Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараны 25 000-ға жуық халық тамашалады

Биыл күллі тіршілік атаулы ұйқыдан оянып, күн мен түн теңеліп, төрт түлік төлдеп, жер-жаһан жаймашуақ нұрға бөленетін Наурыз мейрамын Семей жұртшылығы ерекше ілтипатан қарсы алды. Мерекелік шаралар таңертеңгі сағат 10-да басталды. Мейрамның бас ордасы болған Орталық алаң мен Арбатта екі күн бойы 18 киіз үй тігіліп, негізгі концерттік бағдарламадан бөлек театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстардан жүлдегерлер анықталды. Биылғы киіз үйлердің негізгі ерекшелігі - әр киіз үйде сол ауылдың атауына байланысты көрмелер қойылып, тарихи тұлғалардың қолданған жеке заттарынан шағын мұражай ұйымдастырылды. Ақшаңқан ағаш үйлерді Семей қаласы әкімдігінің бөлімдері, мемлекеттік және жеке мекемелер, қоғамдық ұйымдар да құрды.

Бас алаңнан бөлек қаладағы 7 алаңда бір уақытта мереке тойланды. Әуезов, Тері- былғары комбинаты, Теміржол вокзалы, Силикат зауыты, Кең-Сарай мейрамханасының алдында және Жоламан мен Восточный кенттерінде де киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерттік бағдарламалар қойылды. Қала бойынша барлық киіз үйлерде 15 000 адамға палау, 25 000 адамға наурыз көже, 20 000 дана бауырсақ, 5 000 кесе ыстық шай тегін таратылды.

Сонымен қатар, арқан тартыс, қол күрес, асық ойыны, қой көтеру сынды ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Бүгінгі күннің есте қалған оқиғасы - Жоламан кентінің тұрғыны Рустам Сапарғалиевтің қошқарды 135 рет көтергені болды. Спорттық жарыстардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Сондай-ақ, Қазақстан эстрада әртістері Алтынай Жорабаева, Бүркіт пен Аиша, Әбдіжаппар Әлқожа, Динара Алжан, Мерхат Қанапиянов, Серік Исахан, Қаршыға Илтан, Диаз Мурсалиовтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. 12 сағатқа созылған ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараны 25 000-ға жуық халық тамашалады.

📝 Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Праздничное мероприятие, посвященное Наурыз мейрамы, посетили около 25 000 человек

В настоящее время празднование Наурыз мейрамы приобрело новый смысл, внесло вклад в укрепление межэтнических отношений, возрождение национальных традиций и обычаев.

Праздничные мероприятия начались в 10 часов утра. В течение двух дней на центральной площади, являющейся главной достопримечательностью праздника и Арбате были построены 18 юрт, а помимо основной концертной программы было представлено театрализованное представление. Перед каждой юртой проводились национальные игры, определялись призеры спортивных соревнований. Главная особенность юрт, установленных для празднования Наурыз в этом году заключается в том, что в каждой юрте были организованы выставки, связанные с названием этого аула, и были собраны из различных музеев личные вещи, использованные историческими деятелями. Деревянные дома были созданы отделами акимата города Семей, государственными и частными учреждениями, общественными организациями.

Помимо главной площади, праздник одновременно отмечали на 7 площадках города. Перед памятником М.Ауэзову, Кожевенно - меховым комбинатом, Силикатным заводом, железнодорожным вокзалом и рестораном «Кен сарай», а также в поселках Жоламан и Восточный были построены юрты и проведены праздничные концертные программы. Во всех юртах по городу бесплатно раздавали плов на 15 000 человек, наурыз коже на 25 000 человек, 20 000 шт баурсаков, 5 000 чашек горячего чая.

Кроме того, прошли соревнования по национальным играм: перетягивание каната, «қол күресі», асык, «қой көтеру». Самым запоминающимся событием сегодняшнего дня стало то, что житель поселка Жоламан Рустам Сапаргалиев 135 раз поднимал на плечах барана. Победителям спортивных соревнований были вручены ценные призы и сертификаты.

Также состоялся праздничный концерт с участием артистов казахстанской эстрады Алтынай Жорабаевой, Беркута и Аиши, Абдижаппара Алькожи, Динары Алжан, Мерхата Канапиянова, Серика Исахана, Каршыга Илтана, Диаза Мурсалиева. Праздничное мероприятие, посвященное Наурыз мейрамы, с народными гуляниями, песнями и танцами, угощениями, играми, состязаниями, выставками и представлениями, продолжительностью 12-часов, посетили около 25 000 человек.

📝 Пресс-служба акима города Семей

#Семейқаласыәкімдігі