Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында қала әкімінің төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке тұрғын үйлерінде газ талдағыштарды (улы газ датчиктерін) орнату, 2023-2024 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне өңірде арық жүйесін күтіп ұстау бойынша өткізілетін іс-шаралар, 2023 жылғы шомылу кезеңінің қорытындысы туралы мәселелер қозғалды.
Кеңеске ТЖ басқармасының басшысының міндетін атқарушы Жарқын Тлебалдин, жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Виталий Каверин және бөлім басшылары қатысты.

«Көктем мезігілінде тұрғын үйлерді су басу қаупін алдын алу үшін, қазірден бастап іске кірісу керек. Жаз маусымында бірнеше көшеге жаңа арық лотоктарын салу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды жеделдету керек. Барлық саяжай мен тұрғын үй массивтеріндегі арық-науа жүйесін бақылауға алыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Мирный саяжайында ұзындығы 1 км болатын арық жүйесін қамыстардан тазарту және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Лодочная көшесі, Водный кенті, Контрольный кентіндегі су өткізу құбырын тазарту, Короткая көшесі және Березовский кентіндегі арықтары мен нөсер жауын канализацияларын тазарту жұмыстары жүзеге асырылады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Сегодня в здании городского акимата под председательством акима города состоялось очередное заседание комиссии по предупреждению и ликвидации ЧС.

На заседании обсуждались вопросы обеспечения пожарной безопасности в отопительный период 2023-2024 годов, установки газоанализаторов (датчиков угарного газа) в частных жилых домах социально-уязвимых слоев населения, о проводимых мероприятиях по содержанию арычной системы, водопропускных сооружений, мостов, каналов в регионе на осенне-зимний период 2023-2024 годов, об итогах прохождения купального периода 2023 года.

В совещании приняли участие исполняющий обязанности руководителя управления по ЧС Жаркын Тлебалдин, заместитель руководителя МПС Виталий Каверин и руководители отделов.

«Для предотвращения угрозы подтопления жилых домов в весенний период необходимо начать работу уже сейчас. В летний сезон были проведены работы по строительству новых арычно-лотковых систем на нескольких улицах. Эти работы должны быть ускорены. Контролируйте работу арычно-лотковых систем во всех дачных и жилых массивах, даже в зимний период»,- сказал Нурбол Нурсагатов.

❗️Отметим, что в настоящее время в п. Мирный проводятся работы по очистке и приведению в порядок арычной системы протяженностью 1 км. Также будут проведены работы по очистке водопропускного трубопровода по ул. Лодочная, п. Водный, п. Контрольный, очистке канав и ливневой канализации по ул. Короткая и п. Березовский.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Бүгін Семейде жаппай жалпықалалық сенбілік өтуде. Аумақты тазалауға тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік және жеке мекемелердің қызметкерлері шықты.
………………………

Сегодня в Семее проходит массовый общегородской субботник На уборку территории вышли жители, работники акимата, сотрудники государственных и частных учреждений.


#Семейқаласыәкімдігі
Қала аумағында жарияланған күзгі санитарлық тазалық және абаттандырудың екі айлық науқанына тұрғындар да үлес қосуда.

Бүгін тұрғындар КСК-мен бірлесіп аула аумақтарында сенбілік өткізді.

Тұрғындар үйлерге іргелес жатқан аумақтарды ретке келтіріп, жиналған қоқыстарды полигонға өз көліктерімен жинап шығарды.

_

Сегодня жители многоквартирных домов совместно с КСК провели субботник на дворовых территориях.

Жители навели порядок на прилегающих к домам территориях, собрали и вывезли своим транспортом на полигон собранный мусор.

#Семейқаласыныңәкімдігі