Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
743 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласында тұңғыш рет «Семей батыры» спорттық сайысы өтуде

Дәл қазір Арбат алаңында Семей қаласының ең мықты спортшылары бақ сынасып, сыңға түсуде. Олар мөшекпен қашықтықта жүгіру, темірді максималды ұзақ уақытқа ұстап тұру, гір тасын көтеру, бөренемен отырып-тұру, гір тасын иықтан жоғары көтеру, дөңгелекті көтеру, автобусты тарту сынды бірнеше сайыс түрі бойынша бақ сынасуда.

Сайысқа Семей қаласының 18 жастан асқан азаматтары қатысып бақ сынасып жатыр.

Аталмыш шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаевтың мәліметінше, аталған сайыс Семей қаласында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта аталған сайыс жалғасын табатын болады.
Впервые в городе Семей проходит спортивный конкурс «Семей батыры»

Сейчас на площади Арбата соревнуются сильнейшие спортсмены Семея. Они соревнуются в нескольких видах: бег на дистанции, удержание железа на максимальном расстоянии, поднятие гиревого камня, приседания с бревном, поднятие гиревого камня выше плеч, подъем колеса, тяга автобуса.

В конкурсе принимают участие жители города Семей старше 18 лет. В мероприятии принял участие аким города Семей Нурбол Нурсагатов и пожелал спортсменам удачи.

По информации руководителя отдела физической культуры и спорта Бауыржана Дюсенбаева, данный конкурс проводится впервые в городе Семей. В дальнейшем данный конкурс будет продолжен.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Ертістің оң жағалауында "пончикті" минутқа жеуден жарыс өтуде.

....

На правом берегу Иртыша проходят соревнования по поеданию "пончиков".
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
Семейде «Үздік кондитер» байқауы өтті

Қала күнін мерекелеу қарсаңында «Үздік кондитер» байқауы өтті. Сайыс барысында кондитерлер қала қонақтары мен тұрғындарына арнайы мерекеге орай жасалған 20 метрлік тортты ұсынды. Іс-шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та қатысып, ұсынылған тәтті өнімдерді аралап көрді.

Сайысқа қаламыздың беделді кондитерлік дүкендерінің торттары қойылды. «Балқаймақ» кондитерлік дүкенінің кондитері Сәуле Ахметжанованың айтуынша, мұндай сайыстар қала тұрғындарының басын біріктіріп, халыққа тамаша көңіл-күй сыйлайды.

«Тортымызды бүгінгі қала күніне сай безендірдік. Көріп тұрғандарыңыздай, Абай атамыздың мүсіні мен қара сөздерін қойдық. Тортты әзірлеуге 3 күндей уақыт кетті. Торттың дәмі тіл үйіретініне сенімдімін.Қаламызда мұндай сайыс алғаш рет өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Осы тәрізді байқаулар жиі өткізіліп тұрса екен дейміз. Қала күні құтты болсын! Семейіміз көркейе берсін», - деді Сәуле Ахметжанова.

Сайыс нәтижесінде 1 орынды «Альмира Тәтті» кондитерлігі, 2 орынды «Дәмелі» кондитерлік дүкені иеленсе, 3 орынды «Тұмар» кондитерлік дүкені жеңіп алды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

t.me/abaiaqparatkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🍩Бүгін "Семей қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен өткен "Donuts star" пончиктерді және дәмді мотилерді жылдам жеуден байқау жоғары дәрежеде өтті.

Жалпы саны 2000-нан астам тұрғындар көрермен болып, 100-ге тарта қатысушы өз бақтарын сынады.

Қатысушылар 3 санат бойынша анықталды.

Нәзік жанды арулар арасында мотиді жылдам жеуден жүлделі орындарды иеленгендер:

І орын - Іңкәр Есетқызы (42 секунд);
ІІ орын - Айгүл Қадырқызы ( 1 минут 1 секунд);
ІІІ орын - Ирина Колесникова (1 минут 3 секунд);

18-30 жас аралығындағы ер адамдар арасында пончиктерді жылдам жеуден жүлделі орындарды иеленгендер:

І орын - Жарқын Кикбаев (2 минут 57 секунд);
ІІ орын - Бердалы Молдабай( 3 минут 40 секунд);
ІІІ орын - Даниил Калаида ( 4 минут 49 секунд);

30 - 50 жас аралығындағы ер адамдар арасында пончиктерді жылдам жеуден жүлделі орындарды иеленгендер:

І орын - Оралбек Сарбасов (2 минут 19 секунд);
ІІ орын - Арман Дюсенбаев ( 2 минут 27 секунд);
ІІІ орын - Жеңіс Камзин ( 2 минут 28 секунд);

Жеңімпаздарға арнайы ақшалар сыйлықтар және сертификаттар таратылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі