Семей қаласының әкімдігі
3.02K subscribers
10.4K photos
2.76K videos
9 files
798 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Жаңа бағдаршамдарды орнату жұмыстары жалғасуда

"Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қазіргі уақытта жаңа бағдаршам нысандарын орнату жұмыстары келесі көшелерде жалғасып жатқанын хабарлайды:

🚦Қаржаубайұлы-Дулатов
🚦Бозтаев-Өзбек
🚦Әуезов-Ертіс
🚦Селевин-Саябақ

Жаңа бағдаршамдар пайдалануға берілмес бұрын қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

•••

Продолжаются работы по установке новых светофоров

ГУ «Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей области Абай» сообщает, что в настоящее время продолжаются работы по установке новых светофорных объектов по адресам:

🚦Каржаубайулы-Дулатова
🚦Бозтаева-Узбекская
🚦Ауэзова-Иртышская
🚦Селевина-Парковая

Прежде чем новые светофоры будут введены в эксплуатацию, будут проведены необходимые разъяснительные работы.
Қала әкімінің Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесуі туралы

Айнабұлақ пен Ақбұлақ ауылдық округтерінен кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді. Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің кездесуіне қатысты.

"Ақпан айында өткен кездесуімізде округ тұрғындары Жедел жәрдем көлігінің болмауына шағымданды. Абай облысының денсаулық басқармасынан сұрау салу арқылы Қайнар ауылындағы медициналық пунктінен жедел жәрдем көлігі берілді",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.


Биыл ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, көктем маусымында көше жарықтандыруына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа қалалық бюджет есебініен 1,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, наурыз айында 11 млн. теңге сомасына «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымы әкімдік ғимаратының шатыры мен тірек бағаналары ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылындағы ағымдағы жылы жасалған Воркаут (Workout) алаңының сапасын тексерді.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
❗️Встреча акима Семея с жителями села Абралы

После Айнабулакского и Акбулакского сельских округрв, Нурбол Нурсагатов провёл отчетную встречу с жителями села Абралы.

В селе Абралы проживают 430 человек, на встрече с акимом приняли участие более 30 сельчан.

«Во время нашей встречи в феврале этого года жители сельского округа пожаловались на отсутствие машины скорой помощи. Мы сделали запрос в управление здравоохранения области Абай и, в результате, для обслуживания поселка был выделен транспорт медицинского пункта Кайнара», - отчитался перед сельчанами Нурбол Нурсагатов.

В этом году в сельском округе ведется большая работа, весной частично отремонтировано уличное освещение.
На эти цели из городского бюджета выделено 1,5 миллиона тенге.

Также в марте на сумму 11 млн тенге подрядная организация «Енбек- Ускемен» заменила кровлю и столбы административного здания и провела капитальный ремонт.

После встречи Нурбол Нурсагатов проверил качество сделанного в этом году пространства Workout в селе Абралы.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Жылу желілерінде апаттық жағдайлар орын алған жағдайда төмендегі Call center хабарласыңыздар: 109 немесе "Теплокоммунэнерго" МКК авариялық-диспетчерлік қызметі: 33-98-49

•••••••••••••••••••

Телефоны по которым нужно обращаться в случае аварийных ситуаций на тепловых сетях - телефон городского Call center : 109 или Аварийно-диспетчерская служба ГКП "Теплокоммунэнерго" : 33-98-49

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

***

⚡️Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов проводит встречи с жителями отдаленных сельских округов Караолен и Алгабас.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Қараөлең ауылдық округінің нысандарын аралады

2023 жылдың мамыр айында Қайнар мәдениет үйінің  жылу жүйесін  жөндеуге 28 млн соммасында қаражат бөлініп, «Магнитом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізген болатын. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен мәдениет үйінің жылу қазандығының жұмысымен танысты.

Артынша Қайнар ауылының мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу өткізді. 2023 жылы Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекетін ағымдағы жөндеуге 7 млн 901 мың теңге бөлінді, өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталды.  Сонымен қатар, округ әкімдігі ғимаратының сол қанатының ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 7 млн 285 мың теңге бөлініп, жергілікті мердігеплер жұмыстар жүргізді.

Мәдениет үйі алдындағы аллеяны 18 млн 458 мыңға жаңартылып, орындықтар, жарықтандырулар заман талабына сай қойылды. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ағымдағы жұмыстардан қалған қаражатқа әкімшілік алдына пандус пен воркаут алаңдарының асты тегістеліп, жасанды көгалды жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Ауыл ішіндегі көшелерді жарықтандыру бойынша жобалау сметалық құжаттар әзірлену сатысында. Тиісті құжаттамалар әзірленгеннен кейін, келер жылы бірнеше көшеге жарықтандырулар жүргізіледі.

Сонымен қатар, Абралы ауруханасының қазандығы мен шатыры Абай облысы денсаулық басқармасының есебінен  күрделі жөндеуден өткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города посетил объекты Караоленского сельского округа

В мае 2023 года на ремонт системы отопления ДК в Кайнаре были выделены средства в размере 28 миллионов, а ТОО "Магнитом" провело капитальный ремонт отопительного котла. Аким города Нурбол Нурсагатов впервые ознакомился с работой отопительного котла Дома культуры.

После этого он провел встречу с местными жителями села Кайнар.

В 2023 году на содержание пожарной части села Кайнар выделено 7 миллионов 901 тысяч тенге, строительство пожарной части завершено.

Кроме того, на содержание левого крыла районного акимата выделено 7 миллионов 285 тысяч тенге, работы провели местные подрядные организации.

Аллею перед Домом культуры отремонтировали за 18 миллионов 458 тысяч тенге, установили скамейки и освещение в соответствии с современными требованиями. Кроме того был подправлен пандус и спортивная площадка перед администрацией, а также уложен искусственный газон.

Проектно-сметная документация на уличное освещение в поселке находится на стадии разработки. После разработки соответствующих документов в следующем году несколько улиц будут освещены.

Кроме того, за счет средств управления здравоохранения области Абай по плану проводится капитальный ремонт котельной и крыши Абралинской больницы.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Абай облысында азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі қаралды

Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестік мүшелері мен жастар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысымен кездесті.

Басқосуда жалпы мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі, оның ішінде басқа ұлт өкілдерінің қызметке тағайындалуы талқыланды.

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі ерекше екенін атап өтті.

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі - әлемдегі ең озық үлгілердің бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы этностардың интеграциясына, қазақстандық бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайтуға, елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттарын қоғамда түсіндіруге және оларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған, - деді Нұржан Есенжолов.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Дәулетқалиевтің айтуынша, олардың басты міндеті - қарапайым және мемлекеттік салада алғаш бақтарын сынап жүрген азаматтардың санасын өзгерту.

– Біздің басқарма Абай облысының әкімдігімен бірлесіп, түрлі этностарды мемлекеттік қызметке қабылдау бағытында нақты жұмыстар жүргізуде. Бүгінде біз мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінен ашықтық саясатын байқай аламыз. Алайда халық мемлекеттік аппаратты қоғамнан жоғары деген сенімді әлі де ұстанады, - деді департамент басшысы.

Нұрлан Дәулетқалиев жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанында атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметке саналы азаматтарды орналастыру бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Бұл саладағы заңнама жыл сайын елеулі өзгерістерге ұшырап, мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған. Сіздерде барлық мүмкіндік бар деп жеке өз атымнан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың атынан сенімді түрде айта аламын, - деді Нұрлан Дәулетқалиев.

Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемағұлов Қазақстан халқы Ассамблеясының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.

– Облысымызда Семей, Курчатов қалалары мен бірнеше ауданда Достық үйлері бар. Сондай-ақ, жастар саясаты мен жастардың бастамаларын қолдайтын «Жастар ассамблеясы» да жүйелі қызмет атқаруда. Ассамблеяның негізгі мақсаттары мен міндеттері – Мемлекет басшысының бастамалары мен идеяларын қолдау, мемлекетіміздегі түрлі этностардың бірлігін нығайту мен қоғамдық өмірге араласу, - деді Арман Жемағұлов.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

✍🏻 Абай облысының қоғамдық даму басқармасы