Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
10K photos
2.73K videos
9 files
727 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бүгінгі іс-шарада сөйлеген сөзі:

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Құрметті ардагерлер!⠀

Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн. Қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нәрін сыйлайтын театр және опера әртісінің, жезтаңдай, күміскөмей әншінің, мың бұралған бишінің, өңірлерлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғыс айтатын кəсіби мереке

Семей қаласы - ғұлама-ғалымдарды, жазушы-ақындарды және өнер саласына айрықша үлес қосқан дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Тума талант иелері мен өнер майталмандарының арқасында мәдениетіміз қайта жаңғырып, төрткүл әлемге танылды.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обновили фасады домов по улице Валиханова, Чайжунусова и Момышулы. Семей расцветает и это только начало☺️
🌲Семейде ағаштарды, газондар мен парктерді суару жұмыстары жүргізілуде.

Семей қаласы әкімдігінің коммуналдық қызметтері жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыстарға 30-дан астам адам жұмылдырылды.

*

🌲В Семее ведутся работы по поливу деревьев, газонов и парков.

Коммунальными службами акимата города Семей ведется работа по содержанию зеленых насаждений. В этих работах задействовано более 30 человек.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Комсомол кентіндегі жеке тұрғын үйлердің құрылыс барасын тексерді

🏠Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Комсомольский кентінде жаңадан салынып жатқан жеке тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Тексеру жұмыстарына мердігер ұйымдарының басшылары мен әкімдік өкілдері қатысты.

Қала басшысы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін орындаушыларға ескерту жасады. Мердігер ұйымдарға жобаның паспортындағы барлық сәйкессіздіктерді жою тапсырылды.

Айта кетейік, Комсомольский кентінде бір қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.