Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
772 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Құрметті жерлестер! Қадірлі мұсылман қауымы!

Баршаңызды бәріміз асыға күткен, мұсылман жамағатының ұлық мерекесі – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза – адамзат баласын сабырлылыққа бастап, рухани кемелденуге жетелейтін берекеті мол тәрбие мектебі. Ораза айын ерекше ыждахатпен қарсы алып, әр күнін мәнді өткізуге тырысайық.

Адам баласының тәубесі мен тәуекелі қабыл болатын осынау мүбәрәк айда қайырлы амалдарыңыз бен сауапты істеріңіз молайып, есендік пен саулықта болыңыздар! Әрбір отбасына амандық, еңбекте табыс, ырыс пен береке тілеймін! Алла тағала ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл алып, екі дүниенің бақытына бөленуімізді нәсіп етсін! Халқымыздың ынтымақ-бірлігі артып, ырыс-несібесі молайсын. Әумин!

Ізгі ниетпен, Нұрбол Нұрсағатов

________________

Дорогие мусульмане!

Искренне поздравляю Вас с наступлением долгожданного Священного месяца Рамазан. Это время для очищения души, созидания и совершения добрых дел. Ораза помогает нам стать сильными телом и духом, учит нас быть милосердными и благородными, улучшать свои нравы. Пусть каждый день поста в месяц Рамазан приносит вам и вашим близким милость и благословение Всевышнего, пусть будут приняты и вознаграждены все добрые пожелания и благородные дела. Всем верующим желаю, чтобы Аллах принял ваш пост и облегчил его для вас! Аминь!

С наилучшими пожеланиями, Нурбол Нурсагатов
Семей қаласының ауылдарында Наурыз мейрамы атап өтілді

 Табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамына орай Қайнар ауылының тұрғындары үшін іс-шаралар ұйымдастырылды.
 
Орталық саябақ алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, той-думанға келген барлық қараөлеңдіктер дәстүрлі ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татты.Ауыл ақсақалдарына ас берілді.

____________

 В селах города Семей отметили Наурыз мейрамы

Мероприятия в честь праздника обновления природы, символа начала нового года и новой жизни были организованы для жителей с. Кайнар.

На центральной площади была установлена белоснежная юрта, где всех желающих угощали традиционными национальными блюдами и напитками. Для аксакалов села был дан ас.
 
#Семейқаласыәкімдігі
Прибордюрные зоны и обочины продолжают очищать от пыли и грунта.

✔️Работы по очистке городской улично-дорожной сети продолжаются дорожными службами.

Сегодня 70 дорожных рабочих подрядных организаций, 30 единиц спецтехники приступили к пылеудалению, планировке обочин в местах их завышения и вывозу собранного песка, грязи и грунта.

Эти работы лишь одно направление из целого комплекса мероприятий по летнему содержанию улично-дорожной сети, которые планомерно проводятся на территории г. Семей.

На сегодняшний день также продолжается прометание, подбор мусора на общественных территориях, очистка островков безопасности и пешеходных переходов, дорожных ограждений и остановочных комплексов, очистка от мусора в частном секторе, а по необходимости проводится откачка воды в местах подтоплений.

#Семейқаласыәкімдігі
Жол жиектері топырақтан тазартылуда

✔️Семей қаласының көше-жол желісін тазарту жұмыстарын жол қызметтері жалғастыруда.

Бүгін мердігер ұйымдардың 70 жұмысшысы, 30 бірлік арнайы техника жол жиектеріне жиналған құмды, балшықты шығаруға кірісті. Бұл жұмыстар қолмен және арнайы техниканы қолдана отырып жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Семей аумағында жоспарлы түрде жүргізілетін көше-жол желісін жазғы күтіп ұстау жөніндегі іс-шаралар кешенінің бір ғана бағыты.

🧹Бүгінгі күні жолдарды сыпыру, қоғамдық аумақтардан қоқыстарды алу, жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалау, жеке сектордағы қоқыстарды алу жалғасуда, сондай-ақ қажетіне қарай бірқатар көшелер мен елді мекендерде еріген қар суынан тазарту жүргізілуде.