Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
945 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аула аумақтары мен жолдарды тексерді

Семей қаласында жоспарланған аула аумақтары мен жолдарды жөндеу жұмыстарының уақытында аяқтау мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалайды.
Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Оборонная, Трусова, Силина, Красный Пильщик, Құтжанова көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, қала әкімі Бозтаев көшесі мен Иртышская көшесінде жүріп жатқан аула абаттандыру жұмыстарының барысын да қадағалады.
Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған.
#Семейқаласыныңәкімдігі
👍1
Аким города проверил дворовые территории и дороги, на которых ведутся строительные работы

В целях своевременного завершения работ по ремонту дворовых территорий и дорог, запланированных в г. Семей, аким города Нурбол Нурсагатов ежедневно осматривает территории, на которых идет строительство, и следит за ходом работ.
Сегодня аким города вместе с руководителями подрядных организаций ознакомился с ремонтом дорог по улицам Оборонная, Трусова, Силина, Красный Пильщик, Кутжанова.
Кроме того, аким города также курировал ход работ по благоустройству двора, который идет по улице Бозтаева и Иртышской.
В текущем году запланированы работы по благоустройству порядка 70 дворовых территорий. В городе в нескольких жилых дворах темпы строительства ведутся в соответствии с утвержденным графиком, установлены футбольные поля и ограждения.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2023 жылдың 29 шілдесі қала әкімдігінің қолдауымен Семей қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздары Алакөлдегі «Alazone» аренада өнер көрсетті.
Концертке ҚР Мәдениет саласының үздіктері Омаровтар отбасы, Динара Кабышева, Береке Слямқұл, Жанна Ербаева, Алия Аукенова, Жасұлан Оразов, Влад Дорашенко қатысып, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

🔷🔷🔷🔷🔷

29 июля 2023 года при поддержке акимата города на «Аlazone» Арене на озере Алаколь выступили артисты городского дворца культуры города Семей.
В концерте приняли участие отличники культуры РК семья Омаровых, Динара Кабышева, Береке Слямкул, Жанна Ербаева, Алия Аукенова, Жасулан Оразов, Влад Дорашенко, подарившие зрителям прекрасное настроение.
👍1
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!
📍3 тамыз сағат 19:00-де, Ертіс жағалауында (оң жақ), Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жағалауfest» мерекелік концерті өтеді.
Баршаларыңызды шараға белсенді түрде қатысып, өнерлеріңізді көрсетуге шақырамыз.
🔷🔷🔷🔷🔷
Уважаемые жители и гости города Семей!
📍3 августа в 19:00 на набережной Иртыша (правобережье) состоится праздничный концерт «Жағалауfest», организованный Молодежным ресурсным центром города Семей.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Көкентау, Озерки ауылдық округі, Қыземшек, Бөкенші ауылдары мен Шүлбі кенті тұрғындарымен есеп беру кездесуінде балалар спорт алаңдарының алдағы құрылысы туралы хабарлаған болатын.
Көкентау ауылдық округінде балалар және спорт алаңы, футбол алаңы орнатылады.
Қазіргі таңда мердігерлік ұйымдар қарқынды түрде жұмыс жүргізуде.
Қыземшек ауылында балалар ойын алаңы орнатылады.
Жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін жоспарланған.
Бөкенші ауылында «Workout» спорт алаңының құрлыс жұмыстары жүргізілуде.
Салтанатты ашылу рәсімі Конституция күніне орай жоспарлануда.
Аким города Нурбол Нурсагатов на отчетной встрече с жителями Кокентауского, Озерского сельского округа, сел Кыземшек, Букенчи и поселка Шульбинск города Семей сообщил о предстоящем строительстве детских и спортивных площадок.
В Кокентауском сельском округе будут установлены детская и спортивная площадка, футбольное поле.
В настоящее время подрядными организациями интенсивно ведутся работы. В селе Кыземшек будет установлена детская игровая площадка.
Окончание работ запланировано до 15 августа текущего года.
В селе Букенчи будет установлена спортивная площадка «Workout».
Торжественное открытие планируется открыть ко Дню Конституции.
«Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тапсырысы аясында, қазіргі уақытта мердігерлік ұйым «Приречное ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыстар 2023 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

🔷🔷🔷🔷🔷

В рамках заказа ГУ «Управление строительства, архитектуры и градостроительства области Абай», в настоящее время подрядной организацией проводятся работы по реализации проекта «Реконструкция Дома культуры в селе Приречное». Работы будут завершены в сентябре 2023 года.
📍2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар бойынша бизнес-жобаларды қорғау конкурсына қатысатын Абай облысының кәсіпкерлерінің назарына.
Ағымдағы жылдың 2-12 тамыз аралығында кәсіпкерлерді қолдау бойынша конкурстық комиссияның отырыстары өтеді.
Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының инстаграм әлеуметтік желісінде (abai_kasipker) тікелей эфир жүргізіліп, одан әрі парақшада трансляция жарияланады.
Кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды қорғау күніне қатысты хабарламасы 1-2 күн бұрын хабарланатын болады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.