Семей қаласының әкімдігі
2.98K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
890 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семейде 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кең көлемде тойлануда


Семейде Қазақстан халықтарының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтілуде. Бейбітшілік аралында өткен салтанатты мерекеге Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік шараға халық көп жиналды. Көңілдері көтерінкі, бір-бірін құттықтап жатыр. Әрбір ұлт өзінің мәдениетінен сыр шертетін "Білім ордасы", "Мәдениет ордасы", "Балалар ордасы", "Достық ордасы" деген атаулармен инпровизацияланған көрме ұсынып, қойылым қойды. Өз ұлтының әнін шырқап, биін биледі. Балаларға арналған конкурстар, сайыстар, каратэ бойынша демонстрациялық шеберлік сабақтары өтті. Сондай-ақ, қалалық мәдениет сарайының концерті, әр ұлттардың достық биі, театрландырылған қойылым, спортшылар шеруі мен ағаш отырғызу рәсімдері өтті. Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған мерекелік шараны 2000-ға жуық адам тамашалады.

Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік аралындағы мерекелік шарадан бөлек, 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Степной кентінде ат жарыс өтуде. Сондай-ақ, 18:00-де Абай театрында Семей қаласының әкімінің кубогіне арналған жайдарман ойындары өтеді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее празднуют День единства народа Казахстана

Сегодня на торжественном мероприятии на острове Бейбитшилик выступили аким области Нурлан Уранхаев и аким города Нурбол Нурсагатов.

В местах народного гуляния прошла импровизированная выставка и представление “Білім ордасы”, “Мәдениет ордасы”, “Балалар ордасы”, “Достық ордасы”.

Артисты из национальных этнических центров приготовили целые представления из песен, театрализированных выступлений и стихотворений. Для детей были организованы конкурсы и спортивные соревнования, спортсмены провели демонстационный мастер- класс по каратэ.

Запомнился концерт городского Дворца культуры с национальными танцами народов и этносов Казахстана, парад спортсменов и церемония посадки саженцев и деревьев.

По данным статистики, праздничные мероприятия, приуроченные ко Дню единства народа Казахстана, посетили около 2 тысяч человек.

Кроме того, помимо концертов на острове Бейбитшилик в поселке Степной проходят конные скачки. В 18:00 в театре имени Абая пройдут игры жайдарман на кубок акима города Семей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
🎭Бүгін 18:00-де Абай театрында Семей қаласының әкімінің кубогіне арналған жайдарман ойындары өтеді.

..........
🎭Сегодня в 18:00 в театре имени Абая пройдут игры жайдарман на кубок акима города Семей.

#Семейқаласыәкімдігі
https://www.youtube.com/live/WgO12x2Z1kY?feature=share

Степной кентіндегі өтіп жатқан аламан бәйгенің тікелей көрсетілімі
Семейде қоғамдық орындардағы орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілуде

🪑1 мамырдан бастап қоғамдық орындар мен саябақтардардағы орындықтарды бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Арнайы белгі тұрған орындықтарға отырмауларыңызды сұраймыз.


********

В Семее ведутся работы по покраске скамеек в общественных местах

🪑С 1 мая ведутся работы по покраске скамеек в общественных местах и парках.

Просим Вас не садиться на лавочки, где имеются специальные знаки и предупреждающие надписи.
🏆Семей қаласы әкімінің кубогына арналған «Жайдарман» ойындары өтті

Бүгін «Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған Республикалық «Жайдарман» ойындары өтті. Ойынды Республикалық «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жүргізді.

Сайысқа 7 команда қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша ІІІ орынды «Шатыр» құрамасы, ІІ орынды “Жуалы” құрамасы, ал бірінші орынды «Абибас» құрамасы иеленді.

Кеш барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сөз сөйлеп, бас жүлдені иеленген “Абибас” құрамасына қала әкімінің кубогын табыстады.

Қызықты да тартысты өткен сайыс қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.