Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
873 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
2024 жылы Семейде 150 тұрғын үйді қамтитын 62 аула күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары кезінде жылу трассасының құбырлары мен су құбырларын ауыстыру, асфальттау, балалар мен спорт алаңдарын орнату сияқты кешенді жұмыстар жүргізілді.

•••••

В г.Семей в 2024 году капитально отремонтированы 62 двор с охватом 150 жилых домов. Были проведены такие комплексные работы, как замена труб теплотрассы и водопроводных труб, асфальтирование, установка детских и спортивных площадок.
Құрметті семейліктер!


Семей қаласының ішкі саясат бөлім әлеуметтік тапсырысы аясында Республика күніне орай «Ұшқын» жас әдебиетшілер байқауы өтеді.

Байқау екі бөлімнен тұрады:

I бөлім:
«Қаламгер» эссе жазу және шешендік өнер сайысы
23 қазан 2024 ж., сағат 10:00-де

II бөлім:
«Өлең сөздің патшасы» жас ақындар мүшәйрасы
24 қазан 2024 ж., сағат 10:00-де

Өтетін орны: М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі.

Байқауға Семей қаласының 14-22 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатыса алады!

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар беріледі.

Толық ақпарат алу үшін: +7 707 206 18 99
Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласының әкімінің өкімімен Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұржан Есенжолов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары: Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясы арқылы Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыды.

Еңбек жолын 2007 жылы М.О. Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметін 2009 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады. Әр жылдары қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінде жетекші және бас маман қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысының орынбасары, Семей қаласы және ШҚО әкімдерінің баспасөз хатшысы лауазымдарында қызмет етті.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласының әкімінің өкімімен Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Нұржан Есенжолов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары:…
По решению конкурсной комиссии и распоряжению акима города Семей, Нуржан Ергалиевич Есенжолов назначен на должность руководителя аппарата акима города Семей.

Нуржан Есенжолов родился в 1985 году в городе Семей, Восточно-Казахстанской области. Имеет высшее образование: окончил Семипалатинский государственный педагогический институт по специальности «История», а также Казахский инновационный гуманитарно-юридический университет по специальности «Юриспруденция».

По программе стипендии «Болашақ» прошел обучение в магистратуре Шеффилдского университета (Великобритания) по специальности «Государственное управление и политика». В 2020-2023 годах обучался в докторантуре в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан.

Трудовую деятельность начал в 2007 году в качестве преподавателя кафедры «История» в Семипалатинском государственном педагогическом институте. В 2009 году перешел на государственную службу, заняв должность ведущего специалиста отдела внутренней политики города Семей.

В разные годы работал ведущим и главным специалистом отдела организационно-контрольной работы и кадров аппарата акима города Семей, заместителем руководителя отдела культуры и развития языков города Семей, заместителем руководителя отдела внутренней политики, а также пресс-секретарем акима города Семей и Восточно-Казахстанской области.

С 2018 года по настоящее время возглавлял отдел внутренней политики города Семей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылға арналған арық-науа жүйелерін дайындау жұмыстары басталды

2025 жылғы көктемгі кезеңде су басудың алдын алу мақсатында арықтарды тексеру және тазарту жұмыстары басталды. Бүгін Семей қаласының әкімі Нурбол Нурсагатовтың жетекшілігімен 2025 жылға арналған тасқын қаупіне дайындық аясында көшпелі кеңес өтті.

Бұған дейін қала басшысы арықтарды тексеру үшін шыққан болатын, бүгін арықтарды тазарту жұмыстарын жеделдету және жұмысшылар санын арттыруды тапсырылды.
Мирный ауданында ұзындығы 1100 метр болатын арықтардың жағасын тегіс шифермен нығайту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «SMART BUILD» ЖШС мердігер ұйымы Шығыс, Мирный, Қызыл Кордон, Қазкрай аудандарында, Жоламан ауылында және Согра саяжай аймағында қамыстарды шабу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы шабылған қамыс аумағы 53,7 га құрайды.

Арық жүйесін тазарту жұмыстары күнделікті жүргізілуде және бақылауда.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В рамках подготовки к паводкоопасному периоду 2025 года проводится работа по очистке арыков

В целях предотвращения затоплений в весенний период 2025 года уже начаты работы по проверке и очистки арычных систем и ливневых канализаций. Сегодня под председательством акима города Семей Нурбола Нурсагатова состоялось выездное совещание в рамках подготовки к паводкоопасному периоду 2025 года.

Ранее глава города уже выезжал для осмотра арыков, а сегодня было поручено ускорить работы по очистки арыков и увеличить количество рабочей силы для выполнения данных задач.

В рамках противопаводковых подготовительных работ в настоящее время в районе Мирного завершены работы по берегоукреплению арыков с использованием плоского шифера общей протяженностью 1100 метров.

Параллельно подрядная организация ТОО «SMART BUILD» проводит работы по покосу камышей в районах Восточный, Мирный, Красный Кордон, Казкрай, поселке Жоламан и дачном массиве Согра. Общая площадь скошенных камышей составила 53,7 гектара.

Все работы по прочистке арычной системы продолжаются ежедневно и находятся на контроле.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылғы 19 қазан күні сағат 9:00 – 13:00 аралығында «Турист» қонақ үйі ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің күзгі қалалық жәрмеңкесі өткізіледі.




Уважаемые жители и гости города!

19 октября 2024 года с 9:00до 13:00 часов возле гостиницы «Турист» будет проводиться городская осенняя сельскохозяйственная ярмарка.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!

Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. Ұлттық мерекеге орай Сіздерді қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін “Қыран елім-Қазақстан” атты салтанатты жиынға шақырамыз.


Күні: 24.10.2024 ж.
Уақыты: 11:00
Мекенжай: Қалалық мәдениет сарайы

••••••

Уважаемые жители и гости города!

В честь национального праздника – Дня Республики – приглашаем вас на торжественное собрание «Қыран елім – Қазақстан», которое состоится 24 октября в 11:00 в Городском дворце культуры.

День Республики символизирует первый важный шаг на пути к государственности нашей страны. Мероприятие организовано акиматом города Семей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Республика күні қарсаңында қайта жаңартылудан өткен Әуезов алаңының ашылуына арналған салтанатты концертке шақырамыз. Бұл ерекше шара – қаламыздың сүйікті орындарының бірі қалай жаңарғанын тамашалауға мүмкіндік береді.

Сіздерді 24 қазан күні сағат 14:00-де, сол жағалауда Әуезов алаңында күтеміз!

•••••

Уважаемые жители и гости города!

В преддверии Дня Республики с радостью приглашаем вас на торжественный концерт, посвящённый открытию обновлённой площади Ауэзова после реновации. Это значимое событие станет прекрасной возможностью увидеть, как преобразилось одно из любимых мест города.

Ждём вас 24 октября в 14:00 на площади Ауэзова, на левом берегу, чтобы вместе отпраздновать это важное событие!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігіне арналған маңызды мереке. Осы мерекеге орай Семей қаласында түрлі іс-шаралар жоспарланған.

22 қазан күні сағат 15:00-де қалалық Мәдениет сарайында әртүрлі саладағы жастардың қатысуымен «Жастар шырқайды» байқауы өтеді. Бұл шара жас таланттардың шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!



Уважаемые семейчане и гости города!

День Республики — важный праздник, посвящённый независимости и государственности Казахстана. В честь празднования в городе Семей запланированы различные мероприятия.

Так, 22 октября в 15:00 в Городском дворце культуры состоится конкурс «Жастар шырқайды», который проводится среди молодёжи разных специальностей с целью поддержки и развития творческой деятельности молодых талантов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті Семей қаласының тұрғындары және поэзия сүйер қауым!

🇰🇿25 қазан – Республика күні. Бұл күн өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, болашаққа батыл қадам басар ұлы күн.

Сіздерді мерекеге орай өткізілетін “Поэзия, менімен егіз бе едің?…” атты поэзия кешіне шақырамыз!

Кештің өтетін уақыты: 21 қазан, 16:00
Өтетін орны: Қалалық мәдениет сарайы (ГДК)

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басты назарда


Семей қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда қалада жалпы ұзындығы 756 шақырымды құрайтын 1179 көше бар. Абай облысы құрылғанға дейін қаладағы жолдардың тек 36%-ы, яғни 272,16 шақырымы ғана асфальтталған еді. Алайда, 2024 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 47%-ға дейін арттырып, 355,32 шақырымға жеткізу жоспарлануда.

2023 жылы қалада 53 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Ал 2024 жылы осындай жұмыстар 29 көшеде аяқталды, ал 11 көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда.



Развитие дорожной инфраструктуры в Семее: итоги и планы

Город Семей продолжает активную работу по улучшению дорожной инфраструктуры. На сегодняшний день в городе насчитывается 1179 улиц общей протяженностью 756 километров. Еще до образования области Абай, асфальтовое покрытие имели только 36% дорог — это 272,16 километров. Однако уже к концу 2024 года планируется увеличить этот показатель до 47%, что составит 355,32 километров.

В 2023 году значительный объем работ был проведен по среднему ремонту и асфальтированию на 53 улицах города. В 2024 году аналогичные работы были завершены еще на 29 улицах, при этом ремонт на 11 улицах все еще продолжается.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті Абай облысының ТЖД, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, төтенше жағдайлардың алдын алып, оларды жоюды қамтамасыз ететін азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің мемлекеттік маңызы арта түсуде.

Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, төтенше жағдайларға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрсіздер.

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңіз халық алдында әрдайым жоғары бағаланады. Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

✍🏻 Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті Абай облысының ТЖД, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, төтенше жағдайлардың алдын алып…
«Есть такая профессия – людей защищать»

Уважаемые сотрудники Департамента по ЧС области Абай, Управления по чрезвычайным ситуациям города Семей!


Поздравляю вас с профессиональным праздником «День спасателя» Республики Казахстан!

В эпоху природных и техногенных катастроф возрастает государственное значение работников сферы гражданской защиты, ежедневно по тревоге борющихся с огнем, обеспечивающих предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций.

Вы рискуя своей жизнью спасаете жизни других людей в чрезвычайных ситуациях.
Народ с благодарностью высоко ценит ваш отважный труд и героизм. Желаю успехов в ответственной работе, благополучия вашим семьям и сухих рукавов!

✍🏻 Аким города Нурбол Нурсагатов