Aqerke LIVE
5 subscribers
81 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Мен мектептен келе жатқан соң өте әдемі көріністі көріп түсіріп алдым.
Ал осы суретте ұзын шөптер. Көп жерлерде осындай ұзын шөптер өспеген тек осы үйдің жанында көріп тұрмын. Кей шөптер кішкентай болса, осы бұтақ ұзындығымен бірдей екен.
Бізде күнделікте екі дене шынықтыру болды. Барлығы біреу болып алты сабақ болады десе, жеті сабақ екіншісінің орнына Қазақстан тарих өтетін болдық. Барлығында кітап болмайды деп ойласам. Кейбіреулері алып келіпті. Апай чатқа жазыпты, бірақ біраз бала көрмепті.
Қазақстан тарихында бір қыз телефонымен ұсталды. Барлығы осылай басталды.
Ол қыз келіп БЖБ болатынын біліпті. Сол кезде ағай кабинетте болмапты. Телефоннын алып БЖБ-ны түсіріп тұрғанда, ағай келіп артынан апай келді. Апай әр қашан телефон жинауға келеді. Тамақ ішу уақытында телефонда ақша болған адамдар телефондарын алады. Солай өткізбей ұсталып қалды.
Мен осы келе жатқан 3 айлық яғни 90 күн күнделігін жасаудамын. Ал әзірше осы барлық идея, сол күнделік беттері және тағы басқалары. Ал жақында ол күнделік шығады
Тағы әдемі күн батысының суреттері.
Бүгін жаңбыр жауды. Жаңбыр жауғанмен ол кішкентай болды. Бірақ мен самакатпен жүргендіктен. Жаңбыр суы менің бетіме тезірек жетті. Көзімді әрең ашып, бардым. Мен бассейнге бара жатқанда жаңбыр басталған еді. Қайтқанда енді бетіме жаман келіп. Өзім әрең екі аяқта тұрдым.
Басқа топтың апайы бүгін келмеді. Ағай бізге тапсырма беріп, оларда сол тапсырманы жүзіп біткенде бізде болдық. Содан соң екі жердіде жарыстырып қойды. Біз солай 24 рет жүздік. Мен басқалар мені озғанды жақсы көрмеймін. Әрең шаршап тұрып бір бала екеуміз жарысып, соңында мен ұттым. Қолдарым мен аяқтарым талып үйге бірақ жеттім.
Бүгін сонымен қатар біздің сынып жетекшіміздің туған күні. Чатты енді оқып жатырмын барлығы 00:00 де жазған тек 5 оқушы қазір жазып жатыр. Ал бізде құттықтап қояық.
Мен осындай өз қолымнан силық жасаудамын енді әрине іші әлі дайын емес бірақ сырты әдемі көрінеді.
Мектептен бері жүргенде ескі үйге ұқсас үй бар. Ешбір жан көрінбейді. Бірақ ит бар, машмна бар. Ал үйді осы шырмауықтар қаптады. Бірінші көргенде жаңа әлде ескі үй деп ойладыңдар ма?
Сол үйдің жанында осындай қызық мусор жәшігін көрдім.
Бүгін жаңбыр сорғалап жауды. Мен осы кезде мектепте болдым. Мектептен шығып бара жатқанша жаңбыр тоқтапты. Бірақ төменгі көшілірге су тоқтамай ағады. Сол төмергі көшілерде біздің мектеп тұр. Пешеходтан адам өте алмайтындай су сорғалап жатыр. Әрең өттік
Және осындай мыжылғанға ұқсас формада қоқыс жәшігін көрдім. Ол темірмен жабысулы тұр. Ұрламасын деп па?😹