Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Құрметті семейліктер!

Қазіргі таңда қаламызда заман талабына сай қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Арнайы бекітілген жобаға сәйкес, Жамақаев көшесінде қоғамдық кеңістік аумағын жарықтандыру, спорт және балалар алаңдары мен амфитеатрды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Шағын архитектуралық формалар орнатылды.

Ағымдағы жылдың 7 қазаны сағат 14:00-де, Б. Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңстіктің салтанатты ашылу рәсімін өткізу жоспарлануда.

Іс-шара барысында қала тұрғындары үшін арнайы концерттік бағдарлама, спорттық ойындар және балаларға арналған ертегі кейіпкерлері кішкентай бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлайтын болады.
Барлық қала тұрғындарын аталмыш шараға қатысып, белсенді болуға шақырамыз.
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті семейліктер! Қазіргі таңда қаламызда заман талабына сай қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Арнайы бекітілген жобаға сәйкес, Жамақаев көшесінде қоғамдық кеңістік аумағын жарықтандыру, спорт және балалар алаңдары…
Уважаемые семейчане!

В настоящее время в городе ведется интенсивная работа по строительству современного общественного пространства. Согласно специально утвержденному проекту, проведены работы по освещению территории общественного пространства, установке спортивных и детских площадок и амфитеатра на улице Жамакаева. Установлены малые архитектурные формы.

7 октября текущего года в 14:00 часов планируется провести торжественное открытие общественного пространства по улице Жамакаева.

В ходе мероприятия состоится специальная концертная программа для горожан, спортивные игры и сказочные герои для детей, которые подарят детям прекрасное настроение. Приглашаем всех горожан на мероприятие по открытию нового современного общественного пространства.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семейде 1000 -нан аса жас көшеттер отырғызылды

Бүгін экологиялық айлық шеңберінде, қала аумағының бірнеше учаскесінде 1000 дана жасыл көшеттер отырғызылды. Атап айтқанда, үйеңгі тал, емен алма ағашы, шырша, бөртегүл, бөріқарақат, майқарағай және т.б ағаш түрлері отырғызылды.

​Аталған іс-шараға қаланың 300-ден астам белсенді азаматтары, оның ішінде мәслихат депутаттары мен Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен әкімдік өкілдері Қарағайлы шағын ауданындағы көшет отырғызу шарасына қатысты.

Сондай-ақ, сенбілікте күні бойы ән шырқалып, ыстық тамақ және сусындар таратылып, мерекелік концерт те өтті.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее высадили более 1000 молодых саженцев.

Сегодня в рамках экологического месяца в нескольких районах города высажено 1000 зеленых саженцев.

В частности, были посажены клен, ива, дуб, яблоня, пихта, барбарис, лиственница и другие виды деревьев.

Более 300 активных горожан приняли участие в посадке деревьев в микрорайоне Карагайлы. В том числе депутаты маслихата, аким города Семей Нурбол Нурсагатов и представители акимата.

В осенний день на субботнике была организована горячая еда и напитки, а также состоялся концерт.


#Семейқаласыныңәкімдігі
👍3
Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді

Семей қаласының орталығында қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін бүгін белсенді спорт түрлерімен айналысуға және демалуға арналған жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Семейдегі Жамақаев көшесі бойындағы саябақ пен аллеяның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Белсенді және мәдени демалуға арналған аймақтары бар жайлы аллея Шәкәрім даңғылындағы қиылыстан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейін төрт ауданға созылуда.
Бұл жер қаладағы ең танымал орындардың бірі. Мұнда бірнеше мыңдаған қала тұрғындары тұрады, сонымен қатар осы ауданда мектептер, гимназия және бірнеше колледждер орналасқан.

"Екі айдың ішінде саябақ аллеясының бүкіл кеңістігі толығымен өзгерді. Біз балалардың демалуына арналған көптеген алаңдарға 4,5 мың шаршы метр төсеніш және 1,5 мың шаршы метр жұмсақ резеңке жабын төседік", - деді "Жанерке" ЖШС өкілі Роллан Есіпбаев.

Оның айтуынша, мердігерлер аллеяны төрт негізгі аймаққа бөлді: музыкалық, ересек, балалалар және спорт. Мұнда белсенді спорттың барлық түрлерімен айналысуға болады.

Жасанды көгалмен футбол алаңын абаттандыру, жарықтандырылған беседкаларды, шағын амфитеатрды орнату жұмыстары жасалды, сондай-ақ аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Белсенді және отбасылық демалыс үшін қаланың сол жағалауындағы жаңа көпір асты кеңістігі және Мәңгілік Ел көшесіндегі "Арбат" үлкен жобасының бірінші бөлігі қала тұрғындары үшін дайындалуда.

#Семейқаласыныңәкімдігі
1🔥1