Семей қаласының әкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqstan.tv
4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!

Қала әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады
Қала әкімі қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аудандарды жаяу аралады. Қала әкімі ең алдымен Бобровка және Мұрат саяжайларында электр инжинерлік желілерін салып жатқан мердігерлермен кездесті. Биыл Мұрат және Бобровка саяжайларында инженерлік желілерден бөлек трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылатын болады. Жыл соңына дейін Мұрат және Бобровка саяжайын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету көзделген.
Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов №1 қазандықты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ТЭЦ-1-ге барды. Жылу орталығының басшылығы қазандықты жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқандығын хабарлады.
Жұмыс тобы аралау кезінде сол жағалауда Баздырева және Костанайская көшесінің қиылысындағы “Құтқарушылар саябағының” абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Қазіргі таңда аталған ауданда жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстары басталды.
Көшпелі кеңес нәтижесінде мердігер ұйымдарға, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлімдеріне процесті бақылау, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
#Семейқаласыныңәкімдігі