Aqerke LIVE
5 subscribers
81 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Күндегідей бүгін Speaking Club-қа кірдім. Сабақ басталуына 30 минут қалғанда бізді екі топқа бөлді. Сосын ойын ойнай бастадық. Ойынның шарты бойынша ағай бір тақырып береді, сол тақырыпқа байланысты 10 сөзді кезекпен жазу керек.Бірінші тақырып — жеміс болды. Барлығы асығып жазып жатты. Сол кезде бір қыз “ананас” сөзінің ағылшынша аудармасын ұмытып қалды. Ол pineapple деп жазудың орнына ananas деп жазып қойды. Барлығы күлді. Өйткені өшіруге болмайды. Барлығы: “Ананас pineapple деп жазылады ғой!” — деп айтып жатты. Ал әлгі қыз таңданып: “Шын ба?” — деп бәріне қарап тұрды. Ағай тексеріп жатқанда, “Ananas емес, pineapple деп жазылады,” — деп түсіндірді. Бірақ қыз оған сенбеді. Достары айтып, ақыры көндірді. Қалғандары оған қарап қатты күлді. #helloaqerke