Семей қаласының әкімдігі
2.9K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
961 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔖🔖🔖🔖🔖Семей қаласында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Бүгін Қазақстанда басты ұлттық мереке Республика күні аталып өтілуде. Осыған орай Семей қаласындағы көпірасты кеңістігінде Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыс және қала депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар бар.

Жиналған қауым оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік әнұранды орындап, мерекеге орай ел Туы көтерілді.

••••••

🔖🔖🔖🔖🔖В городе Семей прошла церемония поднятия Государственного Флага РК

Сегодня в Казахстане отмечается главный национальный праздник - День Республики Казахстан. В этой связи, прошла церемония поднятия Флага на территории подмостового пространства города Семей. В ней приняли участие более 300 человек. Среди них аким области Абай Нурлан Уранхаев, города Семей Нурбол Нурсагатов, депутаты, активисты, лидеры общественного мнения, молодежь.

Флаг страны поднимали под государственный гимн Казахстана.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61🔥1
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті

25 қазан күні Республика күніне орай Семейде әлеуметтік маңызы бар тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде семейліктер сүт және ет өнімдерін, көкөністер, балық, бал, кондитерлік өнімдер және тағы басқа көптеген тауарларды сатып алды.

Атап өтетін жәйт, азық-түлік тауарлары көтерме бағамен және өндірушілердің өзіндік бағасымен сатылды.

Өнімдерін 20-дан астам кәсіпкер, соның ішінде «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация «Семей» және «Агрофирма Приречное» ЖШС ұсынды.

Қалалық жәрмеңке семейліктерге сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін берді, ал тұрғындар отандық тауар өндірушілерді қолдады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
3
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Ярмарка значимых продуктов питания состоялась в Семее


Сегодня в национальный праздник Дня Республики в Семее проведена городская ярмарка социально значимых продовольственных товаров.

В широком ассортименте семейчане могли приобрести молочную и мясную продукцию, овощи, рыбу, мед, кондитерские изделия и многое другое.

Отметим, продовольственные товары реализовывались по оптовым ценам фирм и по ценам себестоимости производителей.

Свою продукцию представили более 20 предпринимателей области и соседних регионов, в том числе АО "Социально- предпринимательская корпорация "Семей" и ТОО "Агрофирма Приречное".

Городская ярмарка дала семейчанам возможность приобрести качественную продукцию по доступным ценам, а взамен поддержать отечественных товаропризводителей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
👍42
Семейде жаңартылған Әуезов алаңының салтанатты ашылуы өтті

Реконструкция барысында алаң өзгеше көрініс алып, айтарлықтай жаңарды және енді қала тұрғындарын қуантуға толық дайын.

Республика күніне орай өткен алаңның ашылу салтанатына қала басшылығы қатысты.

Семей қаласы ТКШ бөлімінің басшысының орынбасары Асан Дюсенбаев тұрғындардың алаңды жаңартқаны туралы хабарды зор қуанышпен қабылдағанын атап өтті.

– Ауэзов алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5000 шаршы метрден астам плитка ауыстырылды, парктік шамдар жаңартылды және балалар ойын алаңы толық жөнделді. Алаңның эстетикалық көрінісі айтарлықтай жақсарды, бұл тұрғындар тарапынан да атап өтілуде, – деді Асан Дюсенбаев.

Жалпы, алаңды жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім тұрғындардың өтініштерінен кейін қабылданды: демалыс орны өзінің бастапқы келбетін жоғалтып, орындықтар тозып, Мұхтар Ауэзов ескерткішінің постаменті де нашар жағдайда болды.

Барлық жұмыстар мерзімінде аяқталды, жаңартылған алаң сол жағалаудағы тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
👍4