Семей қаласының әкімдігі
2.93K subscribers
10.8K photos
2.81K videos
9 files
917 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде Ғапуов Айбек Еркінұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Айбек Еркінұлы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қазақстан студенттерінің Альянсының облыстық көшбасшысы ретінде бастаған. Әр жылдары ол Семей қаласының жастар ресурстық орталығының әдіскері, маманы, директорының міндетін атқарушы, сондай-ақ Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде инспектор, маман, бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, Абай облысының қоғамдық даму басқармасының дін істері бөлімінің басшысы және Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Айбек Еркінұлының жаңа қызметтегі жұмысына табыс тілейміз!
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде Ғапуов Айбек Еркінұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Айбек Еркінұлы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында…
Назначен руководитель отдела внутренней политики города Семей

По итогам конкурсных процедур Гапуов Айбек Еркинулы назначен на должность руководителя отдела внутренней политики города Семей.

Айбек Еркинулы родился в селе Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области.

Имеет два высших образования. Окончил Государственный университет имени Шакарима и Казахский инновационный гуманитарно-юридический университет по специальности «Юриспруденция».

Трудовую деятельность начал в качестве областного лидера Альянса студентов Казахстана. В разные годы занимал должности методиста, специалиста, исполняющего обязанности директора Молодёжного ресурсного центра города Семей. Работал инспектором, главным специалистом отдела внутренней политики города Семей. Занимал пост руководителя отдела по делам религий управления общественного развития области Абай, а также возглавлял отдел организационно-методической и инспекционной работы управления внутренней политики области Абай.

Желаем Айбеку Еркинулы успехов в его новой должности!

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласында санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында саябақтарда, жолдарда және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қыс мезгілінің талаптарына сай, тротуарларға көктайғақтың алдын алу мақсатында инертті материалдар себілуде.



В городе Семей продолжаются работы по санитарной очистке парков, дорог и общественных пространств. На тротуары регулярно посыпаются инертные материалы для предотвращения гололёда.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семейде белсенді ұзақ өмір орталығының 5 филиалы жұмыс істейді

Семей қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді – бұл зейнет жасындағы ата-аналарыңызға жаңа достар тауып, қызықты істермен айналысуға тамаша мүмкіндік! Қалада мұндай 5 орталық бар, оның 4-еуі 2024 жылы ашылған.

Әр орталықта 10-нан астам түрлі үйірме, медициналық көмек және жайлы жағдайлар қарастырылған.

📍 Орталықтардың мекенжайлары:
Қала орталығы – Шәкәрім көшесі, 68. 100 адам қатысады.
Танибергенова, 31 – бұл филиалға 80 адам келеді.
Үтепбаев, 50Б – шамамен 50 адам уақыт өткізетін орын.
Қарағайлы ықшам ауданы, 50 (спорт кешені «Арена») – 80 белсенді қатысушы.
Жеңіс, 13А – ең үлкен филиал, мұнда 150 адам барады.

Жақындарыңызға жаңа мүмкіндіктер, қамқорлық және қуаныш сыйлаңыз!

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хотите так же танцевать?

В Семее работают Центры активного долголетия – места, где пенсионеры могут найти не только новые увлечения, но и круг общения. Всего в городе открыто 5 таких центров, 4 из которых начали свою работу в 2024 году. Здесь вашим мамам и папам точно не придется скучать!

Каждый центр предлагает больше 10 кружков на любой вкус, медицинскую помощь и уютные условия для активного отдыха.

📍 Адреса филиалов:
Центр города – ул. Шакарима, 68. Посещают 100 человек.
Танибергенова, 31 – уютное место для 80 пенсионеров.
Утепбаева, 50Б – здесь с удовольствием проводят время около 50 человек.
Мкр-н Карагайлы, 50 (спорткомплекс «Арена») – 80 активных участников.
Победы, 13А – самый крупный филиал с числом гостей 150 человек.

Помогите вашим близким открыть для себя новые возможности, заботу и радость общения!

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жеделсатыларды жаңарту жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында жеделсатыларды жаңғырту бағдарламасы аясында алғаш рет 2 тұрғын үйдегі 4 жеделсатыны жаңасына ауыстыру жүзеге асуда. Бүгін Дулатов көшесі, 145 мекенжайындағы 2 жеделсаты іске қосылды. Бұған дейін 15-ықшам ауданындағы 18-үйдің жеделсатылары өткен айда пайдалануға берілген болатын.

Қазіргі уақытта қаладағы көппәтерлі үйлерде 849 жеделсаты орнатылған. Оның 305-і (35,9%) ауыстыруды қажет етеді. Негізгі мәселе – нормативтік қызмет мерзімін өтеген, яғни 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған жеделсатылардың көптігі.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, тұрғындар 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01%-дық бюджеттік несие ала алады.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Дулатов көшесі, 145 мекенжайындағы тұрғындармен кездесіп, жаңғырту жұмыстарының маңыздылығын атап өтті:
“Қала әкімдігі 2025 жылы тұрғындармен бірлесе отырып, 40-қа жуық жеделсатыны ауыстыруды жоспарлап отыр,” – деді әкім.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Семейде жеделсатыларды жаңарту жұмыстары жалғасуда Семей қаласында жеделсатыларды жаңғырту бағдарламасы аясында алғаш рет 2 тұрғын үйдегі 4 жеделсатыны жаңасына ауыстыру жүзеге асуда. Бүгін Дулатов көшесі, 145 мекенжайындағы 2 жеделсаты іске қосылды. Бұған…
Модернизация лифтов в Семее

В Семее в рамках программы модернизации лифтов в двух многоквартирных домах впервые заменены 4 лифта.

Сегодня введены в эксплуатацию 2 лифта по адресу ул. Дулатова, 145. Ранее, в прошлом месяце, были запущены лифты в доме 18 в 15-м микрорайоне.

Отметим, в многоэтажных домах города установлено 849 лифтов. Из них 305 (35,9%) требуют замены. Основная проблема лифтового хозяйства города – большое количество лифтов с истёкшим нормативным сроком эксплуатации, которые работают уже более 25 лет.

В рамках условий программы модернизации жильцам предлагается бюджетный кредит под 0,01% сроком от 7 до 15 лет.

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов посетил дом по адресу ул. Дулатова, 145 и встретился с жителями многоэтажки.

Глава города сообщил -
“Акимат Семея планирует в 2025 году, совместно с жителями заменить около 40 лифтов”.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысы жүргізілуде

Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында Семейде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда:
🏗️Қарағайлы” тұрғын ауданында 1200 орындық,
🏗️Водный” кентінде 600 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.




В Семее ведётся строительство школ в рамках национального проекта “Комфортная школа”

Для решения проблемы нехватки ученических мест в Семее реализуются масштабные проекты:

В рамках национального проекта “Комфортная школа” строятся две школы:

🏗️на 1200 мест в микрорайоне “Карагайлы”,

🏗️на 600 мест в поселке “Водный”.

Эти меры направлены на улучшение условий образования и обеспечение комфортной среды для учащихся.

#Семейқаласыәкімдігі
Семейде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті

Бүгін Семей қаласы әкімінің аппараты басшысы Нұржан Есенжоловтың төрағылығымен Alikhan Bokeikhan университетінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» нормалары мен қағидаттарын түсіндіру және оларды қолдану тәжірибесін талқылау.

Семинарда Абай облысының Әділет департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері дәрістер оқыды. Негізгі тақырыптар қатарында шағымдарды қарау тәртібі, психологиялық күйзелістің алдын алу және өтініштермен жұмыс барысындағы тәжірибелік ұсыныстар қамтылды.

Қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Семейде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті Бүгін Семей қаласы әкімінің аппараты басшысы Нұржан Есенжоловтың төрағылығымен Alikhan Bokeikhan университетінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.…
В Семее состоялся семинар для государственных служащих

Сегодня в актовом зале университета Alikhan Bokeikhan под председательством руководителя аппарата акима города Семей Нуржана Есенжолова прошёл обучающий семинар для сотрудников государственных органов и квазигосударственного сектора.

Цель мероприятия – разъяснение норм и принципов применения «Административного процедурно-процессуального кодекса» (АППК) на практике.

Лекции провели представители Департамента юстиции области Абай, территориального отдела принудительного исполнения, Департамента уголовно-исполнительной системы и АО «Национальные информационные технологии».

Участникам семинара были даны разъяснения по порядку рассмотрения жалоб, профилактике психологических стрессов и практические рекомендации по работе с обращениями.

Присутствующие получили ответы на актуальные вопросы и смогли обменяться опытом, что способствует повышению профессиональной компетентности и эффективности работы.

#Семейқаласыныңәкімдігі