Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.6K photos
2.91K videos
9 files
1.07K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дәл қазір қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Бобровка, Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кездесу өткізуде.



Прямо сейчас аким города Нурбол Нурсагатов проводит встречу с жителями дачных массивов Бобровка и Мурат.
September 27, 2024
Қала әкімі Бобровка, Мұрат кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Бобровка және Мұрат кенттері мен саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында басты назар электрмен жабдықтау мәселесіне аударылды.

Әкім Нұрбол Нұрсағатов қазіргі уақытта қажетті трансформаторлар қалаға жеткізілген, ал электр желілерін тартуға арналған траншеяларды қазу жұмыстары жүріп жатқандығын мәлімдеді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, қала басшысы 10 ай бойы жиналған электр энергиясының төлемақысын бірден өтеу мүмкін еместігін ескеріп, қарызды бірнеше айға бөліп төлеуге мүмкіндік берілетінін атап өтті. Ал есептегіштер орнатылған соң, тұрғындар тікелей «ШығысЭнерготрейд» ЖШС-мен есеп айырысатын болады.

Сонымен қатар, тұрғындар қоқыстың уақытылы шығарылмауына шағымданды. Бұл мәселе бойынша «Семей Тазалық» ЖШС басшысы тек 25 үймен ғана келісімшарт жасалғанын және бұл көлемдегі жұмыс компания үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін түсіндірді.

Айта кетейік, әкім Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын Бобровка, Мұрат кенттерінің белсенділерімен кездеседі. Электр желілерін салу жұмыстары қала әкімінің тікелей бақылауында.

#Семейқаласыныңәкімдігі
September 27, 2024
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Нурбол Нурсагатов обсудил с жителями Бобровки и Мурат вопросы электроснабжения

Сегодня аким города Семей Нурбол Нурсагатов провел очередную встречу с жителями поселков и дачных массивов Бобровка и Мурат, где основной акцент был сделан на проблеме электроснабжения.

Нурбол Нурсагатов отметил, что необходимые трансформаторы уже доставлены в город, а работы по прокладке электрических сетей активно продолжаются. Отвечая на вопросы жителей, аким сообщил, что в случае невозможности единовременной оплаты по задолженности за электроэнергию, накопившейся за 10 месяцев, будет предоставлена возможность рассрочки на несколько месяцев. После установки счетчиков жители будут оплачивать электроэнергию напрямую через ТОО «Шығысэнерготрейд».

Помимо этого, жители выразили недовольство по поводу несвоевременного вывоза мусора. Руководитель ТОО «Семей Тазалык» пояснил, что на данный момент заключены договора только с 25 домами, что делает работу в таком объеме для компании экономически невыгодной.

Стоит отметить, Нурбол Нурсагатов продолжает еженедельно встречаться с активистами поселков Бобровка и Мурат, а вопрос проведения электрических сетей находится под его личным контролем.

#Семейқаласыныңәкімдігі
September 27, 2024
September 27, 2024
Семей қаласының әкімдігі
Photo
September 27, 2024
Құрметті тұрғындар!

Сіздерді 28 қыркүйек күні "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтетін жалпықалалық сенбілікке шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де басталады.

Қаламыздың тазалығына өз үлесімізді қосып, оны көркейтуге атсалысайық!

Құрметпен,
Семей қаласының әкімдігі



Уважаемые жители!

Приглашаем вас принять участие в общегородском субботнике, который состоится 28 сентября в рамках акции «Таза Қазақстан». Начало мероприятия в 10:00.

Давайте вместе сделаем наш город чище и уютнее, внеся свой вклад в его благоустройство!

С уважением,
Акимат города Семей.
September 27, 2024
Семейде қала тұрғындарының қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтеуде



В Семее проходит общегородской субботник с участием жителей города.
September 28, 2024