⚡️⚡️⚡️Жаңа аулалар қоғам игілігіне берілді
Бүгін Семейде Түріксіб 53, Қостанай 1 Б мекенжайындағы тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, тұрғындардың қолданысына берілді.
Аулалардың салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов , қалалық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
📌Айта кету керек, аулаларды абаттандыру кезінде жерасты желілері түгелдей ауыстырылылады.
Балаларға арналған ойын алаңдары және футбол, баскетбол алаңдары жабдықталады.
“Қаламызда 576 аула бар. Оның тек 7-8%-ы ғана абаттандырылған. Ағымдағы жылы Семей қаласында 70 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Біз жыл сайын кезең-кезеңімен аулаларды жөндесек, 5 жыл ішінде айтарлықтай жетістікке қол жеткіземіз. Сонымен қатар, аулалардағы жерасты желілерінің де тозығы жеткен. Аулаларды жөндеу кезінде жерасты желілерін жөндеуге баса назар аудардық”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Барлық аулада балақайларға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала әкімдігі атынан арнайы аниматорлармен көңілді ойындар ұйымдастырылып, балақайларға тәтті сыйлықтар да таратылды.
#Семейқаласыныңәкімдігі

❤2👍1