Ведётся работа по передаче очистных сооружений Затонского района в коммунальную собственность
Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев ознакомился с текущим состоянием и работой очистных сооружений в Затонском районе. В ходе работы была проведена оценка технического состояния объектов и разработаны предложения по их дальнейшему эффективному использованию.
По итогам работы было дано конкретное поручение принять данные объекты в коммунальную собственность города и приступить к разработке проектно-сметной документации для их последующей реконструкции.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН» мерекелік концерті өтеді.
Өтетін орны: Бейбітшілік аралы Өтетін күні: 1 мамыр 2025 жыл Уақыты: 11:00
Бағдарлама: • «Асыл мұра» қолөнершілер көрмесі • Жергілікті өнімдер алаңы • Этно-мәдени бірлестіктер алаңы • Спорт алаңы • «Ел қуаты – бірлікте» атты Абай театры актерлерінің театрландырылған қойылымы • Мерекелік концерт
Бұл күн – халқымыздың татулығы мен достығын, бірлігін ұлықтайтын жарқын мереке. Баршаңызды көтеріңкі көңіл-күй мен әсерлі сәттерге толы іс-шараға шақырамыз!
В честь Дня единства народа Казахстана – 1 Мая и 30-летия Ассамблеи народа Казахстана состоится праздничный концерт на тему «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН».
Место проведения: Остров Бейбітшілік Дата проведения: 1 мая 2025 года Время: 11:00
Программа: • Выставка ремесленников «Асыл мұра» • Ярмарка местной продукции • Площадка этнокультурных объединений • Спортивная площадка • Театрализованное представление актеров театра имени Абая «Ел қуаты – бірлікте» • Праздничный концерт
Этот день — яркий праздник, прославляющий согласие, дружбу и единство нашего народа. Приглашаем всех на мероприятие, наполненное радостным настроением и яркими моментами!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Мемлекет Басшысының Жарлығымен бір топ азамат жалпыұлттық бірлікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген ерекше еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында семейлік Роза Какимова, Галина Кириченко және Надежда Козырева бар.
«Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты», – деді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін облыс әкімі Берік Уәли этномәдени бірлестік, қоғамдық институт өкілдері, діни қызметкерлер, Достық үйлерінің директорлары, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттаған еді.
Жерлестерімізді марапатпен шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️30 лет АНК: Наши земляки удостоены государственных наград
В честь 30-летия Ассамблеи народа Казахстана, согласно Указу Президента, группа граждан была награждена государственными наградами за особые заслуги в укреплении общенационального единства, дружбы и сотрудничества.
Наши земляки Роза Какимова, Галина Кириченко и Надежда Козырева также были награждены.
«Ассамблея народа Казахстана стала подлинным символом единства и равенства, мира и гармонии. Она признана уникальным общественным институтом в сфере межэтнических отношений, сыгравшим решающую роль в формировании казахстанской модели мира и согласия», - отметил Президент Касым-Жомарт Токаев.
Напомним, ранее аким области Берик Уали вручил юбилейные медали «30 лет Ассамблее народа Казахстана» представителям этнокультурных объединений, общественных институтов, религиозных конфессий, директорам домов дружбы, депутатам маслихатов и ветеранам труда.
Поздравляем наших земляков с заслуженной наградой!
«Водный» кенті тұрғындарының көтерген тағы бір мәселесі өз шешімін тапты. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, нақты шаралар қабылданды.
Кент тұрғындары жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға шығару туралы өтініш білдірген болатын. Аталған мәселе бойынша жедел әрекет етіліп, бүгінгі күні қоқыс толығымен арнайы техникамен шығарылып, тиісті орынға жеткізілді.
Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.
Ещё одна проблема, поднятая жителями посёлка «Водный», была успешно решена. Предложения, озвученные во время встречи с жителями исполняющим обязанности акима города Семей Бекжаном Бапышевым, были приняты во внимание. В результате были предприняты конкретные меры.
Жители посёлка обратились с просьбой вывезти скопившиеся бытовые отходы в специально отведённое место. По данному вопросу были приняты оперативные меры - на сегодняшний день мусор полностью вывезен с помощью спецтехники и доставлен на полигон.
Акимат города и впредь будет системно продолжать работу по улучшению качества жизни населения и санитарного состояния населённых пунктов.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли вагондардың жылжымалы құрамына отырып, Семей қаласына кіреберіс жолдардың тазалығын тексерді. Аймақ басшысы «Семей» және «Жаңа Семей» станциялары аралығындағы темір жол жиектеріне назар аударды. Тексеріс барысында Семей қаласының ішінде және шеткері аумақтарында бірқатар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бар екені анықталды.
⚡️Облыс әкімі қала әкімдігінің өкілдеріне теміржол бойындағы аумақтарды бақылауда ұстап, жол жиегінде шашылып жатқан қоқыстарды дереу шығаруды тапсырды. Тазалық талаптарын орындамағандарға заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.
«Теміржол жиектерінде шашылып жатқан қоқыс өте көп. Қаламызға келетін қонақтар осының бәрін көріп жүр. Мұны тез арада ретке келтіру қажет. Қалаға кіреберіс теміржол жиектері мен тас жолдардың маңындағы барлық қоқыстарды жинап, шіріген ағаштарды тазарту керек. Әр аумаққа «қоқыс тастауға болмайды» деген белгішелер қойыңыздар. Бейнекамералар санын көбейтіңіздер. Талапты орындамаған тұрғындарға заң аясында айыппұл салу жағын қарастыру керек» деді облыс әкімі.
🔺Айта кетейік, аймақта 5 сәуірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын. Апта сайын өткізілетін сенбіліктерге 105 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 4581 ұйым мен 2 мыңға тарта техника жұмылдырылды. 77 мың аула тазаланып, 955 саябақ пен 300-ден астам ескерткіш аумағы реттелді. 20 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды.
✔️Территорию у железнодорожных путей очищают от мусора
Сегодня аким области Берик Уали, проехав на подвижном составе вагонов, проверил чистоту подъездных путей к городу Семей. Глава региона обратил внимание на территорию у железной дороги между станциями «Семей» и «Жана Семей». В ходе проверки установлено, что в Семее и на окраинах города есть несанкционированные свалки.
⚡️Аким области поручил представителям акимата города держать под контролем территории, прилегающие к железнодорожным путям, и немедленно вывозить мусор. Тех, кто не выполнил требования чистоты, предупредили, что в рамках закона будут приняты соответствующие меры.
«Около железнодорожных путей разбросано много мусора. Все это видят гости нашего города. Это необходимо немедленно привести в порядок. На въезде в город необходимо убрать весь мусор и сухостой. Ставьте на каждой территории значки «Не выбрасывайте мусор!». Увеличьте количество видеокамер. Для жителей, не выполнившим требования, необходимо предусмотреть в рамках закона штрафные санкции», - сказал аким области.
🔺Отметим, что в регионе 5 апреля в рамках программы «Таза Қазақстан» по инициативе акима области стартовала общерегиональная акция чистоты. В еженедельных субботниках приняли участие около 105 тыс. жителей, задействовано 4581 организация и около 2 тыс. единиц техники. Очищено 77 тысяч дворов, обустроено 955 парков и более 300 памятников. 20 тыс. тонн твердых бытовых отходов вывезено на свалку.
🚆Облыс әкімі темір жол вокзалдарының жобасымен танысты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Абай облысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы есебінен өңірдегі 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады.
⏩Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі теміржол вокзалына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Мердігер компания өкілдері аймақ басшысына жөндеуден өтетін вокзалдардың жобасын таныстырды.
📌Бас мердігер Дархан Шотабаевтың айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстары Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай, Жалаңашкөл, Шар, Дегелең, Үшбиік, Жарма, Белағаш және Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдарында жүргізіледі. Он жобаның ішіндегі ең ауқымдысы - Семей қаласындағы теміржол вокзалы.
🔼Нысанның сырты заманауи еуро панельдермен қапталып, аумағы кеңейтіледі. Вокзал жанынан жолаушылар мен қарсы алушылардың екінші, үшінші жолдарға жеңіл өтуі үшін эскалатор, мүгедектерге арналған лифт, шағын буфеттері бар қосымша ғимарат салынады. Сонымен қатар жүргіншілерге арналған 260 метрлік темір жол үсті көпірі жаңартылады.
⚡️Аймақ басшысы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалардың маңызын атап өтіп, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
«Өңірдегі теміржол вокзалдарының жағдайы сын көтермейді. Тұрғындар тарапынан шағым көп түседі. Облыстағы 10 вокзал жөнделсе, логистикалық тұрғыда да, халыққа да қолайлы болар еді. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстайтын боламыз», – деді облыс әкімі