Aqerke LIVE
5 subscribers
80 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Мен осындай өз қолымнан силық жасаудамын енді әрине іші әлі дайын емес бірақ сырты әдемі көрінеді.
Мектептен бері жүргенде ескі үйге ұқсас үй бар. Ешбір жан көрінбейді. Бірақ ит бар, машмна бар. Ал үйді осы шырмауықтар қаптады. Бірінші көргенде жаңа әлде ескі үй деп ойладыңдар ма?
Сол үйдің жанында осындай қызық мусор жәшігін көрдім.
Бүгін жаңбыр сорғалап жауды. Мен осы кезде мектепте болдым. Мектептен шығып бара жатқанша жаңбыр тоқтапты. Бірақ төменгі көшілірге су тоқтамай ағады. Сол төмергі көшілерде біздің мектеп тұр. Пешеходтан адам өте алмайтындай су сорғалап жатыр. Әрең өттік
Және осындай мыжылғанға ұқсас формада қоқыс жәшігін көрдім. Ол темірмен жабысулы тұр. Ұрламасын деп па?😹
Телефонда жаман көрініп тұр, ал осылай қарасаң өте әдемі күн батуы болды.
Менің бүгін тісім түсті. Бірақ ол тіс орнына қайта келе алады. Тістің аяқ жағы қалса, оның қайта өсу мүмкіндігі бар екен. Ал сендерле осындай болды ма?
Мен мектептен келе жатып осындай әдемі түскі көрініс көрдім.
Және бір дүкеннің алдын осылай жаман қазып тастапты. Қотыр- қотыр көрінеді. Адамдарға өту қиын.
Бүгін 6 мамыр!! Келесі күні Отан қорғаушылар күні. Сыныпта барлық ұлдарға силықтар сыйлады. Біздің сынып ұлдарына сөмке сыйлар алдында апайымыз ұлдарға “ Міне бұл сендерге дене шынықтыру киімін салуға арналған сөмке “ деп айтқандай болды. Өйткені ұлдардың көбісі дене шынықтыру сабағының киімін алуды ұмытады. Ал келесі күні барлық мкутепте демалыс осы ертең болатын 7 мамыр.
Бүгін сабақтан шыққан соң осындай әдемі күн батысын көрдім.
Бүгін әкем екеуміз менің болашақ күнделігіме жаңа идеяларды табуға кітап дүкеніне бара жатырмыз. Жолдан темір сатып жүрген қыздарды көрдік. Сол ең шетіндегі қыз өз телефонын қайда салатынын білмей, қалтаға ұқсайтын жерге салып кетіп бара жатыр. Барлық қыздың қолы темірге толы.
Сіңілім екеуміз балмұздаққа бара жатқанда. Тікұшақтың даусын естідік. Қатты шықты. Жан-жаққа қарап іздейміз, іздейміз. Солай тауып алдық. Қарасақ бір военный тікұшаққа ұқсайды екен. Бірақ ашығырақ түсте. Ол кетіп қалыпты.
Кітап дүкенінде әтүрлі кітаптар табуға болады. Бірақ бізге керегі ол күнделік. Біз ойлағандай күнделікті таптық , бірақ жеткілікті көп идея таба алмадық. Көп күнделіктің парақтарының барлығы ақ парақ. Кей-кей идеяларды алып кетеміз деп ойласақ. Мен қазақ әдебиеттен оқып, ұнатқан кітабымды көріп қалдым. Сол әкем алып берді. Сол кітаптың аты “ Тортай мінер, ақ боз ат” жақсы кітап. Тағы бір саяхат туралы кітап алдық. Қызықты көрінеді. Алдағы уақыттарда көреміз. Солай кітап дүкенінен қолымда екі кітап құшақтап шықтым.
#ҮЗДІКжаз