Aqerke LIVE
5 subscribers
87 photos
10 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Дүйсенбіден бастап мен осы кітапты оқуды бастаймын. Бүгін кітаптың басын оқып шықтым. Бұл — мен кеше оқып бітірген кітабым АДЖ-ның жалғасы екен. Барлығын тез оқып тастағым келіп тұр. #helloaqerke #aqerkekitap
June 16
Бүгінгі шахмат ойынында 1 сағат арасында 6 адаммен ойнадым. Бірінші адам Чехиядан болды. Ұзақ ойнадық, соңында жендім. Ал екіншісі Вьетнамнан болды. Оның деңгейі меннен жоғары болғандықтан мен ұтылдым. Үшінші Нидерландтан шыққан адаммен ойнап жендім. Өте тез мат қойдым. Төртінші Францианың адамымен ойнадым. Ол да жақсы ойнап мені ұтты. Ал қалған екі Малайзия мен Пакистандікілер өте мықты болды. 10 минут күрестік. Соңында жеңімпаз болып шықтым. #helloaqerke
June 16
Күндегідей бүгін Speaking Club-қа кірдім. Сабақ басталуына 30 минут қалғанда бізді екі топқа бөлді. Сосын ойын ойнай бастадық. Ойынның шарты бойынша ағай бір тақырып береді, сол тақырыпқа байланысты 10 сөзді кезекпен жазу керек.Бірінші тақырып — жеміс болды. Барлығы асығып жазып жатты. Сол кезде бір қыз “ананас” сөзінің ағылшынша аудармасын ұмытып қалды. Ол pineapple деп жазудың орнына ananas деп жазып қойды. Барлығы күлді. Өйткені өшіруге болмайды. Барлығы: “Ананас pineapple деп жазылады ғой!” — деп айтып жатты. Ал әлгі қыз таңданып: “Шын ба?” — деп бәріне қарап тұрды. Ағай тексеріп жатқанда, “Ananas емес, pineapple деп жазылады,” — деп түсіндірді. Бірақ қыз оған сенбеді. Достары айтып, ақыры көндірді. Қалғандары оған қарап қатты күлді. #helloaqerke
June 17
Маған Дәни-әлем чемпионы деген кітап өте қызық екен. Ол жерде Дәнидің көп хикаясы туралы айтылады. Сонымен қатар оған әкесі құс аулаудың бір жолын көрсетеді. #helloaqerke
June 18
Кеше 21:30 біз бала кезіміздегі саяхатымызды көрдік. Әкеміз саяхатты кино түрінде 30 минутқа созылатындай жасады. Біз көріп бастағанда сіңілім жүгіріп келіп отырды. Кино басталды. Анам, әкем балалардан тек мен және інім бар. Отбасыда 4 баламыз. Сіңілім жылап “ Мен қайдамын, неге мен жоқпын” деп жылай бастады. Оған мән бермей көре бердік. Бір кездері одан да қатты жылай бастайды. Киноның даусы естілмейді. Анам өзінің досымен сөйлесіп жатқан еді. Біз шыдай алмай, анамызды шақырдық. Анамыз келіп “ Сен ол кезде болмадың” дап жұбата алмады. Киноның басынан аяғына дейін сіңілім жылап отырды. #helloaqerke
June 19
Мен келесі аптадан бастап шахмат үйірмесіне баратын болдым. Бұрында 3 разрядқа түстім. Одан төмен түспесін деп барамын.
June 20
Күндегідей бүгін де шахмат ойнадым. Бірінші және екінші қарсыластарым — Үндістан мемлекетінен болды. Екеуін де жеңдім. Біріншісі екі рет “ничья” ұсынды. Мен келіспеген соң, өзі “жеңілдім” деген батырманы басып, ойынды тоқтатты. Екіншісі жақсы ойнады, бірақ соңында мен мат қойып жеңіске жеттім.
Үшінші қарсыласымнан жеңілдім. Ол — Ұлыбританиядан екен. Өте жақсы ойнады, мен ұтыла бастадым да, соңында толықтай жеңілдім. Төртінші ойыншым — Швециядан. Мен ұтып бара жатқанда сіңілім келіп, тамаққа шақырды. Сол себепті ойынды тастап кетуге тура келді, нәтижесінде жеңілдім.
Тамақ ішіп болған соң тағы бір адаммен ойнадым. Ол — мен бұрын-соңды естімеген Пуэрто-Рико деген жерден екен. Сол адамға мен “балалар маты” деп аталатын арнайы тәсіл арқылы мат қойып, жеңіске жеттім.
#helloaqerke
June 20
Бүгін мен ағылшыннан келе жатып ата-апамыздың үйіне тамақ ішуге кірдік. Мен телефонымды күн түсіп тұрған жерге қалдырдым. Тамақ ішіп болып келсем, телефоным өте ыстық. Қайнаған шәйнек тәрізді ыстық. Үйге келіп, әрең суыттық. Бірақ кішкене жақсы істемеді. Сосын қойды. #helloaqerke
June 21
Бүгін халқаралық гүл күні. Маусым айында айналамыз түрлі-түсті болып, гүлдене бастайды.
1915 жылы суретші Казимир Малевич өзінің әйгілі "Қара квадрат" туындысын жазды.
1949 жылы суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәжит Бәйтенов дүниеге келді.
#бүгінгікүнтарихта
June 21
June 21
June 23
June 24
June 24
June 30
July 13
July 13