Forwarded from Семей қаласының әкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылғы 16 наурыз күні сағат 9-00 – 13-00 аралығында Ертіс өзенінің жағалауы ауданында (Набережная) Семей өңірі ауыл шаруашылығы субъектілері және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуымен қалалық жәрмеңке өткізіледі.
✍🏻Семей қаласының әкімдігі
Уважаемые жители и гости города!
16 марта 2024 года с 9-00до 13-00 часов в районе Набережной реки Иртыш пройдет городская ярмарка с участием субъектов сельского хозяйства и предприятий пищевой переработки региона.
✍🏻Акимат города Семей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласы бойынша Наурыз мейрамында өтетін іс-шаралар жоспары
•••••
План мероприятий на празднование Наурыз мейрамы
🚀 https://t.me/semeyakimdigi
•••••
План мероприятий на празднование Наурыз мейрамы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жаңа қоғамдық кеңістік пен қазақ тілінде Брайль қаріптерімен кітап басып шығару мүмкіндігі пайда болды
Наурыз мерекесі қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада заманауи қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылып, Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасына арнайы техникалық құрал-жабдық табысталды.
Бұған дейін көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана бейімделген сипаттағы мамандандырылған кітаптардан қиналып келді. Қазақстанда ондай баспахана жоқ. Жоба арқылы кітапхана 17,4 млн теңгеге тактильді кітаптарды басып шығаруға арналған жабдықтар жиынтығымен, кеңсе техникасымен, жеке тыңдау жабдықтарымен, дыбыстық аппаратурамен және жиһазбен жабдықталды. Енді арнайы мекеме қазақ тілінде Брайль қарпімен кітаптар шығаруға қабілетті еліміздегі бірінші кітапхана болмақ.
«Бүгінгі Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық жасау игі шарасының куәсі болып отырғаныма қуаныштымын. Көру қабілеті бұзылған азаматтарға қамқорлық, кедергісіз орта құру - біздің қоғам алдындағы ортақ міндетіміз, мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Арнайы кітапхананың кеңсе жабдықтары мен Брайль арнайы техникасымен жабдықталуы – оқырмандар үшін үлкен мүмкіндік. Игі бастамаға мұрындық болған «Samruk-Kazyna Trust» қорына және «Кемелді қадам» қоғамдық қорына алғыс білдіреміз», - деді Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Арнайы кітапхана бүгінде 1000-ға жуық оқырманға қызмет көрсетеді.
Қайырымдылық жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен 2024 жылдың соңына дейін, Семейде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш арнайы типтік кітапхананы салу жоспарлануда. Бұл осындай сипаттағы алғашқы және жалғыз мәдени мекеме болмақ.
#Семейқаласыныңәкімдігі