Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.76K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Демалыс күндері өткен жалпықалалық сенбіліктің нәтижесі

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Қаулысына сәйкес 9 қыркүйек пен 9 қазан аралығында күзгі экологиялық тазалық акциясы жарияланды. Қазіргі таңда тазалық науқаны барысында жалпықалалық сенбілік өтті.

Сенбілік барысында әкімдік мамандары мен полиция қызметкерлері жеке меншік үйлер мен кәсіпорындардың өз аумағын қоқыстан тазарту бойынша хабарламалар таратты. Сондай-ақ, жалпы қалалық сенбілік нәтижесінде 150 тонна қоқыс ҚТҚ полигонына шығарылды. Коммуналдық қызметтер бекітілген кестеге сай рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, жолдарды, жол белгілерін, аялдама павилондарын жуу жұмыстары екі аусымда жүргізілуде.

Қала тұрғындарынан қаламызды тазалауға белсенді үлес қосуға шақырамыз. Тазалақ тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.

#Семейқаласыныңәкімдігі