Семей қаласының әкімдігі
3K subscribers
10.6K photos
2.78K videos
9 files
869 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті Семей қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

6 қазанда, Семей қаласында республикалық референдум өтетін күні, қала ішінде қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады.



Уважаемые жители и гости города Семей!

6 октября, в день проведения республиканского референдума в городе Семей, проезд на городском общественном транспорте будет бесплатным.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті Семей қаласының қонақтары мен тұрғындары!

Абай облысы Семей қаласында 4-5 қазан күндері жыл сайынғы “Бал жәрмеңкесі” өтеді! Облысымыздың омарташылары сатып алушылар үшін жоғары сапалы және табиғи ара өнімдерінің әртүрлі сорттарын ұсынады!
Сіздерге табиғи балдың дәмін тегін байқап көруге кепілдік береді.

🗓️ 2024 жылғы 4-5 Қазанда
🕘 09:00
Семей қаласы. Мәңгілік ел көш. 6 (Арбат)




Уважаемые жители и гости города Семей!

В городе Семей 4-5 октября пройдет ежегодная “Ярмарка мёда» в области Абай! На ярмарке будут предоставлены различные сорта высокого качества и натуральные продукты пчеловодства на выбор посетителя!
Бесплатная дегустация натурального мёда вам гарантирована!

🗓️ 4-5 октября 2024 года
🕘 09:00
📍 Ул. Мангилик Ел 6 ( Арбат)

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті семейліктер, ардагерлер, зейнеткерлер мен ардақты аға буын!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда Семей қаласында 50 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың қартайған шағындағы өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыты.

Біз үшін сіздердің  өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің, тәлім – тағылымдарыңыздың орны айрықша. Өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген аға буынның кеңесі бізге ауадай қажет.

Отансүйгіштіктің, адалдықтың, үлкен шыдамдылықтың айқын үлгісін көрсетіп, ұрпақ қызығын көре беріңіздер!

✍🏻Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов



Уважаемые семейчане, ветераны войны и труда, пенсионеры - наше славное старшее поколение!
 
От всей души поздравляю Вас с Международным днем пожилых людей!

Сегодня в городе Семей проживают свыше 50 тысяч пенсионеров, их знания, мудрость и богатейший опыт особенно важны в современных условиях, когда наряду с инициативой молодых требуется жизненная мудрость старших.

Старшее поколение - это люди, олицетворяющие собой трудолюбие и беспримерную стойкость. Именно Вашим трудом создавалось наше духовное и материальное богатство, строились города, развивалась промышленность, совершенствовалась система здравоохранения и образования.

Я бесконечно благодарен представителям старшего поколения за их самоотверженный труд и неоценимый вклад в воспитание молодежи! Крепкого Вам здоровья дорогие земляки, и долгих лет жизни.

 
✍🏻С уважением, аким города Семей Нурбол Нурсагатов
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылғы 6 қазанда, Республикалық референдум күні, «Арена» кешенігің алдында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Қарағайлы шағын ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің күзгі қалалық жәрмеңкесі өтеді.

Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!

•••••••

Уважаемые жители и гости города!

6 октября 2024 года, в день республиканского референдума, с 9:00 до 13:00 в микрорайоне Карагайлы, перед комплексом «Арена», состоится осенняя городская ярмарка сельскохозяйственной продукции.

Приглашаем всех посетить ярмарку!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген жиыны өтті. Жиынға барлық бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде әр бөлімнің ағымдағы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, қала әкімі бас инспекторлардың қаланың шеткері аумақтарында атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады. Сондай-ақ, жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша жобаларды жүзеге асыру мәселелері, атап айтқанда Бобровка, Водный, Восход аудандарында су құбырының құрылысы, жолдарды жөндеу және қаланың шет аймақтарын абаттандыру жөнінде талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов шеткі аудандарды абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.



Состоялось расширенное совещание акимата


Сегодня под председательством акима города Нурбола Нурсагатова состоялось расширенное совещание акимата, в котором приняли участие все руководители отделов. На повестке дня рассматривались текущие вопросы каждого отдела.

Кроме того, глава города заслушал отчеты главных инспекторов акима о проделанной работе в отдаленных районах города. Также были обсуждены вопросы по реализации проектов по линии ЖКХ (строительство водопровода в районах Бобровка, Водный, Восход), по ремонту дорог и по благоустройству на окраинах города.

По итогам совещания Нурбол Нурсагатов поручил продолжить работы по благоустройству и улучшению инфраструктуры отдаленных районов.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі салынып жатқан нысандарды аралады

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан 13 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Биыл басталған бұл үйлердің құрылысын ТОО «AN Groups» мердігер компаниясы жүргізуде. Әкім 712 пәтерлі, 13 көпқабатты тұрғын үйдің (62-74 позициялар) құрылыс алаңына барып, жұмыстардың барысын бақылап шықты. Жалпы ауданы 67,9 мың шаршы метрді құрайтын үйлердің пәтерлеріне 51 мың шаршы метр бөлінген. Қазіргі таңда мердігерлер қазба жұмыстарын аяқтап, техникалық қабатты салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, қала әкімі құрылыс жұмыстары аяқталған 15 тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл үйлерді қолданысқа беруге дайындықты ТОО NKO және ТОО Active-A мердігерлік ұйымдары жүзеге асырды. Кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге және әкімдік қызметкерлеріне жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Қала басшысы сондай-ақ, ағымдағы жылы абаттандырылатын 62 ауладағы жұмыстарды бақылап өтті. Оның ішінде 16 аула бюджетті үнемдеуден қалған қаржы есебінен "LLC Asia" ЖШС мердігерлігімен, 32 аула "Стронг Сервис" ЖШС арқылы абаттандырылуда. Қалған 14 аула Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Көптеген аулалардағы жұмыстар аяқталып, тұрғындардың қолданысына берілуде.

#Семейқаласыныңәкімдігі