Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
878 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілуде

🌳Сенбілікке қатысушылар қаланың әртүрлі бөліктерінде ағаштарды әктеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, санитарлық тазалық жұмыстары жүріп жатыр.


***

В Семее ведутся работы по побелке деревьев

🌳Сегодня в городе проходит субботник. В субботнике участники участвуют в побелке и пересадке деревьев.

Также проводятся санитарные работы.
Бүгінгі өткен сенбіліктің нәтижесі:

Семей қаласы әкімдігі ұйымдастырған сенбілікке 8 000-нан астам қала тұрғыны, 200-ден астам көп пәтерлі тұрғын үйінің тұрғындары қатысты.

🌳 Қала ішіндегі 10 000-нан астам ағашты әктеу жұмыстары жүргізілді.

✔️ Жоламан, Комсомол, Бобровка, Степной, Восточный, Водный, Березовский, Мирный кенттерінде қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілді.

🚜 Сенбілікке 80-нен астам арнайы техника жұмылдырылды.

♻️ 150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

📌 15 рұқсат етілмеген жердегі қоқыс полигоны жойылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Результаты проведенного сегодня субботника:

В субботнике, организованном акиматом города Семей, приняли участие более 8 000 горожан, более 200 жителей многоквартирных жилых домов убирали свои дворы.

🌳 Проведены работы по побелке более 10 000 деревьев в черте города.

✔️ В поселках Жоламан, Комсомол, Бобровка, Степной, Восточный, Водный, Березовский, Мирный проведены работы по очистке стихийных свалок.

🚜 В субботнике задействовано более 80 единиц спецтехники.

♻️ На городскую свалку ТБО вывезено более 210 тонн мусора.

📌 Ликвидированы 15 крупных несанкционированных свалок.

#Семейқаласыәкімдігі
🔺 Бүгін Жоламан, Комсомол, Бобровка, Степной, Восточный, Водный, Березовский, Мирный кенттерінде қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілді.

……

🔻 Сегодня в поселках Жоламан, Комсомол, Бобровка, Степной, Восточный, Водный, Березовский, Мирный проведены работы по очистке стихийных свалок.
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастырумен жергілікті тауар өндірушілер мен қаланың көтерме саудагерлерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.

🧅🥩🥛Жәрмеңкеге Абай облысының 15 азық-түлік өндіруші кәсіпорыны мен көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды. Ассортиментте жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік және ұн өнімдері бар, олар өндірушілер мен көтерме саудагерлер бағасымен сатылды. Сондай-ақ, сатып алушыларға палау мен сусындар тегін таратылды. Концерттік бағдарламалар, қойылымдар ұсынылды.

“Жәрмеңкеге өңіріміздегі “Семей-Құс”ЖШС, “Kondiz”ЖШС, “Ай-Ар”ЖШС және т.б кәсіпорындар қатысты. Бұл жәрмеңкенің бір артықшылығы, тауарлардың көтерме бағада сатылуында. Осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлаудамыз”,- деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арайбек Хамзаев.

#Семейқаласыныңәкімдігі