Aqerke LIVE
5 subscribers
81 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Сонымен қатар мен екі 10 бал алдым.
Бассейннен бүгін бос жүзу болды. Ол дегеніміз қалай жүзсең солай жүзу немесе не істесең соны істе деген мағынада тұр. Біз әр бос жүзуде қатырмашақ ойнаймыз. Мені бірінші рет ұстады.
Біздің әдебиеттен беретін апайымыз бізге “Менің сүйікті кітабымның беттері” деген тақырыпқа сүйікті кітап беттерін түсіріп Дарын атында жазу жарысына қатысу керек екінін айтты. Кім қатысады соған 3 сабаққа 10 балл қоямын деген мативация берді
Бүгін ең жаман күн. Мен ағылшында су төгіп алдым.Дәл телефонымның үстіне.
Бүгін біз қонаққа бардық. Анамның құрбысының үйіне . Жолда көп қиындықтармен кездестік. Соның бірі олар енді салынып жатқан жерде тұрады. Балшық бар жерде.
Дүкенге бара жатқанда мен балшыққа құладым. Аяқ-киімім жаман кір болды. Бүгін енді аяқ-киімімді жуып жатырмын.
Бүгін ерекше күн болды. Бассейнге жиналған балалармен қоса менде өз треннерімізді күттік. Біраздан соң есіктен басқа топқа беретін треннер кіріп келді.
Ол күлімсіреп тұрды, бірақ түрінен қатал жаттығулар болатыны байқалып тұрды. Өйткені Мария тренер өзінің тобымен басқа топты жарыстырғанды ұнататын. Мен қатты шаршап, үйіме қайттым. Шаршағаннан аяғымды баса алмай жүрдім.Қолдарыма да жұмыс қиын блды. Бір жеңілсөмкені көтеруге шамалары бітіп барады.
WELCOME POST

Достар, енді каналдағы
Барлық жазбалар айдарларға бөлінетін болады, енді сізге тек ұнаған тақырыптағы #️⃣хэштегті басу жеткілікті, сол тақырыптығы барлық жазбалар шығатын болады.

📌 АЙДАРЛАР:

⭐️ #ақеркесөздікқор
[өзім жаңадан есітіген сөздердің мағанасы]

⭐️ #ақеркелайфхак
[өмірді жеңілдететін пайдалы кеңестер]

#ақеркетыңдау
#көругетұрарлық
#ақеркеәзіл
#ақеркеапай
#ҮЗДІКжаз
#helloАқерке
#күнделік
#AqerkeLife
#Ақеркекітап
*айдарлар толығып отырады
Күтпеген жерден жаңбыр тамшылап, ал сосын нөсерлеп жауа берді. Мен қолшатырымды алдым. Жарты жолда қолшатырым ұшып бара жатқандай болды. Қолшатырымды мықтылап ұстап ары жүре бердім.
Сендерде жаңбырда қолшатырларыңды жел ұшырып алып кеткен кездер болды ма ?
Таңертең жаңбыр жауып еді, ал қазыр қар жауып тұр.
Менің қазіргі оқып жатқан кітабым. Өте қызық жерлері көп. Мысалы: Чарлидің ойынға қатысуы.
Қазақ әдебиеті сабағы басталмай жатып, біз апаымызды күттік. Апай өзінің кабинетінде балаларымен жұмыс істеп жанқан болатын. Ұлдар есікті тарс-тұрс етіп жауып ойнап тұрды. Олар жұлқылап апайдың кілттермен тұрған сүйікті салпыншағын сындырды. Апай қатты жынданды. Дәл сол күні біз БЖБ тапсыру керек едік. Апай 15 минутқа ғана берді.
Сонымен қатар Христофор Колубмтың Американы ашқаны жайлы білдім.
Анель қыздарға видео түсіруге көмектесті, бірақ олар оны шақырмай жалғастырып түсірді. Ренжіген Анель жылап, апайды шақыртты.
Қыздар кешірім сұрады. Анель күлімдеп, оларды кешірді.
Достық — қателікке қарамастан бірге қалу.
Бүгін ерекше күн болды. Мен өз қолымнан білезік те жасадым брелок та жасадым. “Екі зат бір затта” дегендей болды. Өте әдемі шықты.
Ал сен бүгін не жасадың?!
Бүгін бассейнге бара жатсам, күнде өтетін көшемде жөндеу жолдары болып жатыр екен. Көп жылдар бойы тұрған трубаларды алып жатыр екен. Трубаларда шаршаған шығар көп тұрып, іштей қуанған шығар.
Бүгін сендер қандай қызықты заттарды кездестірдіңдер?
Мектепте бір қолайсыз жағдай болды. Мен бүгін Қазақ тілі сабағында отырдым. Екі топ бірігіп өтті. Екінші топ ТЖБ жазып жатыр екен. Ағай бірінші топты ұмытып екінші топтың ТЖБ тесттерін тексеріп, айтылымдарды тыңдап, біз көңіл бөлмеді. 20 минуттай уақыт өтті. Мен жалғыз отырып, қатты шаршадым. Ағайдан тапсырма беруді сұрадым. Бірақ ағай барлығына берді. Барлық бірінші топ маған жынданып, ренжіді. Сол кезде жүрегім дір-дір соғып , өзімді қатты кінәлі сезіндім. Көзімнен жас аға жаздады. Сабыр ұстап, басқалардың мені жамандағанын шыдап отырдым. Үйге мұңайып келдім.
Балалар кімде осындай жағдайлар болды?!
Бүгін Бастауыштан өтіп бара жатыр едім. Осылай әдімі, көрікті етіп әдемілеген екен. Мектеп әр дүйсенбі мерекелерге орай безендіреді. Бұл 22 наурызға арналып безендірген екен.
Соңғы күн болғандықтан көп оқушы келмейтін шығар. Менің ойымша 10 нан аспайтын оқушы келетін шығар . Менің сыныбымнан ұлдар келді , бірақ мен ғана қыз болам дегенде кей қыздар келіп тұр. Ал бірінші сыныптарға қарасам. Терезеден достарына мектепке келмек қойындар деп жатыр . Не десе тамақ ішіп кетесіңдер депті Бастауыштың апайлары.