Бүгін менің сыныптасымның яғни жақын досымның әкесінің туған күні. Күн кәдімгедей өтті. Бізді жақын досымның әкесі мәшинесімен келу керек болған. Бірақ сыныптасымның немере сіңілісі келіп алып кетті. Ал сол кезде Айзере деген қыз біздің досымызда сыныптасым тұратын жерлерге жақын тұрады екен. Сондықтан ол қызды да алып кетпекші болдық. Сыныптасымның аты Інжі болатын. Ал енді немере сіңілісін көргенде өте қатты қуанды. Біз әрең бір кіші мәшинеге сиысып отырдық. Айзере түк түсінбеді. Өйткені Інжудің немере сіңілісін ешқашан көрмеген. Ал мен оны Інжудің екі жылғы туған күнінде көрдім. Бірінші 2024 , ал екінші 2025. Мені үшжетіден (дүкен аты) түсіріп, ары қарай Інжудің үйіне кетті.
Сонымен қатар анам бүгін Алтын Ордада сатып алған кисельдің біреуін жасады. Құлпынай дәмін жасады. Өте дәмді. Мен осы кисельді бастауыш сыныптарда тегін тағам бергенде кейде кесел беретін. Осы кездерде мен алғаш ұнатқан сусыным. Ал бүгін анам жасады. Тамақ ішіп болғаннан кейін ішіп көрсем. Ммм… басында суық содан соң жып жылы. Бір ештеңеге салыстыра алмай тұрмын. Енді бұл бір ерекше зат емес. Бірақ бастауыш біткеннен кейін қатты сағындым. Бізде алтыдан бесеу қалды. Ал осы суреттерде осы дәмдер қалған болатын.
Бүгін біз жаратылыстанудан БЖБ жаздық. Барлық тоқсан бойынша бүкіл сынып үшін ең оңайы. Барлығы 15-10 минуттарда жасап өткізді.
Мен мектептің құпиясын біліп қойдым. Мен күнде ойланып жүретінмін: олар гүлді қалай тез отырғызады деп. Бүгін дене шынықтыру сабағы болды. Біздің ағай бізді далаға шығарды. Сол жерде дайын гүлдерді бос жерге отырғызып жатқандарын көрдім. Содан соң білдім.
Бүгін мектептегі соңғы күн. Енді апайдың ойына жақсы бір ой келді. 5 сыныптағыдай сурет жасау керек еді. Бірінші апай болды. Ең үлкені қызыл түсті ортасындағы апайымыздың қолы. Ал осы жасыл түстіні мен ең бірінші қолдандым. Мен осы түсті таңдадым, өйткені барлығын жаратушы Алланың жақсы көретін түсі екен. Енді кей балаларда кетпей, әрең кетті. Ал қалғандары ақ мектеп формасындағы рубашкаларына сурет салып, жазумен айналысып жатыр. Ал барлығы осымен айналысып жатқанда кей балалар апайдың компютерінен ойын ойнады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ал достар қабыл алыңыздар біздің күнделігіміз
жарық көрді. Осы күнделік кітап түрінде шықты. Күнделік барлығымызға пайдалы болады деп ойлаймын.
жарық көрді. Осы күнделік кітап түрінде шықты. Күнделік барлығымызға пайдалы болады деп ойлаймын.
Бүгін күні бойы бақшада болдық. Досымыз Айсана қонаққа келді. Барлығымыз құлпынай, қызанақ, бұрыш және басқа да жеміс- жидек пен көкөністерді суардық. Сонымен қатар, су ақырын ағып тұрды. Соның салдарынан бақшада көп уақыт өткізуге тура келді.
#helloaqerke
#helloaqerke
Осы барлық жұмысты жасап болған соң. Біз көшіде кішкене жүріп келуді шештік. Сіңілім роликпен ал Айсана екеуміз самакатпен жүрдік. Ары-бері , түсіп-көтеріліп ойнадық. Келе жатып шие ағашын көрдік. Мен кішкене алдым да , сүртіп аузыма салдым. Өте қышқыл болды. Аузыма салғаннан кейін түрім өзгірді. Мәә дәмі соншалықты қышқыл болғанан түкіріп жібердім. Ал сіңілім мен Айсана кәдімгідей жей берді. Мен оларды түсінбедім
#helloaqerke
#helloaqerke
Анам мені ағылшыннан алғаннан кейін, айтты “ мен қазір аурухана мен кіріп келемін “ деп. Бәрібір Айсана мен мені алып кетті. Біз күттік. Бір кездері анам екі сіңілімді алып келеді. Не алып келдіңіз десем. Олар мәшинеде отырмай шығып кетті дейді. Шошып кеттім.
#helloaqerke
#helloaqerke
Қазір біз шашты бұйралауға көмектесетін орысша “кокон” деп аталатын әдіспен айналысып жатырмыз.
Бүгін мен сыныптастарыммен бірге паркке бардым.
Мен кейінірек келдім, бәрі жиналып үлгеріпті. Бізді анам апарып тастады. Барлығы қолдарына бірдеңе алып келген екен, тек Айсана екеуміз ғана құр қол келдік. Өзімді біртүрлі сезіндім: бәрі үлкен пакеттермен келсе, мен кішкентай сөмкеме тек панамам мен телефонымды салыппын.
Күніміз өте жақсы өтті. Алдымен қыздармен бірге отыратын орын іздедік. Сосын пицца, суши және түрлі тәттілер алып келгендерін көрдік. Барлығымыз отырып, тамақтанып алдық. Одан кейін ойын ойнадық. Бірақ біраздан соң ішіміз пыса бастады. Басқалар карта ойынын ойнай бастады, ал Айсана екеуміз ол ойынды мүлде білмейміз. Сондықтан тек қарап отырдық.
Шаршаған соң соңында бәрі үйлеріне тарады. Ал мен бір сыныптасыммен және оның анасымен бірге қайттым. Үйге шаршап, бірақ көңілім толып, тойып келдім.