Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
2023 жылдың 26 шілдесінде Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы "Орбита" балалар сауықтыру лагерінде 80 бала қатысуымен "Қауіпсіз демалыс" тақырыбында акция өткізді.

Бұл іс-шаралар балалардың қатысуымен орын алатын өрттердің шығуы және судағы балалардың батуы санын азайтуға бағытталған!
Акция барысында балаларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар туралы айтылып, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі айқын көрсетілді.

Сондай-ақ, құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды қалай құтқару керектігін және оны құтқару үшін қандай құтқару құралдары қолданылатынын көрсетті.

Әрі қарай, балалардың алған білімдерін нақты бекіту үшін ТЖБ қызметкерлері викторина және көңілді старттар өткізді. Акция қорытындысы бойынша балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
26 июля 2023 года Управлением по чрезвычайным ситуациям г. Семей в детском оздоровительном лагере "Орбита" с участием 80 детей проведена костюмированная акция на тему "Безопасные каникулы".

Данное мероприятие направлено на снижение количества пожаров по причине детской шалости, и гибели детей на воде!
В ходе акции детям рассказали о действиях при чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характеров, и наглядно продемонстрировали порядок использования первичных средств пожаротушения.

Также спасатели показали, как спасать тонущего человека и какое спасательное оборудование применяется для его спасения. Для лучшего закрепления полученных знаний сотрудники УЧС провели викторину и веселые старты. По итогам акции детям были розданы сладкие подарки.
____ Қала әкімі кварталішілік жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын тексерді

Бүгін жылыту маусымына дер кезінде дайындалу мақсатында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов көшпелі жиын өткізіп, жылу магистральдарын қайта жаңғырту, кварталішілік жылу желілерін ауыстыру жұмыстарын тексерді. Қала басшысы Ұранхаев, Шәкәрім, Титов көшелеріндегі магистралды жылу желілерін ауыстырып жатқан мердігерлердің жұмысын тексеріп бірқатар тапсырмалар берді.


Семейде жылу желілерін қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы ұзындығы 3 761 м болатын ОЖП-518 кварталішілік жылу желілерін және ұзындығы 3 915 м болатын ОЖП-401-ні қайта жаңартуға бюджеттік өтінім қолдау тапты.

Жылу жолдары нүктелерін аралаған қала әкімі мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытында атқаруды қатаң тапсырды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта жылу магистральдарын ауыстыру бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда, олар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города проверил ремонт внутриквартальных тепловых сетей

Сегодня в целях своевременной подготовки к отопительному сезону аким города Семей Нурбол Нурсагатов провел выездное совещание, и проверил ход работ по реконструкции тепломагистралей, замене внутриквартальных тепловых сетей.

Глава города после проверки работы подрядчиков дал им ряд поручений по замене магистральных тепловых сетей по улицам Уранхаева, Шакарима, Титова.

В Семее полным ходом идет реконструкция тепловых сетей. В этом году бюджетная заявка для реконструкции ЦТП-518 внутриквартальных тепловых сетей протяженностью 3 761 м и ЦТП-401 протяженностью 3 915 м была поддержана.

Посетивший точки теплотрасс аким города дал строгий наказ представителям подрядных организаций провести все работы качественно и в срок.

Стоит отметить, что в настоящее время осуществляются 5 проектов по замене тепловых магистралей, которые будут завершены до начала отопительного сезона.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Молдағалиев көшесіндегі қаңғыбас иттерге қатысты мәселе бақылауға алынды
 
Әлеуметтік желіде Семей қаласындағы Молдағалиев көшесінде қаңғыбас иттер жүргені туралы хабар таралды. 25 шілде күні қаланың аулау орталығының қызметкерлері сол жерге барып, төрт қаңғыбас итті аулады.
 
Сондай-ақ, 2023 жылғы 26 шілдеде Молдағалиев көшесінде аулау қызметінің мамандары екі тор-тұзақ орнатты. Бүгінде сол маңдағы тұрғындарды алаңдатқан мәселе аулау қызметі басшылығының бақылауында.
 
Облыс орталығында қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау қызметінде 8 адамнан тұратын 4 бригада барын хабарлаймыз. Тұрғындар қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 63 00 04 телефоны, сондай-ақ 8 700 181 86 78 ұялы нөмірі бойынша өтініш бере алады.