Семей қаласының әкімдігі
2.93K subscribers
10.8K photos
2.81K videos
9 files
922 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
“ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ Семейде өндірілген 30 автобусты сатып алды

Бүгін Семей қаласының Орталық алаңында “ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ жергілікті өндіруші “СемАЗ” ЖШС-нен сатып алынған 30 жаңа автобусты салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл оқиға отандық бизнесті қолдау және жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның маңызды қадамы болды.

Іс-шараға “ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ орталық аппаратының басшылары, жергілікті билік өкілдері, соның ішінде Семей қаласының басшылығы, компания қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты. Жаңа автобустар теміржол саласының қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартып, оларды еліміздің әртүрлі аймақтарындағы жұмыс орындарына қауіпсіз және жайлы жеткізуге арналған.

«Біз “ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ басшылығына біздің өндірушілерге сенім артып, жоғары кәсібилік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз. “СемАЗ” сынды отандық тауар өндірушілерді қолдау – Семей қаласының экономикасын дамытуға қосылған зор үлес. Бұл қадам басқа салаларға да он әсерін тигізеді», – деп атап өтті Семей қаласы әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев.

“ҚТЖ-Жүк тасымалы” АҚ филиалы – “Семей бөлімшесі” директорының айтуынша, “СемАЗ” ЖШС-нің пайдасына жасалған таңдау өңірлік бизнесті дамытуға ғана емес, аймақ экономикасын нығайтуға да ықпал етеді. «Бұл автобустар заманауи сапа стандарттарына сай келеді және Қазақстанның климаттық жағдайларына толық бейімделген», – деді ол.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АО «КТЖ-Грузовые перевозки» приобрело 30 автобусов, произведённых в городе Семей

Сегодня на Центральной площади города Семей состоялась торжественная церемония передачи 30 новых автобусов, приобретённых АО «КТЖ-Грузовые перевозки» у местного производителя ТОО «СемАЗ». Это событие стало важным шагом в реализации государственной программы поддержки отечественного бизнеса и развития местного производства.

На мероприятии присутствовали руководители центрального аппарата АО «КТЖ-Грузовые перевозки», представители местных властей, включая руководство города Семей, сотрудники компании и жители города. Новые автобусы предназначены для улучшения условий труда железнодорожников, обеспечивая их безопасную и комфортную доставку к рабочим местам в различных регионах страны.

«Мы благодарны руководству АО «КТЖ-Грузовые перевозки» за доверие к нашим производителям и высокий профессионализм. Поддержка отечественного товаропроизводителя в лице ТОО «СемАЗ» является значительным вкладом в развитие экономики нашего города Семей и, несомненно, окажет мультипликативный эффект на многие отрасли»,
— отметил заместитель акима города Семей Арайбек Хамзаев.

Директор филиала АО «КТЖ-Грузовые перевозки» — «Семейское отделение ГП» подчеркнул, что выбор в пользу местного производителя ТОО «СемАЗ» способствует не только развитию регионального бизнеса, но и укреплению экономики региона. «Эти автобусы соответствуют современным стандартам качества и полностью адаптированы к климатическим условиям Казахстана», — добавил он.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥Көптен күткен NAIZA турнирі Семейде!

NAIZA 70 турнирі Семей қаласында өтеді. Кештің басты жекпе-жектерінде екі чемпиондық кездесу болады. «Еркін Күш» клубының жауынгерлері – жартылай жеңіл салмақ чемпионы Нұрбек Қабдрахманов (10-2, 2 КО/ТКО, 6 SUB) және минималды салмақ чемпионы Бағдат Жұбаныш (5-1, 2 КО/ТКО, 2 SUB) өз титулдарын қорғауға және жылды жеңіспен аяқтауға дайын.

Сондай-ақ, лиганың жұлдызына айналған, азулы жауынгер Тайлақ Нұражы (11-1, 10 КО/ТКО, 1 SUB) торға қайта оралады. Оның қарсыласы – Hardcore лигасында өнер көрсеткен тәжірибелі жауынгер Максим Михтеев (14-9, 5 КО/ТКО, 3 SUB).

Сондай-ақ, турнирде Тимур Серікұлы (4-2), Тэимур Жапаров (14-3), Али Бадруддинов (2-0), Көшен Ақанов (5-0), Бахромжон Рузиев (5-1) және басқа да спортшылар өнер көрсетеді!

#Семейқаласыныңәкімдігі
🔥Долгожданный турнир NAIZA в Семее!

Вы просили — мы сделали! Турнир NAIZA 70 состоится в г. Семей. В главном и соглавном боях вечера пройдет два чемпионских поединка. Бойцы клуба “Еркин Куш” чемпион полулегкого веса Нурбек Кабдрахманов (10-2, 2 КО/ТКО, 6 SUB) и чемпион минимального веса Багдат Жубаныш (5-1, 2 КО/ТКО, 2 SUB) готовы защитить свои титулы и закрыть год на победной ноте.

Также вас ждет возвращение грозного финишера, ворвавшегося в лигу с двух ног, Тайлака Нуражы (11-1, 10 КО/ТКО, 1 SUB). Соперником станет опытный боец, выступавший в лиге Hardcore, Максим Михтеев (14-9, 5 КО/ТКО, 3 SUB).

А еще на турнире выступят Тимур Серикулы (4-2), Тэимур Жапаров (14-3), Али Бадруддинов (2-0), Кошен Аканов (5-0), Бахромжон Рузиев (5-1) и другие!

#Семейқаласыныңәкімдігі
🚂Семейде балалар темір жолы қайта жанданды

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында балалар темір жолы ресми түрде іске қосылды. Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жаңа теміржол желісінде үш вагон мен бір тепловоз қызмет көрсетеді. Пойызда 32 орын бар, ал жалпы сыйымдылығы 70 адамға дейін жетеді. Бұл жоба балалар мен жасөспірімдерге арналған ерекше мәдени-оқыту алаңы ретінде қайта жаңғырды.

Бұл жобаның жүзеге асуына ірі кәсіпорындар демеушілік жасады. KazMinerals компаниясы тепловоз бен вагондарды сатып алуға демеуші болса, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» инфрақұрылымды салуды өз мойнына алды.

Семейдегі алғашқы балалар темір жолы 1979 жылы ашылған болатын, алайда 1995 жылы балалар темір жолының жұмысы тоқтап қалған еді. 2023 жылы тарихи нысанды қайта жандандыру жұмыстары басталып, бүгінде жоба толық аяқталды.

Балалар темір жолымен қатар, Бейбітшілік аралы заманауи инфрақұрылыммен жабдықталды. Жаңа жоба аясында кәсіби спорт тренажерлары, футбол, волейбол және стритбол алаңдары, воркаут аймақтары мен велосипед тұрақтары жасалды. Сонымен қатар аралды жарықтандырылып, «Денсаулық жолы» бойына жаңа жаттығу құралдары орнатылды.

Бүгін Балалар темір жолының ашылуына орай Семей қаласының әкімдігі мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Шара барысында Мәдениет сарайының өнерпаздары концерт қойып, әртүрлі спорттық жарыстар мен шеберлік сыныптары өткізілді.

Ашылу күні балалар пойызға тегін міну мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее возобновила работу детская железная дорога

На острове Бейбітшілік в Семее восстановлена и официально открыта детская железная дорога. На торжественном мероприятии присутствовали аким области Абай Нурлан Уранхаев и аким города Нурбол Нурсагатов.

По новой железной дороге протяжённостью два километра будет курсировать тепловоз с тремя вагонами, которые вмещают 70 пассажиров.

Разрушенная в 90-х годах детская железная дорога обрела вторую жизнь и стала уникальной культурно-образовательной площадкой для детей и подростков. Первая детская железная дорога в Семее была открыта в 1979 году, однако её работа прекратилась в 1995 году. С образованием областного центра было принято решение восстановить исторический объект, и в 2023 году начались строительные работы, которые к настоящему времени полностью завершены.

Восстановление объекта стало возможным благодаря поддержке крупных предприятий. Компания KazMinerals выступила спонсором по приобретению тепловоза и вагонов, а АО «Бакырчикское горнодобывающее предприятие» взяло на себя строительство инфраструктуры.

Остров Бейбітшілік сегодня представляет собой зелёный оазис здоровья с современной инфраструктурой, которая позволяет полноценно отдыхать и заниматься спортом. В рамках проекта здесь установлены профессиональные спортивные тренажёры, площадки для футбола, волейбола и стритбола, воркаут-зоны и велопарковки. Территория острова освещена, а вдоль тропы здоровья размещены новые спортивные зоны.

В честь открытия детской железной дороги акимат города Семей организовал праздничное мероприятие. В программе был концерт с участием артистов ГДК, спортивные соревнования и мастер-классы. В первый день работы детской железной дороги для детей организовано бесплатное катание, а также раздача сладких подарков.

#Семейқаласыныңәкімдігі