Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. Ертеңнен бастап №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен класты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген. Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған.

Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS»ЖШС жасалды.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее с 12 сентября на линию будет подключен
автобусный маршрут №45

В целях улучшения качества обслуживания горожан в городе Семей увеличится количество автобусных маршрутов. С завтрашнего дня автобус №45 будет обслуживать жителей города от микрорайона Карагайлы до железнодорожного вокзала. На маршруте №45 будут курсировать 8 автобусов большого класса на 25 мест, вместимостью до 50 пассажиров. Автобусы полностью переведены на валидаторную систему и подключены к GPS. Также установлена цифровая табличка с указанием маршрута автобуса.

Ранее отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей объявил конкурс по данному направлению. По итогам конкурса договор заключен с новым перевозчиком ТОО "ЭкоBUS".

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов встретился с представителями предприятий-перевозчиков и сделал ряд замечаний.

“Обращайте внимание на движение общественного транспорта по графику. Автобусы не должны сходить с линии без причины. Увеличивайте количество автобусов в резерве",- сказал Нурбол Нурсагатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

***

В Семее с 12 сентября на линию будет подключен автобусный маршрут №45
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Семей қаласының әкімідігі «Қала күнімен, Семейім» атты қала күніне арналған іс-шаралардың жоспарын назарларыңызға ұсынады. Биыл қала күніне арналған мерекелік бағдарламалар 3 күнге жалғасады.

Аталмыш мерекені мерекелеу қала тұрғындары мен қонақтарының жас ерекшеліктеріне қарамай, ерекше форматта өткізілетін болады. Қала күнін мерекелеу аясында "Туған қалам – Семейім" атты авторлық әндер мен футбол әуесқойларына арналған «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» фестивалі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаевтың қатысуымен "Aman keleshek inclusion festival 2023 " фестивалі өткізіледі. Эстрада әншісі Еркеш Хасеннің өнер көрсетуімен "Күзгі феерия" жас таланттар фестивалі мен "Семей Батыры" күштік спорт түрлері бойынша жарысты өткізу жоспарлануда.
Қала күнін мерекелеуге арналған бағдарламалар қаланың орталық бөлігінде ғана емес, шеткері аумақтарында да жалғасады. Сондай-ақ, 17 қыркүйек күні Әуезов алаңында Қазақстанның эстрада әншісі Маржан Арапбаеваның қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Негізгі концерттік бағдарламалар 17 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады. Халыққа танымал эстрада жұлдыздары: Raim, Нұрболат Абдулин, Маржан Арапбаева, Еркеш Хасеннің қатысуымен, жарық шоуы мен арнайы эффектілердің сүйемелдеуімен "Open-Air" форматындағы мерекелік іс-шараны ұйымдастыру жоспарлануда.
Іс-шараны "Qazaqstan" телеарнасының тележүргізушісі Ғалымжан Кеншілік және Еуразия телеарнасының тележүргізушісі Айгерім Мұздыбаева жүргізеді. Қала күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарлама мерекелік отшашумен аяқталады.

Сондай-ақ, түрлі тақырыптағы көрмелер, жәрмеңкелер, балалар ойын алаңдарының ашылуы және пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыстау рәсімдері өтеді.

Толығырақ арнайы әзірленген бағдарлама кестесінде. ⏩️⏩️⏩️