Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
943 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің « №50 жалпы орта білім беретін AI Semey мектеп-лицейі» КММ-сі 1кыркүйектен бастап жұмысын бастайды. Осыған орай, 0, 1-11 сынып оқушыларына қабылдау жарияланды. Өтініштерді қабылдау оқушының оқып жатқан мектебінде жүзеге асырылады.




КГУ «Средняя общеобразовательная школа-лицей № 50 AI Semey» отдела образования города Семей управления образования области Абай начинает работу с 1 сентября. В связи с этим, объявлен набор учащихся в 0, 1-11 классы Прием заявлений осуществляется в школах, где обучаются учащиеся.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда

Қаладағы Достық үйінде аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табысталды. Бұл игі іске Абай облысының ҚХА қоғамдық институттары, этномәдени бірлестіктер және кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Акция жыл сайын қаламызда жалғасын табатын болады.

••••••

В городе Семей продолжается республиканская благотворительная акция «Дорога в школу»

В Доме Дружбы города детям из малообеспеченных, многодетных, социально уязвимых семей, детям, оставшимся без попечения родителей, были переданы школьные принадлежности и рюкзаки. Эту добрую инициативу поддержали общественные институты АНК области Абай, этнокультурные объединения и предприниматели.

Акция будет ежегодно продолжаться в нашем городе.

#Семейқаласыәкімдігі
❤‍🔥2
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Биыл «Тарихи қиылыстың құрылысы» жобасы сәтті жүзеге асырылды. «Прииртышье» өлкетану қоғамының өкілдерімен бірлесе отырып, Найманбаев пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысы ерекше мәнге ие орын ретінде таңдалып алынды. Бүгінгі таңда бұл аймақ толықтай абаттандырылып, жаңа келбетке ие болды.

Осы маңызды оқиғаға орай, 27 тамыз күні сағат 11:00-де тарихи қиылыстың салтанатты ашылуы өтеді. Бұл шарада мерекелік концерт пен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады.

Келіңіздер күтеміз



Уважаемые жители и гости города!

В этом году успешно реализован проект «Строительство исторического перекрестка». Совместно с представителями краеведческого общества «Прииртышье» выбран перекресток улиц Найманбаева и Б. Момышулы как место с особым значением. В настоящее время территория полностью благоустроена и приобрела новый облик.

В связи с этим значимым событием 27 августа в 11:00 состоится торжественное открытие обновлённого перекрестка. В рамках мероприятия будет организован праздничный концерт и интересные программы. Это будет особое событие, которое понравится каждому!

#Семейқаласыныңәкімдігі
👍21
«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасының қорытындысы жарияланды.

Алғашқы 21 үміткерге Отбасы банкіне өтінім беру мүмкіндігі берілді. Құттықтаймыз!🥳

Бағдарлама бойынша балл есептеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, 27 тамыз күні Ұранхаев көшесі, 53 мекенжайында орналасқан тұрғын үй инспекциясына жүгінуіңізге болады.

••••••••

Подведены итоги жилищной программы «Абай жастары.

Первые 21 претендент получили возможность подать заявку в Отбасы банк. Поздравляем!🥳

Если у вас возникли вопросы по начислению баллов в рамках программы, вы можете обратиться в отдел жилищной инспекции по адресу: улица Уранхаева, 53.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семейде Момышұлы-Найманбаев көшелерінің қиылысы абаттандырылды

Семей қаласында Найманбаев-Момышұлы көшелерінің жол айрығында тарихи қиылыс ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарын қызықтыратын жаңа орынға айналды. Жоба Семей қаласы әкімдігінің тапсырысы аясында жүзеге асты.

Жобаға тарихи ғимараттар мен сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, нысандардың тарихи құндылығын сақтау үшін заманауи материалдарды пайдалана отырып, олардың бастапқы келбетін қалпына келтіру кіреді.

Мұндай қиылысты ашу туралы идеяны алғаш рет жергілікті өлкетанушылар ұсынған болатын. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл бастаманы қолдап, оны өз бақылауына алды.

Найманбаев-Момышұлы көшелерінің қиылысы тарихи деп аталуы кездейсоқ емес: осы көшелердің бұрыштарында әртүрлі дәуірлерге тиесілі ғимараттар орналасқан.

– ХҚКО-ның қарсысындағы ғимарат XX ғасырдың басында салынған. Бұл ғимарат сол кездегі ел бойынша мамандарға арналған үйлердің құрылысына байланысты тарихи маңызға ие. Сол жерде осы тақырыпқа арналған инсталляциялар мен мүсіндерді байқай аласыз. Ал қарсы бетте – өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған ғимарат бар, ол кезде елге көп пәтер керек деген мәселе көтерілген болатын, – деп түсіндірді Ольга Исаева.

Оған қоса, қауіпсіз инфрақұрылым дамып, көлік қолжетімділігі жақсарып, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы аймақтар, жарықтандыру, автокөлік тұрақтары жабдықталған.

Семей қаласының Құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғам мәдениетін дамытудағы маңызына тоқталды. Халық алдында тұрған басты міндеттердің бірі – тарихи жол айрығының жағдайын
сақтау.

«Семейде қаламыздың тарихи оқиғаларын байланыстыратын тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Біздің мақсатымыз – оны жақсы жағдайда сақтау. Өйткені, мұндай орындар мәдени және табиғи мұраларымызды сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол үшін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Экологиялық мәселелер мен абаттандыру біржола шешілмейді, олар үнемі қоғам назары және күш салуды талап етеді. Бұл бағдарламаның жалғасуы тұрғындар арасында экологиялық мәдениетке, балалардың да, ересектердің де табиғатқа ұқыпты қарауына да ықпал етеді»
- деді Зейнолла Тоқаев.


#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Исторический перекресток на пересечении Момышулы-Найманбаева открыли в Семее

В городе Семей на перекрёстке улиц Найманбаева и Момышулы открыт исторический перекрёсток, ставший местом притяжения жителей и гостей города. Проект был реализован в рамках заказа акимата города Семей.

Проект включает в себя восстановление исторических зданий и архитектурных памятников, использование современных материалов для сохранения исторической ценности и восстановление первоначального облика.

Идею открытия такого перекрёстка впервые высказали местные краеведы. Аким области Абай Нурлан Уранхаев с готовностью поддержал данную инициативу и взял под личный контроль.

Перекрёсток улиц Найманбаева-Момышулы называется историческим неспроста: вышло так, что по углам названных улиц стоят здания, которые принадлежат различным эпохам.

"Здание напротив ЦОНа построено в начале XX века. Это исторический объект, поскольку тогда по всей стране строили здания для специалистов. Вы заметите там инсталляции и фигуры, соответствующие этой теме. А напротив – замечательное здание 80-ых годов прошлого столетия, когда решался вопрос о том, что стране нужно больше квартир", - поведала Ольга Исаева.

Кроме того здесь развита безопасная инфраструктура, улучшена транспортная доступность, созданы удобные зоны для пешеходов, освещение и оборудованы парковочные места.

Почетный гражданин города Семей Зейнолла Токаев отметил важность программы «Таза Қазақстан» для развития общественной культуры. Одной из главных задач, стоящих перед народом, является сохранение состояния исторического перекрёстка.

«В Семее открылось ещё одно общественное место, которое связывает исторические события нашего города. Наша цель – сохранить его в хорошем состоянии. Ведь такие места играют важную роль в сохранении нашего культурного и природного наследия. Для этого важно продолжать работы в рамках программы «Таза Казақстан». Экологические вопросы и благоустройство не решаются раз и навсегда, они требуют постоянного внимания общества и усилий. Продолжение этой программы способствует формированию экологической культуры среди жителей, внимательному отношению к природе как детей, так и взрослых»,
– сказал Зейнолла Токаев.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Момышұлы-Найманбаев көшелерінің қиылысы абаттандырылды

••••••

В Семее благоустроили перекрёсток с вековой историей
👍3🔥1
Жаңа оқу жылында Семейде 5 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп партасына отырады!

Оқу жылының басталуына орай «Мектепке жол» акциясы аясында 900-ге оқушыға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары табысталды. Бұл акцияны өткізуге қала тұрғындары мен ұйымдар қолдау көрсетті.

Олардың көмегі арқасында балалар жаңа оқу жылын қажетті құрал-жабдықтармен және көтеріңкі көңіл-күймен бастайтын болады!