приняли участие аким области Абай Нурлан Уранхаев, также участники декабрьских событий и представители молодёжи.

#Семейқаласыәкімдігі