Семей қаласының әкімдігі
2.97K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
903 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде Наурыз мейрамына орай «Наурыз керуені» ұйымдастырылды

Бүгін Семей қаласында Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Төрлет Әз-Наурыз» іс-шарасы өтіп жатыр. Мерекелік бағдарламаны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласынң әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары тамашалауда.

«Табиғат ананың оянуы» деп аталатын күндізгі мерекелік бағдарлама өз жалғасын табуда. Биыл Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен «Наурыз керуені» шеруі болды. Мерекелік шеруде түйе, оннан астам жылқы, жеті қазынаның бірі саналатын қыран бүркіт, құмай тазы және ұлттық киім киген 100- де астам адам керуенге қатысты.

Орталық алаңдағы концертті тамашалауға 8000-нан астам жиналды. Әр киіз үйде еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған көрмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әр ауылда қазақ ұлтының салт-дәстүрінен қойылымдар көрсетіліп, сайыстар өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін наурыз мейрамы күні бойы жалғасады. Кешкі сағат 19:00-де орталық алаңда  отандық эстрада жұлдыздары Turar, Sadraddin, Алатау серілері қатысуымен ашық аспан астында Open Air форматында ашық аспан астында концерт өтеді. Барша қала тұрғындарын Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.

#Семейқаласыныңәкімдігі
В Семее в честь Наурыз мейрамы был организован «Наурыз керуені»
 
Сегодня в городе Семей проходит мероприятие «Торлет Әз-Наурыз», посвященное празднованию Наурыз мейрамы. С праздничной программой ознакомились аким области Абай Нурлан Уранхаев, аким города Семей Нурбол Нурсагатов, общественные деятели и жители города.
 
Праздничная программа представлена под названием «Пробуждение матери-природы». В этом году на празднике Наурыз состоялся парад «Наурыз керуені». В праздничном параде приняли участие более 100 человек, верблюды, более десятка лошадей, орлы, одно из семи сокровищ казаха - собаки породы тазы.
 
Более 8 000 человек собрались, чтобы посмотреть концерт на центральной площади. В каждой юрте организованы импровизированные выставки, посвященные юбилеям исторических личностей страны. Также в каждом этноауле проходят конкурсы и представления по мотивам казахских традиций.

Напомним, сегодня празднование Наурыз мейрамв продлится весь день. В 19:00 на центральной площади состоится концерт под открытым небом в формате Open Air со звездами отечественной эстрады Turar, Sadraddin, Алатау серілері. Приглашаем всех горожан вместе отметить Наурыз мейрамы.

#Семейқаласыныңәкімдігі